Осыған орай демократиялық қауымдастық баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, арнайы митинг өткізуді және халықаралық баспасөзді қорғау ұйымдарының назарын аудартуды көздеп отыр.
ҚОЛДАУ АКЦИЯСЫН «ЖУРНАЛИСТЕР ҚАУІП-ҚАТЕРДЕ» БАСТАЙДЫ
Кәсіби қызмет үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылған Рамазан Есіргеповты жақтаушылар наразылық шараларын жан-жақты өткізуді көздеп отыр.
- Ертең сағат 11- де баспасөз мәслихатын өткіземіз. Қазір біз соттың шешімінен есеңгіреп тұрмыз, ашулымыз. Себебі, біздің пікірімізше, Рамазан Есіргепов бұл жерде өзінің кәсіби қызметін атқара отырып, басылымда қоғамға маңызды ақпаратты жариялады,-дейді «Журналистер қауіп қатерде» қоғамдық ұйымының жетекшісі Розлана Таукина Азаттыққа берген сұхбатында.
Сондай-ақ, ол Тараз сотының шешіміне қарсы наразылық акциясын ұйымдастыруды да көздеп отырғандықтарын жеткізді. Алайда ол қашан және кімнің ұйымдастыруымен өтетіндігі жайында хабарланбады.
Жақтастары Рамазан Есіргеповтың жағдайы жайында түрлі халықаралық ұйымдарға айтуды да жоспарлап отыр.
Өз кезегінде журналистердің бұл әрекетін журналист әрі президенттік «Нұр Отан» партиясының мүшесі Уәлихан Қалижан қолдамайтындығын айтып отыр.
- Жеке өз басым азамат ретінде ҰҚК нің құпия құжаттарын жариялаған адам жазалануы керек деген ойдамын. Дегенмен, журналистің бұл әрекеті үшін үлкен айыппұл салып, босатып жібергені де дұрыс болар еді. Қалай болғанда да, ақ-қарасы анықталып, туыстары апелляция беретін шығар деп ойлаймын, – дейді Уәлихан Қалижан.
Есіргеповке қатысты істің басы-қасында жүрген «Азат» партиясы да сот шешіміне өздерінің наразы екендіктерін білдіруде. Бірақ олар нақты бір шара өткізуге асықпайды.
- Біз бұл істі жақсы білеміз, соттың шешімімен де таныспыз. Айта кету керек, бұл – «қарапайым» іс емес. Сондықтан біз нақты бір шараларды қолға аламыз деп дәл қазір айта алмаймын. Өйткені, одан Рамазанға келер пайда жоқ, – дейді «Азат» партиясы төрағасының орынбасары Петр Своик.
ҰҚК: ІСТІҢ НҮКТЕСІН СОТ ҚОЙДЫ
Бұдан бұрын Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл істің саяси астары жоқ деп процесті саясаттандырмауды өтінген. Алайда журналист Розлана Таукинанын айтуынша, бұл істе Ұлттық қауіпсіздік комитеті шешуші роль атқарған.
- Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұл істің тергелуіне, соттың шешіміне әсері көп болды. Сонымен қатар Ұлттық қауіпсіздік комитеті зардап шеккен жақта болды, сосын тергеу жұмысына араласты, соңынан шешім шығарғанда «өз үлесін» қосты. Бұл өте қауіпті құбылыс, менің пікірімше, бұл Рамазан Есіргеповке ғана көрсеткен қыр емес, бұл күллі Қазақстан журналистикасына көрсеткен қыр. Бұл өте алаңдатарлық оқиға, - дейді Розлана Таукина.
Өз кезегінде ҰҚК бұл мәселеге байланысты қандай да бір пікір білдіруден бас тартса, баспасөз қызметінің жетекшісі Кенжеболат Бекназаров «бұл істе бар нүктені сот қойып берді. Одан басқа не айтуға болады» деумен шектелді.
- Сот шешім шығарды, соттың шешімін сыйлай білу керек, - дейді Кенжеболат Бекназаров.
«Алма-Ата-Инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргеповты 8 тамыз күні Тараз қалалық номері 2-ші соты 3 жылға бас бостандығынан айыру айыру туралы үкім шығарды. Сот оны Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметі туралы құпияны заңсыз жолмен алып, таратқаны үшін айыпты деп тапты. Сонымен қатар соттың шешімі бойынша Есіргеповке түрмеден кейін 2 жыл кәсіби мамандығымен айналысуға болмайды.

"Журналистер қауіп-қатерде" қорының президенті Розлана Таукина мен Рамазанның қоғамдық қорғаушысы Владимир Воевод. Алматы, 12 қаңтар 2009 жыл