Төрт жыл тыныштықтан кейін Дариға Назарбаева қайтадан саяси және концерттік сахнаға шықты. Қазақстан президентінің үлкен қызы «Нұр Отан» партиясының тізімі бойынша парламент депутаттығына кандидат болып тіркелген соң, Мәскеуде концерт берді.
Бейсенбі, желтоқсанның 1-і күні Мәскеудің Үлкен театрында Ресей федерациясы ішкі істер министрлігінің Виктор Елисеев басқаратын академиялық ән-би ансамблі мен пианист Тимур Орманшиев және «Сазген» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің сүйемелдеуімен Дариға Назарбаева «Сәлем, Ресей!» атты жеке концерт қойды.
Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған жеке концертін Дариға Назарбаева желтоқсанның 14-і күні Астанадағы органдық музыка залында өткізеді. Дариға Назарбаева қазақ, орыс және шетелдік классика мен романстар және соғыс жылдарындағы әндерді орындайды.
ДАРИҒА ҒАНА ЕМЕС, ВЕНЕРА ДА ӘН ШЫРҚАЙДЫ
Орталық Азиядағы авторитарлық президенттердің қыздарының кейде ән айтатыны жаңалық емес. Өзбекстан президенті, диктатор Ислам Кәрімовтің қызы Гүлнәр сахнаға Гугуша деген атпен шығатыны белгілі.
Дариға Назарбаева өзінің жеке концертін мұнан он жыл бұрын, яғни, 2001 жылы мамыр айында Алматыда өткізген болатын. Бұл қайырымдылықконцерті еді. Арада бір жыл өткенде «Мен ән саламын» деген атпен оның
екінші жеке концерті өтті. Ал 2003 жылы Мәскеудің Үлкен театрының Бетховен залында ән шырқады.
2006 жылы «Сүйікті ұстазым Надя Шариповаға арнаймын» деген жеке концерті екі рет қойылды. 2007 жылы ол Парижде, Францияның Келісім алаңындағы автомобиль клубының ескі ғимаратында жеке концертін берді.
Мұнан кейін де ол өзінің жеке концерттік бағдарламасын жалғастыра берді. Мәселен, солардың бірі 2008 жылы маусым айында Мәскеудегі халықаралық музыка үйінде өтті.
Ал 2011 жылы қыркүйектің 17-інде өткен «Алматы – менің алғашқы махаббатым» атты 12-ші фестивальде ол жеке өзі ғана ән орындап қоймай, Ресей эстрадасының жұлдызы Филипп Киркоровпен бірлесіп ән шырқады.
Осы фестивальда Дариғаның қызы Венера Әлиева әнші Рахат Тұрлыхановпен қосылып ән шырқағаны көпшіліктің көңілін аударды. Венера Әлиева қазір 11 жаста.
ӘКЕНІҢ ЫЗҒАРЫ МЕН КЕШІРІМІ
Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы қазір саясатқа қайта оралды. Мұнан бір апта уақыт бұрын «Нұр Отан» партиясы оны партиялық тізім бойынша 2012 жылы қаңтардың 15-інде өтетін кезектен тыс сайлауда парламент депутаттығына кандидат етіп тіркеген болатын.
Дариға өзінің бұрынғы күйеуі Рахат Әлиевтің 2007 жылы президентке қарсы шығып, шетелге қашып кетуіне байланысты біраз уақыт саясаттан шеттеп қалған еді. «Рахатгейтке» қатысты шу шыққанда, оның алдында Рахат Әлиевпен бірге қуғындалып кету немесе саясатпен айналысу деген екі бірдей жол тұрды. Ол соңғысын таңдады.
Дариға Назарбаева бұл жағдайдан соң да біраз уақыт депутат болып отырды. Ол парламентте отырғанда заңдарға енгізілген
біраз өзгерістерге қолдау танытты. Мәселен, Конституциядағы сайлауға қатысты бап бойынша, депутаттардың жеке емес, партиялық тізім бойынша сайлауға түсуін, Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттікке шексіз сайлануы мен ұлт көшбасшысы атағын енгізуді қолдады.
2007 жылы Дариға Назарбаева анасының орнына президентпен ресми іссапарларға барып, бірге ілесіп жүрді. Осы кездері Дариға әкесі Нұрсұлтан Назарбаевтың ізбасары болуы мүмкін деген де болжамдар айтылған еді.
Бірақ мұның бәрі оның саясаттағы рөлін жоғарылата қойған жоқ.
2007 жылдың жазында парламент мерзімінен бұрын тарағаны белгілі. Бұл кезде Дариға Назарбаева парламентте («Асардың» «Нұр Отанға» жұтылып кетуіне байланысты) «Нұр Отан» партиясы атынан депутат болып отырған еді. Бірақ келесі өткен парламент сайлауында Дариға Назарбаева «Нұр Отанның» атынан партиялық тізімге енбей қалды.
ПРЕЗИДЕНТТІҢ АМБИЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕМЕРЕЛЕРІ
Соңғы кездері Дариға Назарбаева Қазақстанның тұңғыш президентінің қорын басқарып жүр. Осы қордың басшысы ретінде, ол «Нұр Отанның» партиялық тізіміне кіріп отыр.
Бұл екі арада оның бұрынғы күйеуі Рахат Әлиевті қылмыстық, саяси қудалау күшейе түскенімен, Дариғаның өзі бұл туралы тіс жармайды. Күйеуі туралы сұқбат беруге аса құлықты емес.
Тек 2008 жылы «Центр тяжести» интернет-сайтында өзінің бар жағдайын қысқаша: «Менің көзқарастарым аса көп өзгере қойған жоқ. Адам ретінде мен кез-келген адамның басына кез келген уақытта қандай да бір қиындықтар орнайды деп есептеймін. Бірақ бұл адамның өмірден баз кешуіне себеп болмауы керек. Бұл тек өмірден тағы бір рет сабақ алу,
сөйтіп бұрынғыдан да дана, бұрынғыдан да күшті болуға себеп болуы тиіс» деп білдірген болатын.
«Сіз үшін не нәрсе жаныңызға жақын: әнші болу ма, ана немесе әже болу ма?» деген сұраққа Дариға: «Ана, әже болу» деп қысқа жауап қайырған. Ал «Московский комсомолец» газетінің президенттік амбиция туралы сұрағына ол үлкен сақтықпен: «мен ғана емес, менің балаларымда да ондай амбиция жоқ» деп жауап берген еді.
Осы уақыт аралығында Дариға Назарбаева бірнеше (оның ішінде шетелде де) әйелдер форумына қатысты. Бірақ көпшіліктің есінде қалғаны - 2008 жылы Астанада өткен форум болды.
Форум барысында шетелдік сарапшы Батыс қоғамындағы әйелдер үшін ең бас ауыртатын нәрсе: ер адамдардың әйелдерді жыныстық қатынасқа мәжбүрлегісі келетіндері екендігін айтып, Қазақстандағы жағдайдың қалай екенін білгісі келеді. Дариға Назарбаева: «Бізде ондай қауіп жоқ, өйткені бізде бәрі керісінше, бұл нәрсе жетіспейді» деп әзілдеген болып жауап қатқаны көпшіліктің есінде қалды.
Дариға Назарбаеваның бұрынғы күйеуі Рахат Әлиевтің Қазақстан сотынан қашып, шетелде жүргеніне бес жыл болды. Ол осы уақыттың ішінде Назарбаевты қатты сынға алатын адамдардың біріне айналды.