Иран және Үндістаннан қазақ тарихына қатысты қолжазба дерек жинау экспедициясынан оралған шығыстанушы Азаттыққа сұхбат берді.
Шығыстану институтының ғылыми қызметкері Ғалия Қамбарбекова – соңғы жылдары жанданған Қазақ хандығының тарихына қатысты дерек жинау бойынша ғылыми экспедицияларға жиі қатысып жүрген ғалым. Ол негізінен парсы тілінде жазылған тарихи құжаттарды зерттеумен айналысады.
Азаттық: Осыған дейін тараған ақпараттарға қарағанда Қазақ хандығының тарихына байланысты Иран мен Үндістанға ғылыми іссапармен барып, бұрын зерттелмеген қолжазбалар алып қайтыпсыз. Екі елге барған іссапарыңыз бас-аяғы екі айға созылыпты. Осынша аз уақытта қолжазба іздеп табу қиынға түскен жоқ па?
Ғалия Қамбарбекова: Жаз айының басында басталған мемлекеттік бағдарлама аясында алғашында Иранға, содан кейін Үндістанға барып қайттым. Иран сапарына жалғыз, Үндістанға үндітанушы ғалым Лаура Ерекешовамен бірге бардым. Алдын-ала шет тілдеріндегі каталогтармен жұмыс істедік. Шетел ғалымдары, әсіресе ағылшын және француз ғалымдары осыдан 100 жыл бұрын-ақ араб, парсы және түрік тілдеріндегі қолжазбалардың каталогын жасап, қай елде қанша қолжазба бар екендігін тізімдеп қойған. Егер зерттеуші каталогпен жұмыс жасауды білмесе, онда 360 мың қолжазбасы бар Иранда немесе 160 мыңнан астам қолжазбасы бар Үндістанда іздеген материалды аз уақытта табу мүмкін емес.
Азаттық: Өзіңіз әкелген қолжазбалардың ішіндегі қазақ тарихына тікелей қатысы барларын атап көрсетсеңіз.
Ғалия Қамбарбекова: Ираннан әкелінген қолжазбалардың бір бөлігі қазақ хандарының тарихына арналған қолжазбалар деуге болады. Олардың барлығы да Иран патшаларының тарихына, шығу тегіне арналған шығармалар. Бірақ ирандық жылнамашылар, тарихшылар өз патшаларының тарихын жазғанда олардың Орталық Азия билеушілерімен, Дешті Қыпшақ хандарымен арада болған соғыстар, келіссөздер, дипломатиялық хат алмасуларды да қамтып, қай жылы, қайсы билеушімен қандай келісімге келіп, хаттарда не туралы әңгіме
болғандығын да жазып отырған. Жаңадан табылған дерек көздерінде Қасым ханның сол кезде жүргізген саясаты, өзін ұстауы, сырт келбеті, патшалығының орналасқан жері, діні, мазхабы, киген киімі, отырған тағына дейін аз да болса бірқатар құнды мәліметтер берілген.
Иран шахтарының Орталық Азия билеушілері мен Дешті Қыпшақ хандарымен алмасқан хаттарын іздеу барысында Иран билеушісі Екінші Аббас шахтың Тәуке ханға жазған жауап хатының көшірмесі табылды. Тәуке ханға Екінші Аббас шахтың жазған жауап хаты бұрын, яғни 2004 жылы табылған еді. Бұл жолы басқа көшірмесі шықты. Түсінікті болу үшін айта кетейік, Иран шахтарының сарайында бір топ сарай хатшылары жұмыс істейтін болған. Олардың міндеті сарайға келген хаттар мен Иран шахы өзге билеушілерге жазған барлық хаттарды, бұйрықтар мен үкімдерді көшіріп, тіркеп, олардың хаттамасын дайындау болған. Сарай хаттамалары қолжазба күйінде, яғни біртұтас кітап ретінде сақталған.
Иран сапары барысында осындай қолжазбалардың бірнешеуінің арасынан Екінші Аббас шахтың Тәуке ханға жазған жауап хатының тағы бір көшірмесі табылды және сол қолжазбаның ішінде Екінші Аббас шахтың Ресей патшасына, қалмақтарға, Жалаңтөс баһадүрге, Абдулғази мен Абдолла ханға жазған хаттарының да көшірмелері бар.
Азаттық: Оларға сенімді тарихи дерек көзі ретінде қарауға бола ма?
