Freedom House Europe пен оның әріптес ұйымдарының «Орталық Азияда азаптау әрекетінің жолын кесу» жобасы аяқталды. Құқық қорғаушылар аймақта зорлық- зомбылыққа қарсы тұру саласы біршама түзелгенімен, жалпы ахуал айтарлықтай емес дегенді ортаға салды.
Адам құқын қорғаушы ұйымдардың Орта Азия елдерінде арнайы мониторинг өткізген мамандары зерттеу жүргізілген 2 жыл ішінде жалпы 765 азаптау фактісі тіркелгендігін айтады. Оның 526-сы Қазақстанда, 92-сі Тәжікстанда, ал 87-сі Қырғызстанда.
Айта кету керек, Өзбекстан мен Түркменстанда мұндай жұмыстың жүргізілуіне мүлдем рұхсат берілмеген екен.
Қостанай қаласының тұрғыны, 20 жасар Рустам Мұхаметов, 2007 жылы жергілікті құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан жәбір көргендігін айтады. Өз жұмыстарымен таксимен келе жатқан оны жан -жағынан полиция қызметкерлері қоршап, мән-жайды түсіндірместен өз көліктеріне салып алып кеткен.
Полиция қызметкерлері Рустамды Қостанай қаласындағы 1-ші бөлімшеге алып келген. Сол жерде оның адам өліміне кінәсі бар екендігін дәлелдемек болған.
- Маған ешқандай түсініктеме берген жоқ. Әйтеуір тоқпақтап, бас- аяғы 12 сағаттай ұрды. Мен шамамның жеткенінше бұл іске қатысымның жоқ екендігін дәлелдеуге тырыстым, алайда шыдамым көпке жеткен жоқ, есімнен танып қалдым, – дейді Рустам.
Жас жігіт өзін 8 полиция қызметкері жабылып ұрғандығын айтады. Ақыры еш нәтиже шықпаған соң, оны таңғы сағат 5-тер шамасында босатқан. Түрлі жарақат алған Рустамның үйіне әрең жеткендігі ғана есінде.Дереу ауруханаға әкелгенде дәрігерлер Рустамның басына зақым келгендігін, қабырғасы сынып, ішкі ағзасы айтарлықтай зақымданғандығын мәлімдеген.
Алайда, Рустамның әжесі Вера Егорычеваның айтуынша, бір күн өтпей жатып, хал үстінде жатқан немересін полиция қызметкерлері тағы алып кеткен.
- Ауруханаға полиция қызметкерлері келіп, ыстығы 40 градустан асып жатқан немеремді қалалық полиция бөлімшесіне алып кетті. Сол жерде 3 күн болды. Рустамның айтуынша, ол жерде де аямай соққыға жыққан, – дейді Вера Егорычева.
Осыдан кейін Рустам Мұхаметовтың туыстары тиісті органдарға арыз жазып, оның ішінде адам құқын қорғайтын ұйымдардан көмек сұраған. Соның нәтижесінде сот болып, Рустамға тағылған айып дәлелденбеді.
Ал жас жігіттің денсаулығына айтарлықтай зиян келтірген 8 полиция қызметкерінің бірде- бірі жауапқа тартылмады. Сарапшы мамандар бұл бір ғана мысал екендігін айтады.
Ал өзінің кінәсіз екендігін дәлелдей алмай, күнде темір тордың арғы жағында отырғандары қаншама ... деген мамандар Қазақстанда кез- келген құқық қорғау органдары қызметкерлері тарапынан болып жататын азаптау фактілері Қылмыстық кодекспен жазаланатындығын еске салады.
Алайда, осы уақытқа шейін, бұл бап бойынша жауапқа тартылған адам жоқтың қасы. Соңғы бірнеше жылда осы бап бойынша, бір ғана іс тіркеліп, айыпталушы полиция қызметкері сотталған еді.
Қазақстан Ішкі Істер Министрлігінің өкілі Бағдат Қожахметов:
-Аталмыш құқық бұзушылықтар шын мәнісінде орын алған болса, онда ол соған сәйкес жұмыстардың жүргізілуін талап етеді. Алайда, қазіргі таңда құқық қорғау органдары қызметкерлері немесе полиция қызметкерлері тарапынан зорлық-зомбылық көрдім деген ресми арыз жоқтың қасы . Ал арыз жоқ болса, қылмыстық іс те қозғалмайды – дейді.
Ал мониторинг өткізген ұйымдар, әдетте тергеу барысында «азаптау» деген сөзді, «қызметін асыра пайдаланды» деп ауыстырып, құқық қорғау органдары қызметкерлері аталмыш бап бойынша жауапқа тартылып жатады дейді. Бұл бір жағынан Қазақстанды халықаралық сахнада зорлық - зомбылық орын алмайтын ел ретінде көрсету үшін қажет. Екінші жағынан, ашылып жатқан қылмыстардың қандай жолмен жүзеге асқандығы анықталар болса, осы саладағы көрсеткіш мүлдем төмен болушы еді дейді Адам құқықтары мен заңдылықтардың сақталуы жөніндегі Қазақстандағы халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис.
- Бүгінде кез -келген полиция қызметкерінің кәсіби деңгейі – оның қанша қылмыс ашып үлгергендігімен анықталады. Егер осындай жағдай әлі де жалғасын таба берсе, онда азаптау фактілерін азайту мүмкін емес болады. Себебі, әр қызметкер өзінің деңгейін уақыт өткен сайын көтеруі керек екендігі сөзсіз. Сол мақсатта жауапқа тартылған адам шын мәнісінде қылмыскер ме, әлде ол азаптау арқылы кінәні мойнына алған адам ба деген сұрақ екінші орынға қойылады, – дейді Евгений Жовтис.
Халықаралық адам құқын қорғайтын ұйым өкілдері мониторинг қортындысын тиісті мекемелерге жібереміз дейді.
Жалпы зерттеу жұмыстары Қазақстан мен Қырғызстандағы жағдайдың біршама жақсарғандығын көрсеткендігін айтты олар. Мамандар оны аталмыш елдерде адам құқын қорғауда бірқатар жобалардың жүзеге асып жатқандығымен дәлелдеуде.
Қазіргі таңда Қазақстандағы адам құқын қорғаушыларға түрме жағдайын тексеруге, уақытша оқшаулау изоляторы мен жекелеген аймақтардағы психиатриялық мекемелердің жұмысын қадағалауға мүмкіндік берілген.