Қазақстандағы бірқатар партиялар «Zonakz» интернет сайтының DDoS шабуылына ұшырауына алаңдаушылық танытып, Бас прокурор Рәшид Түсіпбековты ақпараттық террормен күресуге шақырды. Мемлекеттік кәсіпорын өкілдері болса мұндай жағдайда полицияға жүгіну керек деген кеңес береді.
«Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының, интернет-басылымдарының, қоғамдық ұйымдар мен партиялардың сайттары ақпараттық террорға ұшырап жатыр. Интернет желісіндегі ақпараттық терроризм ҚР Конституциясында көзделген бірқатар бостандықтарды бұзып, кейбір жағдайда қылмыстық сипатқа ие болып отыр» делінген партия өкілдерінің ҚР Бас прокуроры Рәшид Түсіпбековке жолдаған хатында. Ашық хатқа «Азат», Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, «Ақ Жол», «Әділет» және Қазақстанның коммунистік партиясының төрағалары қол қойған.
Саяси партиялардың ақпараттық терроризм мәселесін қозғап, бас прокурорға бұрылуына «Zonakz» интернет газетінің соңғы бір аптаның ішінде DDoS шабуылына бірнеше рет ұшырауы түрткі болған. Аталған газеттің бас редакторы Юрий Мизиновтың айтуынша, жекелеген сайттар мұндай шабуылға төтеп беруге дәрменсіз.
- Шабуылдың қайдан келіп жатқандығын біз анықтап біле алмаймыз. Мұндай әрекеттің артында кім тұрғандығына қатысты болжамдардың ешқайсысын жоққа шығара алмаймын, бірақ болжам да жасамаймын. Қарсы күрескен болып жатырмыз, бүгін біздің сайт жұмыс істеп тұр. Жалпы мұндай сипаттағы шабуылдарға қарсы құқық қорғау органдары айналысуы қажет. Сайт әкімшілігінің өзі шабуылдармен жеке күресе алмайтындығы белгілі, - деді «Zonakz» интернет газетінің бас редакторы Юрий Мизинов.
Оның айтуынша, DDoS өзінің кезекті соққысын тағы қашан жасайтындығын алдын ала болжау қиын. Бірақ соңғы бірнеше күннің ішінде сыртқы күштердің әсері бірнеше мәрте сезілген. Шабуыл санаулы сағатқа тоқтайды да қайта басталады, - деді газеттің бас редакторы.
«Техникалық қамтамасыз ету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Асхат Оразбек болса интернет әлемінде сыртқы күштердің шабуылынан зардап шегуші полицияға шағымдануы керектігін айтып отыр.
- Хакерлердің шабуылына ұшыраған жағдайда заң жолымен әрекет етуі тиіс. Яғни, жәбір көруші құқық қорғау органдарына жүгінеді, тиісті қылмыстық іс қозғалып, полиция қылмыскерлерді іздеуге кіріседі. Бұл мәселеде кінәліні болжап білу қиын. Өйткені интернет әлемінде көптеген нәрселерді жасауға болады, - деді Асхат Оразбек.
Алайда «Zonakz» газетінің басшылығы, хакерлердің бірнеше мәрте соққысына ұшырағандығына қарамастан, полицияға жүгініп жатуды жөн деп таппапты.
- Құқық қорғау органдары шабуылмен күресіп жатыр деп айта алмаймын. Біз өтініш жасаған жоқпыз. Бес партияның өкілдері Бас прокурордың атына хат жолдады. Соның негізінде тиісті мекемелер шабуылмен күрессе - күресті, күреспесе – сол күйінде қалады, - деді «Zonakz» интернет газетінің бас редакторы Юрий Мизинов.
ҚазТАГ ақпарат агенттігінің басшысы Сейітқазы Матай DdoS шабуылын жіті бақылап отырғандығын айтады. Оның пікірінше, Қазақстанда интернет жүйесінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағы дұрыс жолға қойылмаған.
- Қазақстанның «kz» доминіне ешкім сенбейді. Біз КазТАГ агенттігін ашар алдында жергіліктісімен бірге халықаралық «info», «com» доминдерін қоса алдық. Біз сенбейміз. Егер біздің сайтты жауып тастайтындай жағдай болса, онда халықаралық доминдерді іске қосатын боламыз. Әзірге бізге ешкім тиіскен жоқ, - деді Журналистер одағының төрағасы, ҚазТАГ агенттігінің басшысы Сейітқазы Матай.
2008-2009 жылдары Қазақстанда kaztoday.ru, kub.info, award.kz, kt.kz geokz.tv, Dialog.kz, zonakz.net және басқа да интернет сайттары DdoS шабуылына ұшыраған еді.