АҚШ-тың Ауғанстан мен Пәкістан бойынша білгір саясаткерлерінің бірі Ричард Холбрук іссапар кезінде, 13 желтоқсан күні қайтыс болды.
Британдық Daily Telegraph басылымы АҚШ президенті Барак Обаманың Ауғанстан мен Пәкістандағы арнайы өкілі Ричард Холбруктің өткен аптада, АҚШ мемлекеттік хатшысы Х.Клинтонмен кездесу кезінде денсаулығы сыр беріп, содан оңалмай қайтыс болғанын жазады.
69 жастағы Ричард Холбрук Пәкістанда өзіне хирургиялық операция жасалар алдында «Ауғанстандағы соғысты қайткенде де тоқтатуларыңыз керек!» депті.
Дипломаттың өлімі ертең өтеді деп жоспарланып отырған маңызды шара – биыл Ауғанстанға қатысты атқарылған іс-шараларды тыңдау алдында Барак Обамаға біраз салмақ болайын деп тұр. Холбрук қазасынан кейін ол атқарған қызметтің маңызы кемуі мүмкін, себебі дәл Холбруктай алғыр, іскер адамды табу қиынға түседі.
Бұдан бұрын Обама әкімшілігіндегі біраз шенеуніктер Холбруктың турашыл мінезі ауғандықтармен, пәкістандықтармен бірлесе жұмыс істеуге қалай болады екен деп күмәнданған. Өйткені Ақ үй өкілі мен ауған басшысы Хамид Карзайдың арасы нашар болған, тіпті, Р.Холбрук Карзайды сыбайлас жемқорлыққа араласқан және сенімсіз адам деп санаған.
Алайда Хамид Карзай «Р.Холбруктың өлімі Құрама Штаттарға орны толмас өкініш әкелді» деді.
Барак Обама Холбрукті «Америка сыртқы саясатының алып тұлғаларының бірі» деп атап өтіп, «еліне адалдығы, бейбітшілік сүйгіштігі және қажырлы дипломаттығымен есте қалатын адам» деп бағалады.
Холбрук өткен екі жыл ішінде АҚШ-тың болашақ мемлекеттік хатшысы ретінде танылып, біраз елдерге ресми сапарлармен де барып қайтқан. Марқұм қызметін 1962 жылы АҚШ-тың Вьетнамдағы Мемлекеттік департаментінде бастап, Дейтондағы бейбіт келісімдегі жасаған ара ағайындығымен есте қалғанын да атап айтады басылым.
Ал Financial Times «Ақ үй 2014 жылы Ауғанстан билігін жергілікті басшылыққа өткізеді» деген мақаласында Холбруктың қазасы Вашингтонның Ауғанстандағы соғыс жоспарының жаңа кезеңге өтуімен тұспа-тұс келгенін айтады.
Президент Барак Обаманың Ауғанстан мен Пәкістан мәселелері бойынша жоғары деңгейлі кездесу өткізгенін айтқан басылым «бұл жоспарда АҚШ әскерін 2014 жылдың соңына қарай Ауғанстаннан шығару мен талибанға қарсы күресті жергілікті билікке қалдыру мақсаты көзделіп отыр» деген деректен хабардар етеді.
«Егер біз Холбруктың Ауғанстан мен Пәкістандағы АҚШ өкілі ретіндегі қызметін және оның 1990 жылдары Босниядағы атқарған істерін салыстырар болсақ, онда осы аралықтағы салмақ мемлекеттік аппараттан Пентагонға дейін өзгергенін байқаймыз» дейді Вашингтондағы Америка даму Орталығының басшысы Брайан Катулис. Ол «ауған басшысы Хамид Карзаймен қырғи-қабақ болған Холбрук билікпен уағдаластыққа келуге ешқандай қадамдарға да бармаған. Одан гөрі Ауғанстандағы АҚШ пен НАТО әскери командирі генерал Дэвид Петроус ауған билігімен жақсы қарым-қатынаста болып, айтарлықтай роль атқарған» деген пікірін де айтыпты.
Саясаткерлер Холбруктың қызметі мен жеке басына баға беріп, оны әскери операциялардан гөрі азаматтық, бейбіт саясатты жақтаған, соған күш салған дипломат деді.
Холбрук Пәкістанда АҚШ-қа наразы көңіл-күйді өзгертуді мақсат тұтты. Жаздай су тасқынынан зардап шегіп отырған Пәкістанға Вашингтонның назарын аударту үшін көмек көрсету бағдарламаларын жасауда біраз жұмыстар атқарды.
Ал пәкістандық сарапшылар Вашингтон мен Исламабад арасындағы байланыстың шиеленісі көп жағдайда АҚШ жоғары шенді әскерилері мен олардың Пәкістандық әріптестері арасындағы байланыстарында байқалып отырады дейді.