Үйінен шығарылуы тиіс алматылық тұрғын БҰҰ-дан көмек сұрамақ. Тәуелсіз құқық қорғаушылар судьялардың қарама-қайшы шешімдерінің күшін жоюға шақырады.
Алматы қаласының 59 жастағы тұрғыны Зейіш Қоржынбаев «әділетсіз судьялардың құрбаны болдым» дейді. Оның әйелі, бес баланың анасы Светлана Тұрғанбаева екі жыл бұрын өзін өзі өртеп қаза болған. Ерінің айтуынша, соттың әділетсіздігіне күйініп осындай қадамға барған әйелі көз жұмарда судьялар мен сот үкімін орындаушыларды қарғап кеткен. Осы үйді сатып алғаннан кейін қиындыққа душар болған Зейіш Қоржынбаевтың отбасын үйінен бүгін-ертең шығармақ.
САТУШЫ, НОТАРИУС ЖӘНЕ СУДЬЯ
Қоржынбаевтар отбасы студент балаларының оқуының қарызын төлеп, қалған ақшасына жаңа баспана алу үшін 2010 жылы Достық шағын ауданындағы үлкен үйін сатқан. Риелтор арқылы сатып алған үйдің меншік иесі – үйді сатқан жесір әйел емес, оның марқұм күйеуі болып шыққан.
Сату-сатып алу актісін ресімдеген нотариус Рыскүл Қыңырбекова үйді сатушы әйел марқұмның заңды әйелі емес, азаматтық әйелі болғанына қарамастан, «үйдің заңды меншік иесі осы әйел» деп сатып алушыларды сендірген. Бірақ үй сатылған күннің ертеңінде Алатау аудандық сотының судьясы Өмірзақ Серімов әлгі әйелді сатылып кеткен үйдің меншік иесі құқығынан айыру туралы қаулы шығарып, мұрагерлік құқығын марқұм болған үй иесінің ағасына бекіткен.
Сот органдарына шағымданғанымен, еш нәтиже шығара алмаған Зейіш Қоржынбаевтың отбасы үйді сатып алуға төлеген ақшасынан да, сатып алған үйге құқық меншігінен де айырылып қалды. Кейін жағдай мүлде ушыққан. Сатып
алынған үй Зейіш Қоржынбаевтың әйелі Светлана Тұрғанбаеваның атына жазылған болатын. Ал оның қайғылы қазасы баспана үшін күресті тіпті қиындатып, марқұмның артында қалған бала-шағасы баспана құқығын қайта дәлелдеуге мәжбүр. Өйткені судья Өмірзақ Серімов бұдан бұрын Светлана Тұрғанбаеваны меншік құқығынан айыру туралы шешім шығарған еді.
Зейіш Қоржынбаев «нотариус, судья және үйді сатқан әйел алдын ала сөз байласып әрекет еткен» десе де, мұны дәлелдей алмай жүр. Бірақ оның әйелінің қазасынан кейін нотариус Рыскүл Қыңырбаева «қайтыс болған меншік иелерінің жылжымайтын мүлкін сату-сатып алу мәмілелерін ресімдеу кезінде алаяқтық жасады» деген айыппен 8 жылға сотталған. Ал судья Өмірзақ Серімов «кәсіби жарамсыз» деп танылып, «қызметіне лайық емес» деген уәжбен отставкаға жіберілген.
Бірақ Зейіш Қоржынбаев отбасының баспана проблемасын жауаптылардың жазалануы да шешкен жоқ. Қоржынбаевтар отбасының баспана дауы бойынша шығарылған шешімді қайта қараған Алматы қаласы Алатау ауданы судьясы Қайрат Бековтің төрелігі де алданған жандардың пайдасына шешілмеді. Жанжалға себеп болған үйдің меншік құқығы марқұм болған меншік иесінің ағасында қалды. Ал судья «пара алды» деген күдікпен наурыз айында Алматы мейрамханаларының бірінде ұсталды.
«КӘСІБИ ЖАРАМСЫЗ СУДЬЯЛАР ШЕШІМІНІҢ КҮШІН ЖОЮ КЕРЕК»
Ақпарат құралдары мен қоғам Қоржынбаевтар отбасы тап болған жағдайға байланысты қызметінен қуылған судьялардың даулы шешімдерінің тағдыры мен азаматтардың жалғыз баспана құқығын қорғау проблемасына назар аударды.
Қазір бұл істің барысын әділетсіз сот шешімдері кесірінен пайда болған құқықтық
жанжалдарды зерттеумен айналысатын «Қазақстан кәсіби жастар қоғамы» ұйымы бақылап отыр.
Жуырда Алматыда өткізген баспасөз жиынында «Қазақстан кәсіби жастар қоғамы» заңгерлері сот төрелігі жүйесінде қалыптасқан жағдайды жақсарту үшін жоғарғы сот төрағасын, бас прокурорды, ішкі істер министрі және Қазақстан президенті жанындағы жоғарғы сот кеңесінің төрағасын қызметінен босату керек деп мәлімдеді. Олар Қазақстанда бұл қызмет иелерінің сайланбай, тағайындалатынына назар аударады.
Тәуелсіз құқық қорғаушылар тәуелсіз ҮЕҰ өкілдерінен сот шешімдерін қадағалайтын халықтық бақылау органын құруды, кәсіби жарамсыз деп танылған судьялардың шешімдерінің күшін жоюды ұсынады. Олар жұрттың жалғыз баспанасын тартып алуға жол бермеу науқанын да ұйымдастырады.
«Қазақстан соттарына жүгініп, әділ төрелік таппадым, енді БҰҰ-ның адам құқықтары комитетіне шағымданамын» дейді Зейіш Қоржынбаев Азаттық тілшісіне.