Азия ойындарындағы Қазақстан спортшылары

Қазақстандық дзю-дошы Елдос Сметов финалда әлем чемпионы моңғолиялық Волбаатар Гамбатты таза жеңіп (иппон), Азия ойындарының чемпионы атанды. Қазақстан бұрын дзю-додан Азия ойындарында алтын алып көрмеген. Инчхон, 20 қыркүйек 2014 жыл. Суретті спорт және дене шынықтыру комитетінің баспасөз қызметі ұсынды.

Қазақстандық дзю-дошы Елдос Сметов марапаттау рәсімінде. Инчхон, 20 қыркүйек 2014 жыл. Суретті спорт және дене шынықтыру комитетінің баспасөз қызметі ұсынды.

Қазақстандық ауыр атлет Маргарита Елисеева (48 кг) Азия ойындарының чемпионы атанған сәт. Инчхон, 20 қыркүйек 2014 жыл. Суретті спорт және дене шынықтыру комитетінің баспасөз қызметі ұсынды.

Қазақстандық ауыр атлет, Лондон олимпиадасының чемпионы Зүлфия Чиншанло (53 кг) серпе көтеруде 132 килограмды көтеріп, әлем рекордын жаңартқанымен бұл нәтижесі алтынға жетпеді. Ол Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Инчхон, 21 қыркүйек 2014 жыл. Суретті спорт және дене шынықтыру комитетінің баспасөз қызметі ұсынды.

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының кеңесшісі түркиялық Энвер Түркелери Зүлфия Чиншанлоны әлем рекордын жаңартуымен құттықтап жатқан сәт. Инчхон, 21 қыркүйек 2014 жыл. Суретті спорт және дене шынықтыру комитетінің баспасөз қызметі ұсынды.

Қазақстандық дзю-дошы Максим Раков (сол жақта бірінші) 100 килограмм салмақ дәрежесінде күміс медаль иеленді. Ол финалда моңғолиялық Тувшанбаяр Найданнан (сол жақта екінші) ұтылды. Инчхон, 22 қыркүйек 2014 жыл. Суретті спорт және дене шынықтыру комитетінің баспасөз қызметі ұсынды.

2013 жылы Бразилиядағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Азамат Мұқанов (оң жақта бірінші) Азия ойындарында қола жүлде алды. Инчхон, 20 қыркүйек 2014 жыл. Суретті спорт және дене шынықтыру комитетінің баспасөз қызметі ұсынды.

Қазақстандық дзю-дошы Ленария Минғазова (оң жақта бірінші) Азия ойындарының қола жүлдесін алған сәті. Инчхон, 20 қыркүйек 2014 жыл. Суретті спорт және дене шынықтыру комитетінің баспасөз қызметі ұсынды.

Синхронды жүзуден апалі-сіңілі Александра мен Екатерина Немичтер (оң жақта) Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Инчхон, 20 қыркүйек 2014 жыл.

Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының жүлдесіне таласып жатыр. Қазақстан құрамасы Гонконг, Өзбекстан спортшыларын ұтып, Жапония командасымен тең түсті. Суретте Қазақстан қақпашысы Александра Захарованың Жапониямен ойында кезекті шабуылдан қорғанып жатқан сәті. Инчхон, 22 қыркүйек 2014 жыл.