Атырау қаласында жаңадан салынып жатқан көпірдің бір бөлігі құлап, қайғылы жағдай болды. Мечников пен Баймұханов көшелерін байланыстыратын көпір жұма күні кешке құрылыс-монтаж жұмыстары барысында Жайық өзеніне құлады деп хабарлайды Азаттық тілшісі.
Жұма күні кешке Атырау қаласында жаңадан салынып жатқан көпірдің бір бөлігі Жайық өзеніне құлаған. Соңғы мәліметтерге сәйкес, 4 адам қаза тауып, біреуі ауруханаға түскен және тағы басқа 4 кісі табылмай жатыр.
Оқиға болған сәтте көпір үстінде жұмыс істеп жатқандардан екі адам құтқарылып, үшіншісі ауруханаға жеткізілген.
Интерфакс-Қазақстан агенттігінің хабарлауынша, Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев көпір апатының себептерін тергейтін комиссия құруды бұйырған. Сенбі күні Атырауда брифинг өткізген Рысқалиев билік орындары құрбан болғандардың отбасыларына қаржылай көмек беріледі деп мәлімдеді.
Алдын-ала болжамдарға сәйкес, көпір апаты техникалық себептерге байланысты болған.