Атырауда су жайылды
Пәтерінен су шыққан Айгүл Жанғалиева "Әбден берекеміз кетті, үйдің қабырғалары мүжіліп, құлап жатыр. Түнде құдайға сыйынып ұйықтаймыз басымызға құлай ма деп" дейді. Атырау, 1 наурыз 2016 жыл.
Төрт баласы бар Айгүл Жанғалиеваның мектепте оқитын балалары үйдегі сыз бен борсыған судың иісінен ауырып қалған. Атырау, 1 наурыз 2016 жыл.
Айгүл Жанғалиеваның үйінің қазіргі жағдайы. Атырау, 1 наурыз 2016 жыл.
Айгүл Жанғалиеваның ұлы.
Атырау тұрғыны Әділет Жолдығұлов өзінің су жайылған үйін көрсетті.
Атырау тұрғыны Назгүл Жолдығұолваның үйін де су алып кеткен. Атырау, 1 наурыз 2016 жыл.
Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті өкілі "Су сору міндетіміз болмаса да, «Атырау су арнасы» [коммуналдық мемлекеттік мекемесі] көлігі кіре алмайтын жерге барып, суды тазалап беріп отырмыз" дейді.
Үйлері былтыр мамыр айындағы нөсер кезінде де суға кеткенін айтқан тұрғын "Кейін Атырау қаласы әкімдігі пәтер жөндеуге көмектесті, үйімізді майлап, сылап, реттегендей болдық. Бірақ, міне, көктем шыға сол жағдай тағы қайталанды" дейді.
Атырау тұрғындары баспаналарын су алғаны жайлы арыз түсірген соң қаланың тұрғын үй бөлімі бір рет техника жіберіп, суды тазартқан. Үйін су алған Айгүл Жанғалиева "Бірақ су азаяр емес. Қардың суы, қоқыстың суы бәрі үйдің сыртына да жиналып тұр. Үйдегі суды резеңке етікпен кешіп жүреміз" дейді.