Әдебиет өкілдері электрондық кітаптарға сұраныс барына күмәнмен қарайды. Ал еріктілер авторлық құқық мәселесінің қолбайлау болып отырғанын айтады.
Журналист Асқарбек Қазанғап уақыт тапшы заманда қағаз кітаптан гөрі электрондық кітап оқу тиімдірек екенін айтады. Электрондық кітаптарды оқуға арналған Kindle құрылғысымен үйде де, түзде де кітап оқи беретінін айтқан журналист бұл форматтағы қазақша шығармалардың жоғына өкініш білдіреді.
- Қызық кітаптардың бәрі ағылшын немесе орыс тілінде. Қазақша кітаптар, роман, повестер жоқтың қасы. Қазір жастардың көбісі кітапты iPad, планшеттер арқылы оқиды, - дейді Асқарбек Қазанғап.
"ҰСЫНЫС БОЛҒАНМЕН СҰРАНЫС БАР МА?"
Қазақстанның ашық кітапханасы - ikitap.kz және kazakhadebieti.kz сайттарында көркем шығармалардың электрондық нұсқалары болғанымен, ол мәтіндер арнайы құрылғылармен оқуға бейімделмеген.
Қазір Абайдың қара сөздері, қазақ ертегілері мен мақалдар жинағы, Мұқағали Мақатаевтың шығармалары сияқты электрондық оқу құрылғыларына жүктеп алуға болатын кітаптар саны өте аз.
Ақын-жазушылардың кейбірі бұл мәселе төңірегінде жауап беруге ынта білдірмеді. Ал кейбірі электрондық кітаптарға сұраныс барына күмәнмен қарайды.
- Электрондық нұсқаға айналдыру дұрыс қой. Бірақ мені бір нәрсе алаңдатады. Оқырмандардың электрондық кітапты оқуға дайындығы бар ма екен әуелі? Оған қатысты әлеуметтік зерттеу жүргізіліп жатыр ма екен? – деді жазушы Жұмабай Шаштайұлы.
Дәл осындай күдік айтқан ақын Қалмағамбет Мұхаметқали әуелі интернет байланысының сапасын арттырып, құнын төмендету керек деп біледі.
- Электрондық кітапты Алматы мен Астанадағы жастар ғана оқиды. Ал бұл халқымыздың бір пайызына да жетпейді. Бұл мәселе жайлы бұған дейін ойламаппын және болашақта тек электрондық нұсқалар арқылы оқырмандарымды табамын деп ойламаймын. Себебі қазақтың дұрыс кітап оқитын адамдары ауылда ғой әлі күнге дейін. Бірақ бұл мәселе - өте құптайтын нәрсе. Себебі қағазға басып шығару деген қазір қиямет-қайым ғой, - дейді Қалмағамбет Мұхаметқали.
Өлеңдерін интернет арқылы таратып, сол арқылы танымал болып жүрген ақын Әскерхан Ақтай электрондық кітаптардың заманы туғанын айтады. Оның ойынша, шығармаларының e-book-та пайда болуына ең әуелі авторлардың өздері мүдделі болуы тиіс.
- Қағаз кітап шығарғаннан гөрі электрондық нұсқада ұсыну әлдеқайда тиімді. Осы көктемге қарай өлеңдерімнің аудиокітабын шығарсам ба деген жоспарым бар. Оны ең әуелі интернет арқылы таратамын, - дейді ақын.
АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ МӘСЕЛЕСІ
ІТ-тірлік онлайн-журналының авторы Тимур Бектұр - қазақша электрондық кітап жасап, оны насихаттап жүрген еріктілердің бірі. Ол бұған дейін Құран, Абайдың қара сөздері (iOS нұсқасы), Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» шығармасын, Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» кітабын электрондық кітап түрінде шығарып, интернетке жүктеген.
Елдегі электрондық кітап нарығының қалыптаспау себептерін айтқан Тимур Бектұр оның бір себебін баспа ісінің дамымағанынан көреді.
- Баспалар мемлекеттік тапсырысқа қарны тойып, қазіргі заманғы баспа ісімен айналысуды білмейді. Мектеп оқулықтарын жыл сайын шығарып, үкіметтің ақшасын сорғанға мәз. Қорларында қанша інжу-маржандар жатса да, соны халыққа ұсынуды білмейді. Шығара қалса, сол баяғы мемлекеттің қолдауымен, "Мәдени мұра", "Қазақтың классикалық шығармалары" деген сияқты шаралар аясында жасайды. Бірақ сол қолдарындағы өнімді түрлі форматта (электрондық түрде, мобильдік қосымша ретінде, аудионұсқа, зағиптарға арналған форматта), неше түрлі дизайнмен, неше түрлі маркетингтік жолмен сату деген баспагерлердің ойына кірмейді, - дейді ол.
