Ресейлік басылым Қазақстанның олимпиададағы жеңістеріне таңданыс білдіріпті. Мақала авторы «Қазақстанның алты алтын алуына ұлтаралық татулық себеп» дейді.
Пекин олимпиадасында бар болғаны екі алтын алған Қазақстан биыл алты алтын иеленді. «Московский комсомолец» («МК») газетіне шыққан материал авторы Игорь Кармазин «Бұл жеңістің құпиясы қандай?» деген сұрақ қойып, өзі жауап беріп көрген.
Газетке сұхбат берген олимпиада чемпионы Светлана Подобедова «Аттарын атамай қояйын. Ресейлік бапкерлерлер мәскеулік спортшыларды құрамаға тартып, мені қатардан (Ресей құрамасының сапынан – ред.) алып тастады. Осы кезде маған Қазақстан құрамасының бапкері Алексей Ни хабарласты. Мен ойланбастан Алматыға келдім. Ресей әйелдер құрамасының бапкері Пархоменкоға мұны ашық айттым» депті.
ВИНОКУРОВ «РЕСЕЙ ЖАСАСЫН!» ДЕМЕЙДІ, «АЛҒА, ҚАЗАҚСТАН!» ДЕЙДІ
Материал авторы «Қазір Қазақстанда Светлана Подобедова, Майя Манеза, Зүлфия Чиншанло, Ольга Рыпаковаға керемет құрмет көрсетіліп отыр, оларға қазақстандық әншілер ән арнап жатыр» деп жазған.
Басылым Қазақстан құрамасы алты алтын иеленгенін айта келе, барлық жүлдені өзге ұлт өкілдерінің алып бергенін жазған. «Қазақстан өз чемпиондарын мақтан тұтады. Алайда чемпиондардың қатарына қазақ ұлтының өкілі жоқ» дейді мақала авторы.
«МК» газетінің жазуынша, Ресейдің де алтындарының көбін федерацияның оңтүстік аймағының өкілдері (дағыстандықтар, татарлар – ред.) алып жатыр. Осыған орай, қазір әлеуметтік желілерде «Дзюдошы Галстянның (ұлты армян – ред.) алтыны қымбат па, әлде қазақстандық орыс Александр Винокуровтың алтыны қымбат па?» деген сауал талқыланып жатыр. Ресейліктердің көбі Винокуровтың алтынын жоғары бағалапты.
Ал Винокуровтың өзі бұл жайтқа таң-тамаша болған. «Алайда, Винокуров Ресейге оралуды ойламайды» деп жазады «МК». Басылым велошабандоз Винокуровтың Илья Ильинді құттықтауын мысалға алып, оның Ресейге келмейтінін анық аңғартқан.
- Винокуров «Ильинді және бүкіл Қазақстан халқын бесінші алтынмен құттықтаймын. Алға, Қазақстан!» деген құттықтау жолдады. Демек Винокуровтың «Ресей жасасын!» деймейтіні айдан анық, - дейді материал авторы Игорь Кармазин.
«Ресей ұлтқа бөлініп жатқанда, Қазақстанда ондай байқалмайды. Барлық жеңімпаздар - қазақстандықтар» деп жазады орыс басылымы.
«КЕЗ КЕЛГЕН ҚАЗАҚ МАҚТАНАДЫ»
«МК» осы ретте әлеуметтік желілердегі қазақ форумдарында жарияланған пікірлерді айтып өткен. Солардың ішінде «Илья бүкіл қазақстандықтарды қуанышқа бөледі. Және біздің қолымыздан не келетінін көрсетті» деген жазбаны мысалға келтірген. Бұдан бөлек, «Илья олимпиадада барлығын жеңетінін айтты. Кез келген қазақ мақтанады. Илья да мақтанды және мақтануға тұрарлық іс бітірді. Ол - біздің спортшы. Олар біздің алтын чемпиондарымыз» деген пікірді де мақаласына қосыпты.
Автор қазақстандық форумдардағы пікірлерді оқып, ресейлік жанкүйерлердің ұлтқа бөлінетін әдетіне қынжылған.
- Қазақ жанкүйерлерінің қасында біздің жанкүйерлердің әлеуметтік желілердегі сөздері - ұят. Бізде ұлтқа бөліну, чемпиондарды да ұлтқа бөлу бар. Бізге қазақ көршілеріміздің спортта жеңу тәжірибесінен бөлек, ұлтты сыйлау мәдениетін де үйрену керек, - деп аяқталады орыс басылымындағы материал.