Германия канцлері Ангела Меркель Қытайға сапары барысында құны миллиардтаған доллар болатын ірі келісімдерге қол қойды. Германияның бұрынғы советтік республикалармен саудасы да ұлғайып келеді.
Германия канцлері Ангела Меркельдің Қытайға сапары 18 үкіметаралық келісім мен құны алты миллиардтан асатын шартқа қол қоюмен аяқталды. Европа аймағындағы қаржы дағдарысын еңсеруге күш салып жатқан Германия енді Қытайдың қолдауына ие болды.
Дағдарыс жайлаған Еуропа үшін Қытаймен сауда-экономикалық қарым-қатынас орнату - суға кеткен адамның тал қармауымен бірдей. Қытай – Еуропалық одақтың АҚШ-тан кейінгі екінші ірі сауда әріптесі. Қытай кеденінің деректері бойынша, Еуропа одағы мен Қытайдың арасындағы тауар айналымы былтыр 567,21 миллиард доллар болған.
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ
Еуропа Одағы экономикасының көшбасшысы ретінде Германия Қытайға жоғары технологиялар мен экстра-класс бұйымдарын алу үшін аса қажет. Еуропа Одағының қытай елімен тауар айналымының төрттен бір бөлігі Германияның үлесінде. Немістің іскерлік топтары канцлердің бұл сапарын екі елдің сауда-экономикалық қатынасындағы бірқатар кедергілерді жоюдың мүмкіндігі деп түсінеді.
Қытайда жұмыс істейтін неміс журналистері таяуда Ангела Меркельге Қытайдағы шетел журналистерінің жағдайы туралы мәселе көтеру жөнінде өтініш жасады. Олардың айтуынша, елдің полиция мен қауіпсіздік қызметі әлі күнге дейін журналистердің жұмысына кедергі келтіріп, «жабық тақырыптарды қозғасаңдар, визаларыңды ұзартпаймыз» деп қорқытады.
Журналистердің айтуынша, 2011 жылдың көктемінде, «Араб көктемінен» кейін Қытайда «Жасмин наразылығына» шақырған үндеулер естіле бастаған тұста қысым қатты өскен.
Оппозиция белсенділері «Еуропа Одағы мен Германияның жоғары шенділерінің көбі бұрынғы советтік елдердің бірқатарымен экономикалық қарым-қатынас орнату мәселесін ықыласпен талқылайды да, адам құқықтары жөніндегі мәселені сылап-сипап, жақауратып қана өтеді» дейді. Еуропаның жоғарғы билік басындағылар мұндай сынға «Тайталастан татулық артық» деген уәж айтады. Бұрынғы советтік елдердегі үгіт-насихат Еуропа Одағы елдерімен, атап айтқанда Германиямен ынтымақтастықты өздерінің ішкі саясатын, оның ішінде адам құқықтары саласындағы саясатын Европаның толық қолдауы деп түсіндіреді.
БҰРЫНҒЫ СОВЕТТІК АВТОКРАТИЯМЕН САУДА
Сонымен, еуропалық саясаткерлер мен іскер топтар адам құқығы аяққа тапталған елдермен қарым-қатынасты күшейтуге неге мүдделі болып отыр? Азаттықтың экономикалық шолушысының есептері көрсеткендей, Еуропа Одағы мен әміршіл билік орнаған кейбір бұрынғы советтік елдердің сауда-саттық деңгейі өсіп отыр. Кейбір советтік республикалар мен Еуропа Одағының ресми дерек көздерінен алынған цифрлардан сауда-саттық көлемінің өскенін байқауға болады.
2011 жыл мен 2012 жылдың алты айының қорытындылары бойынша ЕО пен Германияның бұрынғы советтік төрт елмен сауда айналымы (миллион доллармен).
Биылғы жылдың алты айында Еуроодақпен сауда-саттық көлемі өткен жылдың алты айымен салыстырғанда едәуір артқаны осы кестеден көрінеді. Әрине, түпкілікті қорытындыны 2012 жылдың 12 айының нәтижелері шыққан соң ғана жасауға болады. Дегенмен ресми деректер сауда-саттықтың құлдырау немесе тоқырауын емес, өсу динамикасын көрсетіп тұр.
Қытай Еуропа елдерінен жаңа технологияларды, дайын тауарларды өздерінде шығарып, үшінші елдерге сату үшін ірі өндіріс ошақтарын сатып алуға ұмтылады. Бұрынғы советтік республикалар болса, Еуропаның шикізат, әсіресе энергетикалық көзіне айналды.
Италияның ENI компаниясы, британ-голландтық Royal, испандық Repsol компаниялары – Қазақстанның мұнай-газ секторының ірі ойыншылары.
