Иштван Қоңыр Мандокидің туғанына 70 жыл

Қоңыр анасы Кочкар Карас Ержебет пен әкесі Мандоки Шандормен бірге.

Иштван Қоңыр Мандокидің балалық шақтағы суреті.

Қоңыр Мандокидің жас кезі.

Венгрия ат спортының біріншілігінің жеңімпазы Иштван Мандоки ат үстінде.

Қоңыр Мандокидің студент кезіндегі бейнесі.

Иштван Қоңыр Мандоки жұбайы Оңайша Мақсұмқызы және балдыздарымен бірге.

Иштван Қоңыр Мандоки қазақ әндерін тыңдауды сүйетін.

Профессор Иштван Қоңыр Мандоки (сол жақта).

Иштван Қоңыр Мандоки жары Оңайшамен бірге.

Иштван Қоңыр Мандокидың домбыра шертіп отырған сәті.

Иштван Қоңыр Мандокидің Қытайға барғанда түскен суреті.

Түркітанушы ғалым Иштван Қоңыр Мандоки.

Жары Оңайша мен ұлы Атлан Алматының Кеңсайындағы Иштван Қоңыр Мандокидің зираты басында.

Түркітанушы ғалым Иштван Қоңыр Мандоки. 1944 жылы 10 ақпанда Венгрияның Карцаг қаласында дүниеге келіп, 1992 жылы 22 тамыз күні Дағыстандағы Макачқалада өмірден озды. Бүкіл ғұмырын түркі халықтарының мәдениеті мен әдебиетін, тарихын зерттеп, насихаттауға арнаған ғалымның денесі өз өсиеті бойынша Алматыда жерленген.

«Мандоки Қоңыр Иштван мұрасы: Ұлы далада ұрпақтар үндестігі» форумындағы Қоңыр кітаптарының көрмесі. Астана, 25 қыркүйек 2014 жыл.