Мәжіліс әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады. Кейбір депутаттардың айтуынша, кодексте «қылмысына қарай жазасы» принципі сақталмаған.
Әділет министрі Берік Имашевтің мәлімдеуінше, 900 баптан тұратын кодекс жобасы заңдарды ізгілендіру мен соттардың жүктемесін азайту арқылы әкімшілік заңдарды реформалауға арналған. Ақпанның 19-ы күні парламент мәжілісі депутаттары жобаны алғашқы оқылымда қабылдады.
ЖОБА ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Жобаға енгізілген өзгерістердің біріне сәйкес, жазаны жеңілдетуге негіз болатын жайттар анықталса, судья айыппұл мөлшерін 30 пайызға азайта алады.
Бұдан бөлек, әкімшілік істерді қысқартылған және жалпы тәртіп бойынша қарау процедурасын енгізу қарастырылған. Яғни, кінәсін мойындап, айыппұл төлеуге әзірлігін және ешқандай шағым-талабы жоғын мәлімдеген адамға айыппұл төлейтін түбіртек әкімшілік заң бұзушылық туралы хаттамамен бірге беріледі. Қалған жағдайлар жалпы тәртіппен қаралады.
Кодексте шетел азаматтарын жауапқа тартуға қатысты да өзгеріс бар. Жаңа жобада әкімшілік заңды бұзған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларды елден шығару туралы айтылған.
«ЖАЗА ЛАЙЫҚТЫ ЕМЕС»
Кезінде әділет министрі болған депутат Зағипа Балиева әкімшілік заң бұзушылық туралы кодекс жобасында қарастырылған кейбір айыппұл мөлшері «жазаға сай емес» деп наразылық білдірді. Депутат «жоба авторлары жаңа кодексті адам өмірі мен құқығы бәрінен жоғары деп көрсетілген конституцияға сүйене отырып құрастыруы тиіс еді» деп мәлімдеді. Оның айтуынша, жоба авторлары адам өмірін «ағаш егуден де арзанға бағалаған».
- Мысалы, 401-бапта «су айдынындағы қауіпсіздік ережелерінің орындалуына жауапты тұлғаның оларды бұзуы немесе орындамауы салдарынан адам денсаулығына зардап немесе елеулі зиян келсе, жеке тұлғаға 7 айлық есептік көрсеткіш(АЕК) көлемінде айыппұл салынады» деп жазылған. Ал 490-бапта қала мен елдімекен территориясын абаттандыру ережелерін бұзғаны, инфрақұрылым нысандарын салуға рұқсат бергені және жасыл желекті отағаны үшін жеке тұлғаға 20 АЕК (айлық есептік көрсеткіш – ред.) көлемінде айыппұл салу қарастырылған. Бұл жерде «қылмысына қарай жазасы» деген принцип қайда? - дейді депутат Балиева.
Ал депутат Азат Перуашев кодекс жобасынан өзге де даулы баптарды тапты. Ол кейбір әкімшілік құқық бұзушылықтарды қылмыстық заң бұзушылыққа ауыстыру дұрыс емес деп есептейді. Одан бөлек, ол «ауыр қылмыс жасалған жағдайда қылмыстық қудалау органы кез келген тұлғаны оның қылмысқа қатысы барын дәлелдейтін ешбір айғақсыз тұтқындауға құқы бар» деген нормамен келіспейді. Оның айтуынша, қудалау органы күдікті тарапынан қашып кету, тергеу жұмыстарына кедергі келтіру немесе қылмыстық әрекетін жалғастыра беру қаупі болса ғана белгілі бір бұлтартпау шарасын қолдана алады.
Бірақ бұл сын-ескертпелерге қарамастан, депутаттар «аталған кемшіліктер екінші оқылымда ескерілсін» деген уәжбен кодекс жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады,
ЗАҢСЫЗ ПИКЕТ ҮШІН АЙЫППҰЛ
Парламент мәжілісі талқылаған жаңа әкімшілік кодексті азаматтық белсенділер интернетте де талқылады. Азаматтық белсенді Ұлан Шәмшет жаңа құжаттың «минустары» (кемшіліктері – ред.) туралы мақала жазды.
Шәмшет «жаңа кодекс жобасын құрастырушылар рұқсат етілмеген наразылық акциялары үшін жазаны күшейтуді, яғни айыппұл көлемін ұлғайтуды ұсынады» деп жазады.
- Мұндай заң бұзушылық үшін 398-баптың бірінші бөліміне сәйкес, «100 АЕК дейін айыппұл немесе түзету жұмыстарына жіберу немесе 120 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту немесе екі ай мерзімге дейін қамауға алу» жазасы қарастырылған. Ал екінші бөлімі бойынша айыппұл мөлшері 300 АЕК дейін ұлғайтылып, қоғамдық жұмысқа тарту мерзімі 240 сағатқа дейін, ал қамауға алу мерзімі төрт айға дейін ұзартылады, - дейді Ұлан Шәмшет.
Ол «бұл өзгерістерді соңғы екі жылда Қазақстанда наразылық акциялары жиілеп кетуіне байланысты енгізіп отыр» деп санайды.
Әділет министрі Берік Имашев бұл өзгеріске қатысты ешқандай комментарий берген жоқ, бірақ Азаттық тілшісіне «бұл бөлім бойынша ескі кодекспен сабақтастық сақталған» деді.