Нарымбаев пен Мәмбетәлин неге қамалды?

AzattyqLIVE хабарына қатысып отырған режиссер Еркін Рақышев (сол жақта) пен саясаткер Әміржан Қосанов (оң жақта) және жүргізуші Қасым Аманжолұлы (ортада). Алматы, 14 қазан 2015 жыл.

AzattyqLIVE хабарында азаматтық белсенділер Ермек Нарымбаев пен Серікжан Мәмбетәлиннің қамалуы сөз болды. Хабарға Еркін Рақышев пен Әміржан Қосанов қатысты.

Қазанның 12-сі күні қоғамдық белсенділер Ермек Нарымбаев пен Серікжан Мәмбетәлинді полиция ұстап әкетіп, үйлерін тінтті.

Алматы қалалық ішкі істер департаменті ол азаматтарға байланысты қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-тармағы - «әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, қауымдық немесе діни алауыздықты қоздыру» айыбы бойынша тергеу алды тексеру жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Нарымбаев пен Мәмбетәлин ісінде «аты жоқ адам» да айтылды

Ермек Нарымбаев пен Серікжан Мәмбетәлинді полицияның ұстауына байланысты Азаттықтың тікелей эфирінде өткен хабарына саясаткер Әміржан Қосанов пен «Ұлттық кеңес» мүшесі, «​Ермек Нарымбаев сияқтыларды»​ жауапкершілікке тарту жөнінде мәлімдеме жариялаған режиссер Еркін Рақышев қатысты.

Журналист Қасым Аманжолұлы жүргізген хабардың екі бөлімін төмендегі видеолардан көре аласыз.

1-бөлім

Your browser doesn’t support HTML5

Нарымбаев пен Мәмбетәлин неге қамалды?

2-бөлім

Your browser doesn’t support HTML5

Нарымбаев пен Мәмбетәлин неге қамалды? (2-бөлім)