Ғалия Қамбарбекова: Бұрынғы табылған хаттың көшірмесіне күдікпен қарасақ, бұл жолғы хатқа тарихи дереккөз ретінде қарауға толық негіз бар. Бұл келіссөздер мен хаттар туралы бұрыннан белгілі және осы жолы тапқан танымал тарихи шығармаларда да айтылады. Тәуке ханның Екінші Аббас шахқа жазған хатында не айтылған деген сауал туады. Ал Екінші Аббастың жауап хаты 1661-62 жылы жазылып, сол кездегі Иранның астанасы Исфаханнан Тәуекел (Тәуке) ибн Джахангир (Жәңгір) ханға жіберілген. Хатта Тәуке ханның үлкен атасы Шыңғыс ханға мадақтар айтылып, арадағы достастықтың ары қарай жалғасатынына сенім білдіреді.
Азаттық: Үндістан сапарынан алып келген тың деректеріңіз туралы айтып берсеңіз.
Ғалия Қамбарбекова: Үндістан сапарынан алып келген ең құнды қолжазбалардың бірі – Қасым ханға қатысты «Тарих-и шах Исмаил» атты қолжазба. Қолжазбаның түпнұсқасы Лондондағы Британ музейінде, бұл күндері «Индия офисте» сақталған. Ал шығарманың көшірмесін Делидегі ирандықтар
құрған «Нур» микрофильм орталығының директоры Қажы Хусейн Пири алдыртқан. Қолжазбада соғыс сахналарын бейнелейтін 11 миниатюра бар және Қасым хан, Мұхаммад Шейбани хан мен Иран шахы Исмаил шах арасындағы байланыс, келіссөздер мен шайқастар өте қызықты баяндалған және тың деректер қамтылған.
Осы орталықта сақталған тағы да бір құнды дереккөз «Силсила ас-салатин» деп аталады. Шығармада Тәуекел ханға қатысты қызықты мәліметтер кездеседі. Авторы – Хаджи Мир Мухаммад Салим. Бұл шығармада Тәуекел ханның Бұхара шайқасында Бақи Мухаммадтың қолынан жарақаттанып, Әндіжанда дүние салғаны туралы жазылған.
Ал ең қызық құжаттар – Қоқан билеушісі Абдурахим ханның Тәуке ханға жазған жауап хаттары. Бұл хаттар Хайдарабад қаласындағы Саларджанг музейінің қолжазба қорында сақталған. Хаттар «Инша-йи Тахир Вахид» деп аталатын қолжазбаның ішінде сақталған. Қайта көшірілген уақыты 1779 жыл деп көрсетілген. Абдурахим – хан және би, тарихта белгілі тұлға. Оның қазақ ханы Тәуке ханмен жүргізген дипломатиялық келісімдері мен хат алмасулары туралы дерек Хайдарабад қаласынан бірінші рет табылып отыр. Хаттар шамамен Тәуке ханның өмірінің соңына қарай жазылған, яғни 1717-1718 жылдар.
Бірінші хатта Абдурахим хан Тәуке ханға мадақ айта отырып, оның елшісі Мұхаммед Садықтың хат әкелгенін, елшіге тиісті құрмет көрсетілгенін жазады.
«Қалмақтарға қатысты мәселеде сіз сұраған нәрсе жіберіледі» деп барып, бірнеше семсер қылыш сыйға тартқанын ескертеді. Одан шығар нәтиже, біріншіден, Тәуке хан хат жазған, ал бұл хат – соның жауабы. Қазақ ханы хатта не жазғанын білмейміз, бірақ жауапқа қарап, шамамен әскери көмек сұрағанын аңғарамыз. Екінші хатта Абдурахим хан «дұшпаныңыздың басы кесілсін деп бірнеше семсер қылыш жіберіп отырмыз» дейді. Үшінші хатта «кейде өз шамасын білмейтін өзбектерге қатысты мәселе сәтімен шешілді» деп жазады. Көріп тұрғанымыздай, жоңғарлар Шуға дейін жеткен қиын-қыстау кезеңде өмір сүрген Тәуке ханның хан тағына отырмаған, әлі сұлтан кезінен бастап, өмірінің соңғы күндеріне дейін мұсылман билеушілерімен тығыз қарым-қатынаста болғанын, дипломатиялық келіссөздер жүргізіп отырғанын байқаймыз.
Тәуке ханның билігі туралы айтқанда, әдетте, «Жеті жарғыдан» басқа айтарымыз жоқ. Міне, енді оның сыртқы саясаты, дипломатиялық келіссөздері мен хаттары туралы мәліметтер келіп қосылды. Бұл деректер тағы да басқа тың мәліметтерді табуға септігін тигізетіні анық.
Азаттық: Сұхбатыңызға рақмет.
Қазақстан ғалымдарының Иран және Үндістанда зерттеу жүргізген ғылыми орталықтары: