Ресейлік әдебиет сыншысы «Абай Мәскеудегі еркіндік символына айналды» деп жазады. Ал қазақ жазушысы «Абайдың құдыретті сөзі кейінгі қазақтардың санасына қонған емес. Қонбайды да» дейді.
Осыдан 70 жыл бұрын, яғни 1942 жылдың шілде айында Мұхтар Әуезовтің «Абай» («Абай жолы» - ред.) романы жарық көрді. «Социалистік Қазақстан» газетінің 26 шілдедегі нөмірінде ғалым Бейсенбай Кенжебаев пен ақын Қуандық Шаңғытбаевтың қазақ әдебиетіне «Абай» романының қосылғаны туралы таныстыру мақаласы жарияланған еді.
Мақала авторлары «Абай» романы – биік шың, жазушының өрге шығып, қияға қарай өрлеп келе жатқанын көрсететін шығарма, қазақ совет әдебиетінің үлкен бір табысы» деген баға берді. Бейсенбай Кенжебаев кейінгі еңбектерінде осы мақала «Абай» романы жарыққа шыққан күні жарияланғанын жазады.
Әдеби мұра жөнінде 1920 – 1930 жылдар аралығындағы айтыс-тартыстарда «қазақтың капиталдасқан феодалдарының жоқшысы» ретінде санаттан шығып қала жаздаған Абай мұрасы 30-жылдардың соңына қарай советтік қазақ әдебиетіне қосылды. Ал Мұхтар Әуезовтің тарихи романынан кейін Абайдың социалистік реализм талабына сай әдеби бейнесі қалыптасты.
#ОККУПАЙАБАЙ
Ал биыл, шілденің 25-і күні, яғни «Абай» романы алғаш жарияланғаннан кейін тура 70 жыл өткенде Мәскеу қаласында жарық көрген Абай өлеңдерінің жинағы Алматы дүкендеріне түсті.
Осыған дейін Азаттық тілшісімен сөйлескен ресейлік «Альпина нон фикшн» баспасының жетекшісі Павел Подкосов 3 мың данамен шыққан Абай өлеңдерінің кітабы шілденің соңына қарай Қазақстандағы «Меломан» дүкендеріне жететінін айтқан болатын.
Маусым айында бұл баспа Ресей президенті Владимир Путинге қарсы «ОккупайАбай» шарасы кезінде танымал болған Абай шығармаларын орыс тілінде, 330 данамен шығарған еді. Баспа директоры Павел Подкосовтың сөзінше, алғашқы тираж бірінші күні-ақ сатылып кеткен. Подкосов кітап шығару идеясы алғаш «ОккупайАбай» жиынында пайда болғанын айтқан болатын.
Ал шілденің 27-сінде «Меломан» дүкеніне барған Азаттық тілшісіне Алина есімді сатушы-кеңесші сөреде тұрған Абай өлеңдерінің орыс тіліндегі таңдамалыларын көрсетіп, шілденің 25-інен бері сатылып жатқанын жеткізді.
- Сатып алушылар Мәскеуде Абай ескерткішінің түбінде жиын болғанынан және бастапқыда біздің Абайды «түсініксіз қазақ» деп атағанынан хабардар екен. Бұл кітаптың өзі де сол оқиғадан кейін шығарылып отыр, - деді кеңесші. Оның сөзіне қарағанда «Меломанның» Алматыдағы бір дүкеніне 100 данасы түскен, басқа дүкендерде де сатылып жатыр. Бағасы – 1450 теңге.
Мәскеудегі оппозициялық шерулерді ұйымдастырушылардың бірі Борис Акунин «Азаматтық белсенділік деген қандай жақсы еді! «Чистые прудыда» «отырамын» деп Абайды оқыдым. Ғажап ақын» деп жазады кітап соңындағы пікірлерде.
