AzattyqLIVE: Қазақстанда сөз бостандығы ахуалы қандай?

Азаттық тілшісі Қасым Аманжол мен "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау ұйымы өкілі Ғалия Әженова. Алматы, 18 қаңтар 2016 жыл.

AzattyqLIVE хабарында Қазақстандағы сөз бостандығы ахуалы талқыланды. Эфир қонағы «Әділ сөз» халықаралық қоры сарапшысы Ғалия Әженова болды.

Оппозициялық басылымдар мен интернет сайттарды жабу, кейбір газеттерден жүздеген миллион теңге айыппұл талап ету, әлеуметтік желідегі жазбасы үшін белсенділерді қамау Қазақстандағы сөз бостандығына қалай әсер етіп отыр? Бүгінгі AzattyqLIVE хабарында «Қазақстанда сөз бостандығы ахуалы қандай?» деген тақырып талқыланды.

Студия қонағы «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қоры сарапшысы Ғалия Әженова болды. Тікелей эфирде өткен хабардың видеосын төменнен көріңіздер.

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстандағы сөз бостандығы