Мамандардың айтуынша, тосқауылға ұшыраған сайтты ашудың кеңінен қолданылатын бірнеше тәсілі бар.
АШЫҚ ПРОКСИ-СЕРВЕРЛЕР
Бірінші тәсіл – ашық прокси-серверлер. Прокси-сервер дегеніміз - қолданушы мен жабылған сайт арасын дәнекерлеуші ретінде қызмет көрсететін сервер.
Егер қарапайым тілмен айтсақ, былай болады: айталық, сіз қандай да бір жерге баруға тиіссіз, бірақ аяқ астынан жолды полиция бекітіп тастады. «Дәстүрлі» жолмен бара алмай қалдыңыз. Бірақ ол жерге баруға міндеттісіз. Сондықтан ұзағырақ болса да межелі орынға апаратын басқа жолмен баруға тура келеді. Бұл мысалда айтылған «ұзақ жол» - прокси сервер, ал "межелі орын" - тосқауылға ұшыраған сайт.
Протоколдардың түрлеріне қарай прокси-серверлер HTTP (веб-ресурстарды ашуға арналған) және Socks (кез-келген қосымшаларды аша береді) болып екіге бөлінеді. Ал бізге керегі көбіне, HTTP.
Сондықтан прокси-сервер қызметін пайдалану үшін қолданушы интернеттен ең әуелі «прокси http» деп іздеуі керек. Ашық прокси-серверлердің тізімі әртүрлі
ресурстарда, (мысалы Spys.ru) жарияланады. Сізге керек прокси-сервер туралы мәлімет мынадай ретте жазылуы мүмкін: 90.150.144.46:8080. Мұндағы қос нүктеге дейін сандар - IP адрес, ал 8080 — порт нөмірі.
Осы мәліметтерді өзіңіз қолданатын браузердің тетіктеріне (настройка) орналастырасыз. Осылайша компьютеріңіздің IP адресі өзгеріп шыға келді.
Сондықтан сіз Қазақстанда отырсаңыз да, ресурстарға айталық, австралиялық адреспен кіресіз. Егер сіз кірмекші болған сайтқа ол елде тосқауыл жасалмаған болса, онда еркін кіре аласыз.
Ашық прокси-серверлер - құлыпталған сайтты ашудың ең «консервативті» тәсілі. Оның кемшіліктері көп.
Ашық прокси-серверлердің иелеріне еш пайда түспегендіктен оларды көбіне еріктілер құрастырады. Оларға хакерлер мен спамерлер де үйір болады. Сондықтан олардың сапасына ешкім кепілдік бере алмайды. Көптеген ресурстар оларға тосқауыл қойып тастаған. Мысалы, прокси-сервер арқылы кіріп, Wikipedia мақалаларын өңдей алмайсыз. Сол сияқты көптеген кеңселерде де кедергі қойылған.
АНОНИМАЙЗЕРЛЕР
Тосқауыл қойылған ресурсты анонимайзерлер арқылы да ашуға болады.
Анонимайзерлердің прокси-серверлерден айырмашылығы – мұнда компьютердің тетіктерін өзгертпей-ақ, жай ғана дайын анонимайзер сайтына кіріп, өзіңіз ашқыңыз келген сайттың адресін қоясыз. Анонимайзер сайт сізге ашып береді.
Анонимайзерлердің артықшылығы – оған корпоративті орталарда тыйым салынбаған. Мұндай сайт иелері жарнама арқылы ақша тапқандықтан, сонымен
бірге кейде ақылы түрде қызмет көрсеткендіктен, қызметі де сапалырақ, тұрақтылау.
Анонимайзерлердің кемшіліктері де бар. Олар ашуы тиіс ресурстың кодын өзгерткендіктен оқығыңыз келген сайт дұрыс шықпауы мүмкін. Сайттың коды күрделі болған сайын сапасы да нашарлай түседі. Тағы бір кемшілік – мұндай сайттарда жарнама көп болады. Жыпылықтаған жарнама қолданушының мазасын алуы ықтимал.
