Мектеп бітірушілер үшін сынақ уақыты жақындап қалды

Ауыл мектебі. Көрнекі сурет.

Биыл мектеп түлектері маусым айының 1-10 аралығында ұлттық бірыңғай тест тапсырады. Елдегі жоғарғы оқу орнына ілігу үшін әрбір түлек 50 баллдан кем жинамауы тиіс.

Бірыңғай ұлттық тестілеуге қатысты хабарды тыңдаңыз

Your browser doesn’t support HTML5

Бірыңғай ұлттық тестілеуге қатысты хабарды тыңдаңыз



Соңғы жылдары мамандар бірыңғай ұлттық тестілеудегі ең жоғары көрсеткіш - 125 балл жинаушы мектеп бітірушілер қатары бірден көбейгенін алға тартып, сынақ талаптары мен бақылауды күшейтіп отыр.

Сондықтан биылғы жылы бірыңғай ұлттық тест тапсыру барысы қатаң бақыланып, тәртіп бұзған оқушы тест тапсыру құқығынан айрылады. Алайда психолог мамандар мұндай тәртіптің енгізілуі тест сапасының жақсаруына септігін тигізе қоймайтындығына сенімді.

Оқушылар мен ұстаздардың пікірінше, орыс тілі пәнінен тест тапсырып, оның жоғарғы оқу орнына түсерде есепке алынбауы - уақытты зая кетіру әрі қосымша қысым.

Өткен жылы бірыңғай ұлттық тест тапсырған Марат сыныптастарының көбінің бұл сынақтан жүрексініп, 9-сыныптан кейін колледжге құжат тапсыруға мәжбүр болғандарын айтады.