Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың нұсқауынан кейін Қазақстанда журналистер этикасының кодексі жарыққа шықты. Алайда оны қабылдау жауапкершілігін ешкім мойнына алғысы келмейді.
Алматыда журналистер этикасы кодексінің жобасы талқыланды. Бұл кодекс қыркүйекте қабылдануы мүмкін. Алайда жобаны құрастыруды қадағалаған министрлік кодексті қандай құқықтық формада қабылдауды әлі білмейді. Жиында сөз алған алматылық ақпарат құралдары өкілдері бұл кодексті қабылдауға сақтықпен қарайды.
«ЖОҒАРЫДАН НҰСҚАУ ТҮСКЕН ЖОҚ»
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биыл 10 шілдеде жарияланған «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға бірдей еңбек қоғамына жиырма қадам» деген жаңа бағдарламалық мақаласында журналистік этика кодексінің жобасын құрастыруға нұсқау берілген. Бұл міндет мәдениет және ақпарат министрлігі мен журналистердің қоғамдық ұйымдарына жүктелген.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі 21 жыл бойы айтылған мәселе бірнеше күннің ішінде шешілді. 28 шілдеде кодекс этикасының жобасы Астанадағы ұлттық кітапханада алғаш талқыланды. Талқылауға бас редакторлар клубының мүшелері қатысты.
Журналистік кодекс жобасын Алматыдағы ашық талқылау 23 тамыз күні ұлттық баспасөз орталығында өтті. Жиын модераторы, Қазақстан журналистері одағының басқарма төрағасы Сейітқазы Матаевтың айтуынша, «бұл талқылауды өткізу жөнінде жоғарыдан ешқандай нұсқау түспеген».
Бұл оқиға Алматының журналистер қауымының арасында айтарлықтай ықылас тудырған жоқ. Талқылауға оншақты журналист қана келді. Келгендердің ішінде
кодекс жобасы жайлы өз пікірін ортаға салудан гөрі, басқаларды тыңдағандар басым болды. Көп дегенде, бес адам ғана талқылауға белсенді қатысып отырды.
Сейітқазы Матаев кейбір ақпарат құралдарында бұл кодексіз де журналистік этиканың жазылмаған ішкі ережелері бар екенін айтты. Ол «Индустриалды Қарағанды» газетінде жұмыс істеп жүрген тұста журналистерге мақала арналған адамның дене кемістіктеріне назар аударуға тыйым салынатынын, отбасылық құпияларға қатысты айғақтарға сақ болу талабы қойылатынын еске алды.
Сейітқазы Матаев бұрынырақ Қазақстан журналистерінің конгресінің осындай кодексті қабылдау әрекеті сәтсіз болғанын еске салды. 2003 жылы Түркістанда өткен журналистердің екінші съезінде мұндай кодекс әзірленген. Жобаны талқылауға көп адам қатысқанымен, ол сол күйі қабылданбай қалды.
2006 жылы Алматыда өткен Қазақстан журналистерінің бесінші конгресінде журналистік этика кодексі туралы мәселе тағы да айтылған. Қазақстан президентінің қызы Дариға Назарбаева бұл кодекстің ережелерін орындау жөніндегі талапты журналистердің еңбек шартына енгізуді ұсынған.
«ОДАҚТЫҢ БЕДЕЛІ» ЖӘНЕ «ҚҰЖАТТЫҢ МАҢЫЗЫ»
Журналистер одағында өткен талқылауға қатысушылардың көпшілігі кодекстің мазмұны жайлы дау айтпады. Тек бір журналист қана «ақпаратқа әдепсіз жолдарды пайдаланып қол жеткізуге жол бермеу туралы» тармақтың қисындылығына күмән келтірді. Тағы бір журналист ешқандай партия қатарына мүшелікке өтпеу жөнінде журналистерге берілген кеңеспен келіспейтінін айтты.
Сейітқазы Матаев қатысушыларға «Әділ сөз» баспасөзді қорғау ұйымының президенті Тамара Калееваның пікірін де айтты. Ол «құжатта қорқынышты ештеңе
жоғын», «бұл кодекстің қажет екенін» айтып, бірақ оның журналистерге қарсы пайдаланылуы мүмкін деген қаупін білдірген.
Калееваның бұл қаупіне Сейітқазы Матаев та қосылады. Ол кодексті қабылдау жауапкершілігін журналистер одағы мойнына алуға құлықты емес екенін мәлімдеді.
Мәдениет және ақпарат министрлігіндегі шенеуніктер Қазақстанның журналистер одағына съезд немесе конференция сияқты жиын өткізіп, кодексті қабылдауды ұсынғанын айтқан Сейітқазы Матаев:
– Мен «біз оған дайын емеспіз» дедім. Әлдебір қаржылық қиындыққа да қатысы жоқ. Одақ мұндай жүкті мойнына арта алмайды. Мен үшін одақтың беделі мына құжаттан маңыздырақ. Айталық, ертеңгі күні одақ мүшелерінің бірі сотқа тартылады делік. «Журналистер одағы кезінде бұл кодексті қабылдаған» деп, сот мына кодексті журналистке қарсы құжат ретінде пайдаланады. Менің қорқатыным – осы. Тіпті мемлекеттік басылымдардың өкілдерінің өздері бұл кодекске қол қоюға даяр емес. Мұны анық білемін, – деді.