Мамандар салыстырмалы түрде сапалы анонимайзерлер қатарына unboo.ru, Spolls.com сияқты сайттарды қосады. Бірақ алғашқысы Livejournal, Twitter, Facebook, т.б ресурстарды ашқанмен аудио-видеоларды ойната алмайды. Онда сонымен бірге анонимайзерлердің тізімі жарияланған. Ал соңғысында мультимедиялар еш кедергісіз ашылады екен.
Мамандар соңғы кезде жалған анонимайзерлер қатары көбейгендіктен оларды іздестіру кезінде өте сақ болу қажеттігін айтады. «Фейк» анонимайзерлердің «қақпанына түспес» үшін рейтингісі жоғарысын таңдау қажет немесе таныстардан сұрап барып кірген абзал деп кеңес береді.
OPERA TURBO
Кедергіге ұшыраған сайтты ашуға Опера браузері мүмкіндік береді. Оның соңғы нұсқасында Opera Turbo функциясы бар. Оны қосқан кезде браузердің Opera sowtware прокси-сервері автоматты түрде іске қосылып, қажетті сайтты аша бастайды. Бұл қызметті қолдану өте оңай. Opera Turbo-ны қолдану үшін компьютеріңізге Opera браузерін жүктеп алу керек.
Бірақ бұл тәсілдің де кемшіліктері бар. Opera серверіне салмақ жиі түсетіндіктен қажетті парақша бірден ашыла қоймайды. Алайда анонимайзерлерге қарағанда Opera парақша бетінің кодын өзгертпегендіктен, сайттар дұрыс ашылады. Opera Turbo арқылы Twitter, Facebook, Livejournal, YouTube, т.б ресурстар ашыла береді.
«ТУННЕЛЬДЕР»
«Туннелдер» - құрсауланған сайттарды ашудың ең қуатты тәсілдерінің бірі.
Оның жұмыс істеу принципі мынадай: қолданушы компьютеріне «туннель»- сервистердің бірінің арнайы бағдарламасын орнатады. Ол бағдарлама виртуалды
прокси-сервер "түзіп шығады". Сәйкесінше, браузер тетіктері де өзгертіледі.
«Туннель»-бағдарлама қандай да бір сайтты ашу туралы тапсырма алысымен «өз серверлерінің біріне» кәдімгі веб-трафикті ашу сияқты сұрау салады. Ал ол қолданушыға керек ресурсты ашып береді. Осылайша қолданушыға бөгет болған «қабырға» астынан «туннель» жасалады.
Прокси-серверлерден айырмашылығы - «туннель» иелері әдетте қызметі үшін ақша алғандықтан жұмыстары да тұрақтылау. Олар анонимайзерлер сияқты сайттардың кодын да өзгертпей, сайт дұрыс қалпында көрінеді. Тағы бір айырмашылығы, «туннелдер» тек веб-браузерлемен ғана емес, өзге де интернет қосымшалармен жұмыс істей береді (мысалы, ISQ, онлайн ойындар, т.б.)
Бір кемшілігі - оның қызметі ақылы. Тегін қолдануға да мүмкіндік бар болғанмен режимі өте шектеулі. Мысалы, Your-freedom.net-ті тегін режимде қолдансаңыз, секундына 64 Кбит жылдамдықтағы интернетке қосыласыз. Және әрбір қолданушыға аптасына 9 сағат қана уақыт беріледі. Егер айына 4 еуро төлесеңіз, секундына 256 Кбит интернет қосып береді. Оның құны артқан сайын сапасы да жақсара түседі.
Егер сіз алда-жалда Азаттық сайтын аша алмай қалсаңыз, осы амалдардың біріне жүгініңіз немесе azatkaz.info деген қосалқы адресімізді теріңіз.
(Мақала Libertykz.org, Cnews.ru материалдары бойынша дайындалды)