Тимур Бектұр электрондық кітап шығару мәселесімен айналысып жүрген жазушы көрмегенін, ал еріктілердің авторлық құқық мәселесіне тіреле беретінін айтады.
- Мен өздігіммен жасай қояйын десем, олар немесе олардың мұрагерлері сотқа жүгіне ме деп қорқам. Әйтпесе осы күнгі қазақ кітаптарын түгел электрондық қылып шығарар едім. Біздің елдегі "Атамұра", "Жазушы" немесе басқа да баспаларға қазақтың інжу-маржандарын бір-бірінен көшіріп басып, пайда табуға кім құқық беріп қойғанын білмедім. Бірақ мен солай істесем, әйтеуір заңға қайшы келетінім анық. Ал енді осы жерде "Өзің неге жазушыларға тіке шықпайсың?" деген сұрақ туындайды. Жауап - дәл қазір ол мүмкін емес. Өйткені "Абай жолының" иесіне шығу қиямет болады. Оның құқығы "Жазушы" баспасында дегенге мен сенбеймін, өйткені ол Мұхтар Әуезовтікі, тиісінше құқық иесі - мұрагерлері. Оларға шыға алуым екіталай. Міне, осылайша әр шығарманың заңдылық аспектісі анықталмағандықтан қазақ кітаптарының электрондық түрін шығаруға қол байлау жасайды, - дейді Тимур Бектұр.
Ол "қазақша кітап іздегендер тауып алып, оқысын" деп электрондық кітапты ақкөңіл ниетпен тегін жасап жүрген еріктілердің электрондық кітап нарығының бүкіл жүгін көтеруге шамасы жетпейтінін де айта кетті.
Сүлеймен Демирел атындағы университеттің студенті Олжас Алдабергенов Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер» шығармасының мобильдік нұсқасын дайындап қойғанын, бірақ авторлық құқық мәселесінің реттелмеуіне байланысты шығармай отырғанын айтады.
Оның айтуынша, қазіргі кезде кез-келген шығарманы электрондық нұсқаға айналдыру оңай, әрі арзан.
- iPad пен iPhone-да iBook Author деген қосымша бар. Сол қосымша арқылы кез-келген автор өзінің шығармаларын электрондық кітапқа айналдыра алады. Сөйтіп дүкендерге жібере алады. Ешқандай қиындығы жоқ. Білуімше, Android-та кішкене күрделілеу, - дейді Олжас Алдабергенов.
БАСПАЛАР ДА СҰРАНЫС БАРЫНА КҮДІК КЕЛТІРЕДІ
Көркем әдебиет шығаратын «Өнер» баспасы директорының орынбасары Қарлығаш Оспанова елдегі баспалардың бұл мәселені назардан тыс қалдырғанын мойындайды.
- Кейбір оқырмандарымыз «Неге электрондық нұсқаларыңыз жоқ? Қазір iPad, iPhone дегендер шығып жатыр ғой. Балалардың оқуына осы дұрыс болар еді» деп сұрап та жатады. Әрине, бұл дұрыс қой. Бірақ балаларымыздың өзі дайын кітапты оқымайды. Оларды оқыр ма екен деп өзім ойлаймын. Бірақ нақты болмаса да, жоспарда бар, - дейді Қарлығаш Оспанова.
Қазақстанда жаңадан дамып келе жатқан электрондық кітап нарығына қатысты арнайы зерттеу жасалмаған.
Әлемде электрондық кітап нарығының дамуы бойынша АҚШ алда келеді. Америкалық баспагерлер қауымдастығының дерегіне қарағанда, 2011 жылы тоғыз ай ішінде электрондық кітаптар 2010 жылмен салыстырғанда 37,9 пайызға артық сатылған. Кітапқа байланысты консервативтік көзқарас ұстанатын Еуропада да соңғы жылдары электрондық кітапқа сұраныс арта бастаған. Мұндағы ең үлкен нарық Ұлыбританияда деп есептеледі. Ресейлік мамандар электрондық кітаптарға сұраныс артқанын айтқанмен әзірге, ол бұл нарықтан көрінбейді.
Электронды кітаптардың бір мысалы - Абайдың қара сөздерінің Android қосымшасын мына видеодан көруге болады:

Your browser doesn’t support HTML5