Мұхтар Тайжан: "жер кадастрын ашық ету маңызды"

Your browser doesn’t support HTML5

Жер туралы заң жобасының қоғамдық бақылаушысы, экономист, белсенді Мұхтар Тайжан заңға былтырғы Жер комиссиясының 11 шешімі толық ескерілгенін, ендігі мәселе "жер кадастрын ашық ету маңызды" екенін айтады. Бұл заң жобасы былтыр Қазақстанның бірнеше қаласында болған жерді сатуға қарсы митингілерлен кейін қабылданды. Белсенділердің сотталуына себеп болған митингілерден соң арнайы комиссия құрылып, заңға өзгерістер енгізуге қоғам белсенділері де ат салысты. 13 сәуір, 2017 жыл.