Ресейлік ақын, әдебиет сыншысы Лев Рубинштейн болса: «Бір ғажайып арқасында Мәскеудің құрметті адамы, әрі еркіндік символына айналған дала данышпаны Абай ендігі жерде еркіндік сүйгіш Мәскеу жұртымен бірге өз қаласын аралап, солармен бірге өзінің бостандық, еркіндік құқығын талап ететін болды» деп жазады.
«Бәлкім Абай Құнанбаевты оқығандар аз да болар, бірақ 2012 жылдың мамыр айында Абай жайында жұрттың бәрі естіді. «Чистые прудыдағы» ескерткіш Абай тынысын тағы бір ашты деуге болады. Ал бұл ескерткіштің өзі Абай өлеңдері арқылы ашылып еді ғой» деп пікір білдіреді ресейлік музыка сыншысы, өзі де қарсылық шерулеріне қатысқан Артемий Троицкий.
«АЗАТТЫҚ ИДЕЯСЫ АДАМЗАТҚА ОРТАҚ»
Азаттық тілшісі екі кітап тудырған Абай образы туралы бірқатар зерттеушілермен және жазушылармен тілдескен еді.
- Азаттық, әділеттік идеясы бүкіл адамзатқа ортақ. Бұл тұрғыдан келгенде осы идеяны көтерген тұлғалардың барлығы да ортақ. «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» дейтін сөзді айтқан да – сол Абай, - деді Тұрсын Жұртбай.
Зерттеуші «Абай» романын жариялаған Қазақстан мемлекеттік біріккен баспасының бас редакторы Бейсенбай Кенжебаев көп ұзамай-ақ қызметінен босатылғанын айтады.
- 1943 жылдан кейін жергілікті кадрларды қайтадан жасақтау, ұлттық негізіне қарау және тым еркінсіп кеткендерін тізгіндеу үшін компартияның жасырын қаулысы қабылданды. Өйткені «Сталиннің әйгілі сөзінен кейін орыс идеясы шықты, өзге халықтардың барлығы батырларын тірілтіп алды, енді соғыстан кейін бой бермей кетеді» деген күдік туған еді... Советтік идеологтар «мұндай сұмдықты оятып отырған «Абай» романы сияқты буржуазиялық кітаптар» деген қорытынды жасады. Бейсенбай Кенжебаевтың жұмысынан алынуына сол себеп болды, - деді Тұрсын Жұртбай.
Зерттеушінің пікіріне қарағанда «Мұхтар Әуезов Абайды ұлы ақын деңгейіндегі кейіпкер жасағысы келген мақсатына жетті».
- Әуезовтің өзі «менің «Абай» романым және «Абай жолы» дербес 3-4-кітабым» оны бөлек атайды барлық сұқбаттарында. Оның «Абай жолы» роман эпопеясы деп басы қосылғаны кейіннен, - деді зерттеуші Тұрсын Жұртбай Азаттық радиосына.
«КЕЗДЕЙСОҚТЫҚ ЖОҚ»
Ақын, әдебиет зерттеушісі Темірхан Медетбек «Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындаймыз» деген Міржақып Дулатұлының сөзін еске алады.
- Ресейдегі жиындарды көріп отырмыз. Шеру Мәскеудің басқа жерлерінде де болды. Билік бәрінен қуғанда шерушілердің айналып Абай ескерткішіне келуі Құдайдың құдыреті болар, әйтеуір кездейсоқтық емес. Оның үстіне бұл шеруді ұйымдастырғандар – ақын-жазушылар.
Қазақстанның оппозициясы да Алматыдағы Абай ескерткішіне барды. Бірақ халық көп жиналмады. Осы жиындарға өзім де бірнеше рет қатыстым. Әр заманда Абай басқаша танылады. Басқаша қырынан келеді. Саған басқаша жауап береді. Кешегі көмескілеу сөзі бүгін жарқырап көрінеді. Сондықтан Абайды танып болу мүмкін емес. Ұлылардың бәрі танылып бітсе, қажет болмай қалады.
