AzattyqLIVE: Зейнетақы қайда кетеді?

AzattyqLIVE хабарында - «Қаржы тұтынушылар одағы» үкіметтік емес ұйымы төрағасы Айдар Әлібаев (оң жақта) және журналист Айнұр Әлімова. Алматы, 28 қазан 2015 жыл.

AzattyqLIVE хабарында үкімет бюджет шығыны және өзге мақсаттар үшін жұмсамақ болып жатқан мемлекеттік зейнетақы қорындағы қаржы мәселесі талқыланды.

Өткен аптада ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов халықтың зейнетақы қорындағы қаржыларының біразы ел бюджеті қажетіне жұмсалады деп мәлімдеді. Оның сөзінше, 2016 жылы біртұтас жинақтаушы зейнетақы жинақ қорынан 3,6 миллиардтай доллар әртүрлі жобаларды қаржыландыруға да бөлінеді.

"Қаржы тұтынушылар одағы" үкіметтік емес ұйымы төрағасы Айдар Әлібаев.

Биліктің бұл шешімінің қандай астары бар? Қазақстандықтар қандай зейнетақыдан үміттене алады?

Осы және басқа сауалдарға «Қаржы тұтынушылар одағы» үкіметтік емес ұйымы төрағасы Айдар Әлібаев AzattyqLIVE хабарында жауап берді.

Орыс тілінде өткен хабардың видеосын мына жерден көруге болады.