Халықаралық ВР компаниясы, норвегиялық Statoil, Италияның ENI компаниясы Әзербайжанның мұнай өндірісі саласында негізгі серіктес болып отыр. Австриялық OMV, болгардың «Булгаргаз», румынның Transgaz, немістің RWE компаниясы Түркіменстаннан «Набукко» газ құбырын Әзербайжан арқылы тарту жобасын іске асыруды армандағалы көп болды. Мұнай қоры жоқ Беларусьтің өзінде мұнай өнімдері - Еуропаға экспортталатын негізгі тауар.
Биыл Еуропа Одағының көшбасшысы Германия Қазақстанмен өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Неміс компанияларының көптен күткен ойы орындалып, сирек кездесетін металл шығатын қазақстандық кен орындарын игеруге қол жеткізді.
Германия канцлері Ангела Меркельдің Қытайға сапары 18 үкіметаралық келісім мен құны алты миллиардтан асатын шартқа қол қоюмен аяқталды. Европа аймағындағы қаржы дағдарысын еңсеруге күш салып жатқан Германия енді Қытайдың қолдауына ие болды.
Дағдарыс жайлаған Еуропа үшін Қытаймен сауда-экономикалық қарым-қатынас орнату - суға кеткен адамның тал қармауымен бірдей. Қытай – Еуропалық одақтың АҚШ-тан кейінгі екінші ірі сауда әріптесі. Қытай кеденінің деректері бойынша, Еуропа одағы мен Қытайдың арасындағы тауар айналымы былтыр 567,21 миллиард доллар болған.
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ
Еуропа Одағы экономикасының көшбасшысы ретінде Германия Қытайға жоғары технологиялар мен экстра-класс бұйымдарын алу үшін аса қажет. Еуропа Одағының қытай елімен тауар айналымының төрттен бір бөлігі Германияның үлесінде. Немістің іскерлік топтары канцлердің бұл сапарын екі елдің сауда-экономикалық қатынасындағы бірқатар кедергілерді жоюдың мүмкіндігі деп түсінеді.
Қытайда жұмыс істейтін неміс журналистері таяуда Ангела Меркельге Қытайдағы шетел журналистерінің жағдайы туралы мәселе көтеру жөнінде өтініш жасады. Олардың айтуынша, елдің полиция мен қауіпсіздік қызметі әлі күнге дейін журналистердің жұмысына кедергі келтіріп, «жабық тақырыптарды қозғасаңдар, визаларыңды ұзартпаймыз» деп қорқытады.
Журналистердің айтуынша, 2011 жылдың көктемінде, «Араб көктемінен» кейін Қытайда «Жасмин наразылығына» шақырған үндеулер естіле бастаған тұста қысым қатты өскен.
Оппозиция белсенділері «Еуропа Одағы мен Германияның жоғары шенділерінің көбі бұрынғы советтік елдердің бірқатарымен экономикалық қарым-қатынас орнату мәселесін ықыласпен талқылайды да, адам құқықтары жөніндегі мәселені сылап-сипап, жақауратып қана өтеді» дейді. Еуропаның жоғарғы билік басындағылар мұндай сынға «Тайталастан татулық артық» деген уәж айтады. Бұрынғы советтік елдердегі үгіт-насихат Еуропа Одағы елдерімен, атап айтқанда Германиямен ынтымақтастықты өздерінің ішкі саясатын, оның ішінде адам құқықтары саласындағы саясатын Европаның толық қолдауы деп түсіндіреді.
БҰРЫНҒЫ СОВЕТТІК АВТОКРАТИЯМЕН САУДА
Сонымен, еуропалық саясаткерлер мен іскер топтар адам құқығы аяққа тапталған елдермен қарым-қатынасты күшейтуге неге мүдделі болып отыр? Азаттықтың экономикалық шолушысының есептері көрсеткендей, Еуропа Одағы мен әміршіл билік орнаған кейбір бұрынғы советтік елдердің сауда-саттық деңгейі өсіп отыр. Кейбір советтік республикалар мен Еуропа Одағының ресми дерек көздерінен алынған цифрлардан сауда-саттық көлемінің өскенін байқауға болады.
2011 жыл мен 2012 жылдың алты айының қорытындылары бойынша ЕО пен Германияның бұрынғы советтік төрт елмен сауда айналымы (миллион доллармен).
Елдер | 2011 жыл |
2012 жылдың қаңтар – маусым айлары | ||
ЕО | Германия | ЕО | Германия | |
Әзербайжан | 18 924,6 | 1368,6 | 7200 | 936 |
Беларусь | 24 409,4 | 4382,5 | 15 651,6 | 2007,4 |
Қазақстан | 50 053,8 | 3692,6 | 27 354,2 | 1 808,0 |
Өзбекстан | 2367,0 | 561,8 | Бір миллиард доллардан артық | 239,7 |