Таптық көзқарас тұрғысынан Абай мұрасын жоққа шығаруға қаншама әрекет жасалғанын білеміз. Абайды біздің рухани құндылығымызға айналдырғысы келмегендер де болған. Ал «Абай» романы Әуезов бойындағы рухани қуат, рухани тегеуріннің арқасында келді. Бұл - реформа ғана емес, революция. Әуезов - рухани төңкеріс жасаған адам, - деді Темірхан Медетбек.
Темірхан Медетбек «Қазақтың қасіреті – Абайдың қасіреті» екенін айтады.
- Абай шығармаларын зерделеген біреу: «Абайда бостандық, азаттық деген сөз жоқ» деп еді. Бірақ Абай заманы халық басын көтеріп, азаттық, бостандық деп шыға келетіндей кез емес еді. Қазақ қараңғылықтың түнегінде отырып қалған болатын. Абай осы қараңғылықпен күресті. Қараңғылықпен күресу - жарақты жаумен күресуден әлдеқайда қиын. Біз осы қараңғылықтан әлі күнге шығып болған жоқпыз, азаттығымыздың қадірін әлі білмей келеміз, - деді ол.
«АБАЙ ЕКІЖҮЗДІЛІККЕ ҚАРСЫ»
Жазушы Софы Сматаев «Әуезов Абаймен иықтасып отырып, деңгейлесіп отырып Абайды тұғырына қондырды. Бірақ Абайдың деңгейі, Абайдың құдыреттілігі мына кейінгі қазақтардың санасына қонған емес. Қонбайды да» деп санайды.
- Өйткені олар өз топырағынан айырылып қалған. Өзін қазақпын деп айтуға арланатындар мен қорланатындар Қазақстанды билеп отыр. Олар ұлттық рухқа ешқашан жүгінбейді. Олардың ойы қайтсе де Путинге жағынып, Қазақстанды Ресейге қосып, ұрлықы байлығын сақтап қалу. Сондықтан оларға Абай кім, басқа кім? – деді жазушы.
«Абай екіжүзділікке қарсы» деп санайтын Софы Сматаев:
- Менің жазушы әріптестерімнің бірі кейде Назарбаевтың сенімді өкілі болады, кейде халықшыл болып жүреді. Билігіміз де екі жүзді. Жұрт көзінше ашқан зауыттары ертеңіне жабылып жатыр. Мұнайшылардың талабы орынды деп алып, артынан талайын соттатып жіберді. Абайдың кезінде ұйықтап жатқан халық әлі сол күйі жатыр. Өз халқын өзі атқан билікке бүкіл ұлт қарсы шығуы керек еді. Олай болмады. «Мыңқ» етті де көрпесін жауып алды. Абайды оқымаған, бетін ашпаған адамдарға Абай түк те бермейді, - деді.
«ПРЕЗИДЕНТТЕ ТҰРҒАН ЕШТЕҢЕ ЖОҚ»
«Абай» романының шығу тарихын баяндап берген Семейдегі «Абайдың әдеби-мемориалдық мұражай үйінің» бұрынғы директоры Төкен Ибрагимов Абайды Әуезовтен артық ұққан ешкім жоқ деп санайды. Ал Абайдың өзіне дейінгі қалыптасқан көзқарасты, ойды қайта жасағанын айтады.
- Абай шығармаларын Мәскеуде жариялап жатса, онысына рақмет. Абай бүгінгі жемқорлықты көрсе күйінер еді. Абайдың кезіндегі болыстардың шаруасын істеп шапқылап жүргендер жетеді қазір. Мұны апарып сендер президентке тигізесіңдер. Президентте тұрған ештеңе жоқ. Бәрін бақылап отырған ешкім жоқ, - деді абайтанушы Төкен Ибрагимов.

Абай ендігі жерде еркіндік сүйгіш Мәскеу жұртымен бірге... бостандық, еркіндік құқығын талап ететін болды.

Абай бүгінгі жемқорлықты көрсе күйінер еді. Абай кезіндегі болыстардың шаруасын істеп шапқылап жүргендер жетеді қазір.