Сонымен этика кодексі қандай формада қабылданатыны әлі белгісіз.
«БАСЫМЫЗДЫ ҚАТЫРМАСЫН!»
Ақпарат құралдарында «кодекс журналистер одағының қатысуымен жазылып жатыр» деп жазылғанымен, журналистік этика кодексінің жобасын жазуға Қазақстанның журналистер одағының тікелей қатысы жоқ дейді Сейітқазы Матаев. Оның айтуынша, одақ тек мәдениет және ақпарат министрлігіне 2002 жылдан бері қабылдауға тырысқан кодекстің бірнеше нұсқасын ғана беріпті.
– Ең жақсы жазылған деген нұсқаларын жинап, министрлікке бердік. Мына жоба сол жақтан келді, – дейді Сейітқазы Матаев.
Қазақстан журналистер этикасының талқылауға түскен кодексін жазу міндетін жүктеу мәселесінің өзі сынға ұшырады. Freedom House халықаралық құқық қорғау ұйымының президенті Дэвид Крамер мен ұйымның Алматыдағы өкілдігінің директоры Вячеслав Абрамов журналистер этикасы кодексін «журналистердің өздері құрастыруы керек, ал шенеуніктер бұл іске араласпауы тиіс» деген пікір айтқан. Олар министрліктен шыққан кодекс ережелерін журналистер ұстанады дегенге сенімсіздік білдірген.
Қазақстанда ақпарат құралдарының 80 пайызға жуығы мемлекеттік емес болса, кодексті мемлекеттік органның құрастыруы қаншалықты дұрыс деген сауал туады. Қазақстандық ақпарат құралдарының 70 пайызы мемлекеттік тапсырыс
алатындықтан, бұл кодексті қабылдау барысында оларға қысым көрсетілуі мүмкін деген пікір де айтылды.
Журналист Бақытжан Жұмалиеваның пікірінше, бірде-бір сот өзі қарайтын істе этика ережелерін негізге алмайды. Өйткені бұл кодекс заң актісі емес. Оның ойынша, құжаттың мәтінін қысқартқан жөн.
Бақытжан Жұмалиева кодекстің бұрынғы нұсқаларының мәтіні басылған өткен жылдардағы газет қиындыларын ала келіпті. Ол кодекс көлемінің осы аралықта қалай көбейіп кеткенін көрнекі түрде көрсетті. Оның пікірінше, кодекстің заң актілеріндегі ережелерді қайталайтын тұстары қысқартылуы тиіс.
Журналистер одағы басқармасының төрағасы Сейітқазы Матаев алматылық журналистердің пікірлерін (оның ішінде, бір журналист қыздың кодекс жайлы «Басымызды қатырмасын!» деген сөзін де) қыркүйек айында Астанаға барғанда шенеуніктерге айтуға уәде етті.
ҮШ ПАРАҚ ЖОБА
Қазақстан журналистері этикасының кодексі үш парақ болды. Ол преамбула, негізгі мәтіннің сегіз тарауы мен қорытынды бөлімнен тұрады.
Преамбулада «кодекс журналистердің ішкі тәртібі мен моральдық-этикалық бағдары екені» және оны құрастырушылар «Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын, БҰҰ-ның дүниежүзілік баспасөз еркіндігі хартиясын, Қазақстан конституциясы мен оның заңдарын басшылыққа алғаны» көрсетілген.
Мәтіннің негізгі бөлімінде кәсіби парыз, әлеуметтік жауапкершілік, адалдық, шыншылдық, шынайлық, ақпарат көздері мен құпиялылық, жеке өмірді құрметтеу, ар-абырой, іскерлік бедел, бәсекелестік пен ынтымақтастық, қорғау және жауапкершілік жайлы жазылған.
Қорытынды бөлімде бұл кодекс Қазақстан азаматы санатындағы журналистерге, ресми аккредитация алған және Қазақстан аумағында жұмыс істейтін журналистерге қатысты екені жазылған. Соңғы ереже: «Кодекс ережелерін орындау – журналистің ар-ұжданының көрсеткіші. Кодекс ережелерін орындау мен бұзуға мәжбүрлеуге жол берілмейді».
Журналистер этикасы кодексі – көптеген шетелдік журналистердің қоғамдық ұйымдарында бар практика. Олардың ішінде есте сақтауға жеңіл қысқасынан бастап көп тармақтан тұратын көлемділері де бар. Мысалы, Швеция журналистері этикасының кодексі небәрі 17 тармақтан тұрады. Ал америкалық New York Times газетінің кодексінде 168 тармақ бар.

Кодексті журналистердің өздері құрастыруы керек, ал шенеуніктер бұл іске араласпауы тиіс.

Кодекс ережелерін орындау – журналистің ар-ұжданының көрсеткіші. Кодекс ережелерін орындау мен бұзуға мәжбүрлеуге жол берілмейді.