Қостанай облысының Жангелдин ауданынан өліп қалған 543 киік табылды. Экологтар бұған «даладағы шашылып жатқан химиялық тыңайтқыштар мен ғарыштық кемелерден бөлінетін улы заттардың әсері тиюі мүмкін» екенін айтады.
Қостанай облыстық орман және аң шаруашылығы аумақтық басқармасының бастығы Марат Бегімбетов «киіктер қырғынына браконьерлердің ешқандай қатысы жоқ» екенін, өлген киіктер саны әлі де өсуі мүмкін екенін айтты.
– Жұмыс тобы апаттың неден болғанын анықтап жатыр. Өлген киіктердің 508-і – аналық, 31-і – лақ, қалған төртеуі – теке, – деді ол Азаттық тілшісіне.
САРАПТАМА НӘТИЖЕСІ – ЕКІ АПТАДАН СОҢ
Бүгін ауыл шаруашылығы министрлігі орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы Ерлан Нысанбаев Қостанай облысындағы киік өліміне байланысты Азаттық тілшісіне түсініктеме берді.
Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, ауданы тоғыз да төрт жарым шақырымдық аумақтағы киіктер ғана өлген. Ол киік өлген маңдағы радиусы 120 километрлік аумақ тексерілгенін, бірақ өзге жердегі киік аман-есен екенін айтты.
Комитет төрағасының сөзіне қарағанда, «Қостанайда қырылған киіктер іштері кеуіп, аузынан қанды көбік ағып өлген».
Ерлан Нысанбаев өлген киіктерге лаборатиялық сараптама жасалып, нәтижесі екі аптадан кейін дайын болатынын хабарлады.
- Қазір білім және ғылым министрлігі тарапынан биологиялық қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институтына ақша бөлінді. Институт ғылыми-зерттеу жұмыстарын бастап кетті. Олар нақты себебін айтқан соң ғана іс-шара қолданамыз, - деді ауыл шаруашылығы министрлігі орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы Ерлан Нысанбаев.
«ҚОСТАНАЙДА ҚАНША КИІК БАР?»
Мамандардың айтуынша, бұл жолы қырылған киіктер – осы жануардың бетпақдалалық тобы. Бірақ Қостанай өңірінде қанша киік бар дегенге келгенде мамандар ортақ пікірге тоқтай алмады.
– Өткен жылғы санақ бойынша киік тобының бетпақдалалық түрі 78 мыңға
жеткен еді. Киіктің осы тобының 50 мыңы жаз айларында Қостанай өңіріне қарай қоныс аударады, – дейді ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты жануарлар дүниесін қорғау басқармасының бастығы Бақыт Дүйсекев.
Ал Қостанай облыстық орман және аң шаруашылығы аумақтық басқармасының бастығы Марат Бегімбетов ол деректі жоққа шығарып:
– Қостанай өңіріне бетпақдалалық киіктің 30 пайызы ғана келеді. Онда да тек жаз айларында жайлауға келгені болмаса, қыстамайды, – деп түзету енгізді.
«ЗЫМЫРАН МЕН ТЫҢАЙТҚЫШ»
Эколог Мұсағали Дуамбеков Қостанай облысындағы киік қырғынына «Ғарышқа ұшып жатқан зымырандардың әсері тиюі мүмкін» дейді.
– Бұл - нақты адамның әсері. Оған сол жердегі зымыранның маршрутындағы белгілі бір улы заттардың әсері тиюі мүмкін. Сондай-ақ бізде небір химиялық
тыңайтқыштар бар. Олардың көбі далада шашылып жатыр. Олар жиналып жатқан жоқ. Мүмкін, солардың біріне кезігіп қалған шығар, – деген болжам жасады эколог.
Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің профессоры, эколог Айтқожа Бегалиев те «Қостанайдағы киіктер тыңайтқыштан уланды» деген болжам айтады.
– Шексіз, бақылаусыз нейтраттар, тыңайтқыштар пайдаланылады. Миллиондаған тонна топырақ мен қалдық су жиналады. Міне, осының салдарынан киіктер қырылып жатыр, – дейді ғалым.
Айтқожа Бегалиев «Экология жайлы аузыңды ашсаң саясатқа кеп тіреледі – үлкен саясатқа тірелгеннен кейін қанша айтсаң да, ешкім оны жарияламайды» деп реніш білдірді.
– Өткен жылғы Оралдағы осындай жағдайға байланысты «инфекция» дегендері –
мүлдем жалған. Себебі жабайы жануарлардың иммунитеті өте күшті болады, сондықтан олар уланып өлген болатын, – дейді ғалым.
Ресми орындар әуелі 2011 жылы қырылған киіктердің ажалы «пастереллез індетінен болды» деп мәлімдесе, кейбір сарапшылар оқиғаның астарын Ресей жеріндегі әскери құпия сынақтардан іздеген еді.
Ақырында арнайы құрылған халықаралық сараптау комиссиясы «Киіктер шырыны көп өсімдіктерді шектен тыс жеудің салдарынан іші кеуіп, содан соң демі жетпей тұншығып өлген» деген байламға келген.
Қазақстандағы киіктер соңғы үш жыл қатарынан белгісіз себептен қырылды. 2010 жылы 12 мыңнан астам, ал 2011 жылы 500 киік өлген.