Халықаралық ұйымдардың зерттеуіне қарағанда, Қазақстан 2012 жылы бірнеше рейтингіде кері кетіп, бірнеше сала бойынша жоғарылаған.
Халықаралық Freedom House ("Фридом Хауз") және Reporters Without Borders ("Шекарасыз репортерлер") ұйымдарының мәліметінше, Қазақстанда сөз бостандығы жылдан жылға тарылып барады.
ҚҰЛДИЛАУ
Freedom House ұйымының дерегінше, сөз бостандығы деңгейі бойынша Қазақстан соңғы үш жыл қатарынан кері сырғыған.
Егер 2009 жылы ол 195 елдің арасында 168-орынға орнықса, 2012 жылы 197 елдің арасында 176-орыннан көрінген.
Әсіресе, жемқорлық бойынша Қазақстанның көрсеткіштерінде алшақтық қатты байқалады.
Transparency International ұйымының мәліметінше, Қазақстан жемқорлық көрсеткіштері бойынша өткен жылмен салыстырғанда 13 орынға төмендеп, 176 елдің ішінде 133-орынға жайқасқан. Былтыр Қазақстан 120-орында болған.
Қазақстанның демократиялық индекске қатысты (The Democracy Index) көрсеткіштерінде де құлдилау байқалады.
Әлем елдеріндегі демократия деңгейін сайлау, плюрализм, азаматтық еркіндік, халықтың саяси мәдениеті сияқты түрлі көрсеткіштер бойынша анықтайтын Economist Intelligence Unit ұйымының баяндамасында Қазақстан 2011 жылы 167 елдің арасында 137-орынға тұрақтаған еді. Ал 2010 жылы 132-орында болған.
World Economic Forum ұйымының мәліметінше, Қазақстан әлемдік нарыққа тартылу бойынша 132 елдің арасында 105 орыннан көрініп, жабық мемлекет ретінде қалып отыр.
Халықаралық жеке меншікке құқық альянсының дерегінше, жеке меншікті қорғау құқығы индексі (The International Property Right Index) бойынша, Қазақстан тұрақты түрде кері сырғып барады. 2011 жылы 129 ел арасында 100-орынға орныққан Қазақстан 2012 жылы 130 елдің арасында 107-орынға түсіп қалған.
ІЛГЕРІ КӨРСЕТКІШТЕР
АҚШ-тың Heritage Foundation стратегиялық зерттеу институтының мәліметінше, экономикалық бостандық бойынша Қазақстанда ілгерілеушілік бар. Егер ол былтыр 179 елдің арасында 78-орынды иеленсе, биыл 65-орынға көтерілген.
World Bank дерегінше, бизнес жүргізу бойынша да Қазақстан алға жылжыған. Дүниежүзілік банктің есебінше, 2011 жылы Қазақстан 183 елдің арасында 56-орынға тұрақтаса, 2012 жылы 185 елдің арасында 49-орынға жайғасқан.
World Economic Freedom ұйымының баяндамасында әлемдік бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша Қазақстанның едәуір алға жылжығаны жазылған. Ондағы мәліметке сәйкес, Қазақстан 2011 жылы 142 елдің арасында 72-орында болса, 2012 жылы 144 ел арасында 51-орынды иеленіпті.
Экономика және бейбітшілік институтының мәліметінше, Қазақстан дүниежүзілік бейбітшілік индексі бойынша, 2011 жылы 153 елдің арасында 93-орында болса, 2012 жылы 158 елдің арасында 105-орынды алған.
Гендерлік құқықтың қорғалу деңгейін көрсететін гендерлік айырмашылық индексі бойынша Қазақстан 2011 жылы 135 елдің арасында 49-орын, биыл 135 елдің арасында 31-орынды иеленген. Бұл - World Economic Forum ұйымының дерегі.
2012 жылы алғаш рет дүниежүзі елдерінің терроризм индексін жасап шыққан Institute for Economics and Peace ұйымы Қазақстанды 158 елдің ішінде 47-орынға қояды.
Зерттеу деректеріне қарағанда, террористік қауіп-қатер тек Солтүстік Америкада ғана төмен. Қазақстан терроризм қатері тізімінде Орталық Азия елдерін басып озып, 47-орынға тұрақтаған. Бұл тізімде Қазақстаннан "озған" Ресей 9-орында тұр.
Қазақстанның халықаралық индекстердегі орыны

Индекс атауы (индексті жасаған ұйым) | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 |
Сөз бостандығы индексі (Freedom House) | 176/197 (ЕЕ) | 172/196 (ЕЕ) | 169/196 (ЕЕ) | 168/195 (ЕЕ) | 170/195 (ЕЕ) |
Баспасөз еркіндігі индексі (Reporters Without Borders) | 154/179 | 162/178 | 142/175 | 125/173 | |
Жемқорлық көрсеткіштері индексі (Transparency International) | 133/176 | 120/183 | 105/178 | 120/180 | 145/180 |
Экономикалық еркіндік индексі (WSJ/Heritage Foundation) | 65/179 | 78/179 | 82/179 | 83/179 | 76/157 |
Бизнес жасау индексі (World Bank) | 49/185 | 56/183 | 59/183 | 63/183 | 70/181 |
Даму индексі (Legatum Institute) | 46/142 | 46/110 | 50/110 | 51/110 | 56/104 |
Демократиялық индекс (Economist Intelligence Unit)* | 137/167 (АР) | 132/167 (АР) | - | 127/167 (АР) | |
"Сәтсіз мемлекет" индексі (Foreign Policy/Fund for Peace) | 107/177 | 107/177 | 103/177 | 105/177 | 101/177 |
Бейбітшілік индексі (Institute for Economics & Peace) | 105/158 | 93/153 | 95/149 | 84/144 | 72/140 |
Бәсекеге қабілеттілік индексі (World Economic Freedom) | 51/144 | 72/142 | 72/139 | 67/133 | 66/134 |
IT-индекс (WEF) | 55/142 | 67/138 | 68/133 | 73/134 | 71/127 |
Әлемдік нарық индексі (WEF) | 105/132 | 88/125 | 93/121 | 72/118 | |
Гендерлік индекс (WEF) | 31/135 | 49/135 | 41/134 | 47/134 | 45/130 |
Жекеменшікті қорғау индексі (Property Rights Alliance) | 107/130 | 100/129 | 88/125 | 87/115 | 85/115 |
Терроризм индексі (Institute for Economics and Peace) | 47/158 | - | - | - | - |
Ескерту: ЕЕ– Еркін емес, АР - Авторитарлық режим.
* Демократиялық индекс 2013 жылы қаңтар айында жарияланады