Астанада екі әйел өздері тұратын үй орналасқан жер телімінің «мемлекет қажетіне» алынуына қарсылық білдіріп құрылыс кранына шықты.
Апалы-сіңлілі Сандуғаш Серікбаева мен Ұйым Жолдасбаева шығып алған құрылыс краны Астанадағы Назарбаев университеті мен Назарбаев интеллектуалдық мектебіне жақын маңдағы құрылыс алаңында тұр. Ал құрылыс алаңының ортасындағы жалғыз үйде екі отбасы тұрады. Үйдің жан-жағынан жаңадан салынып жатқан ғимараттардың қабырғалары бой көтеріп келеді. Құрылыс материалдары тау болып үйіліп жатыр.
МЕМЛЕКЕТТІК ТУ МЕН ПРЕЗИДЕНТТІҢ СУРЕТІ
Қарашаның 11-не қараған қараған түні екі әйел жерден ондаған метр биікке – құрылыс кранының басына шығып, Қазақстанның мемлекеттік туын іліп қойды.
Ескі үйдің жанында қалған балалар қолдарына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суретін ұстап, кран басындағы жағдайды жерден бақылап тұр. Үйдің қабырғасындағы «Президенттің атын жамылып, халықты тонап жатырсыңдар» деген сөздердің жазылғанына көп болмаған сияқты.
Сандуғаш Серікбаева 11 жылдан бері осы үйде тұрып жатқан жеңгесі екеуі отбасыларымен қыстың көзі қырауда далада қалмасы үшін осындай қадамға баруға мәжбүр болғанын айтады. Оның сөзінше, сот орындаушылары 11 қарашада оларды үйден шығаратындарын алдын ала ескертіпті.
– Олар банктегі менің есеп-шотымды анықтап, соған ақша аударып қойыпты. Енді мені үйден шығаратындарын айтты. Бірақ есеп-шотымды оларға өз еркіммен берген емеспін. Бұл іс мемлекеттің мұқтаждығынан болып отырғанына да дәлел жоқ, - деді Сандуғаш Серікбаева Азаттыққа телефон арқылы.
Олар сот шешімі бойынша «мемлекет қажетіне керек» деген себеппен сүрілгелі отырған үйлеріне берілетін өтемақы мөлшерімен келіспейтіндерін жеткізді. Сот шешімінде оларға 4 миллион 988 мың теңге (32 мың АҚШ долларына жуық) өтемақы төлеу туралы жазылған. Әйелдің айтуынша, бұл ақшаға кәмелетке жетпеген тоғыз балалы екі отбасы (Сандуғашта – төрт бала, ағасының отбасында – бес бала бар) Астанадан басқа баспана сатып ала алмайды.
ДАУЛЫ ІС
Серікбаеваның үйі тұрған жер телімін алуға қатысты сот дауы екі жылға созылған. Осы уақыт ішінде бұл іс Жоғарғы сотқа дейін жеткен. Бірақ сот істі Сандуғаш Серікбаевның пайдасына шешпеген.
«Қалалық жылжымайтын мүлік» компаниясының директоры Мирас Шәкенов (жер телімдерін мемлекет қажетіне алумен Астана әкімдігіне қарасты осы кәсіпорын айналысады) Азаттыққа берген түсініктемесінде даулы жер телімін алу туралы сот шешімі 2012 жылы қарашада күшіне енгенін айтты. Ол құрылыс салынатын жерде тұрған үйдің «сүрілетіні туралы меншік иесі Серікбаеваға» осы жылы тамыз айында хабарланғанын растады.
– Сот орындаушысы қазір сол жерде. Менің ойымша, оларға құқығын айтып береміз. Сот шешімі орындалуы тиіс, - деді Азаттық тілшісіне Мирас Шәкенов.
«Қалалық жылжымайтын мүлік» компаниясы директорының айтуынша, Серікбаеваның үйі тұрған жерде Назарбаев Университетінің ғимараттары салынбақ. Аталған оқу орнының баспасөз қызметі крандағы наразылық туралы естімегендерін, жалпы университетте көрші тұрған үйдің құлатылатындығынан бейхабар екендерін айтты.
Сандуғаш Серікбаева мен Ұйым Жолдасбаева шығып алған құрылыс краны тұрған жерге полиция мен төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері келді. Кран басындағы әйелдер үй тұрған жер телімін алу туралы шешім күшін жойғанша наразылықты тоқтатпайтындарын айтады.
МЕМЛЕКЕТТІК ТУ МЕН ПРЕЗИДЕНТТІҢ СУРЕТІ
Қарашаның 11-не қараған қараған түні екі әйел жерден ондаған метр биікке – құрылыс кранының басына шығып, Қазақстанның мемлекеттік туын іліп қойды.
Ескі үйдің жанында қалған балалар қолдарына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суретін ұстап, кран басындағы жағдайды жерден бақылап тұр. Үйдің қабырғасындағы «Президенттің атын жамылып, халықты тонап жатырсыңдар» деген сөздердің жазылғанына көп болмаған сияқты.
Сандуғаш Серікбаева 11 жылдан бері осы үйде тұрып жатқан жеңгесі екеуі отбасыларымен қыстың көзі қырауда далада қалмасы үшін осындай қадамға баруға мәжбүр болғанын айтады. Оның сөзінше, сот орындаушылары 11 қарашада оларды үйден шығаратындарын алдын ала ескертіпті.
Олар сот шешімі бойынша «мемлекет қажетіне керек» деген себеппен сүрілгелі отырған үйлеріне берілетін өтемақы мөлшерімен келіспейтіндерін жеткізді. Сот шешімінде оларға 4 миллион 988 мың теңге (32 мың АҚШ долларына жуық) өтемақы төлеу туралы жазылған. Әйелдің айтуынша, бұл ақшаға кәмелетке жетпеген тоғыз балалы екі отбасы (Сандуғашта – төрт бала, ағасының отбасында – бес бала бар) Астанадан басқа баспана сатып ала алмайды.
Your browser doesn’t support HTML5