Қыркүйектің 28-і күні жарыссөзде айыпталушы Ақжанат Әминов, Серік Сапарғали және адвокаттарға сөз берілді.
Бірінші сөйлеген Ақжанат Әминов кінәсін толық мойындайтынын айтып, "жасаған нәрсесіне өкініп" кешірім сұрады.
Сөзін қысқа қайырған Әминов «Өзенмұнайгаз» компаниясының бұрынғы басшысы Киікбай Ешмановпен арада болған тартысты сөз етіп, оның кетуін талап етуге себеп көп болғанын айтты.
«Өзенмұнайгаз» компаниясының әлеуметтік қызмет бойынша жетекшісі ретінде жұмысшылардың жағдайын жақсартуға күш салғанын айтқан Әминов сол үшін қуғын да көргенін жеткізді. Осылайша өзін сотта кінәлаған куәгерлердің жауаптары негізсіз екенін дәлелдеуге тырысты.
- ...Жанымдағы адамдар мені аңдып жүргені туралы бірнеше рет ескертті. Ешмановтың кетуін талап етуіне себептер көп болды. 16 желтоқсан күнгі трагедияның болғанына тағы да өкініш білдірем, тағы да кешірім сұраймын. Қалғанын адвокатым айтады, - деді Әминов.
САПАРҒАЛИДЫҢ СӨЗІ
Екінші болып сөйлеген Серік Сапарғали сөзін «Қазақпаратта» өзі туралы жарияланған жаңалықтан бастады.
- Адамдарға ақпараттар дұрыс жетпей жатыр. Құрметті сот, 14 қыркүйек күні «Қазақпарат» «Сапарғали Козловпен бірге бір ұйымдасқан қылмыстық топта болғанын айтты» деген ақпарат таратты. Мұндай сөзді айтқан жоқпын, - деді Сапарғали.
Бұған дейін прокурор Сапарғалидың 164-ші бабы («әлеуметтік араздық тудыру») бойынша кінәсі дәлелденбегенін айтып, алып тастаған еді. Жұма күні Сапарғали мемлекеттік айыптаушыларға осы әрекеттері үшін алғыс білдірді.
Ол психолог сараптамасындағы «Сапарғали әлеуметтік қауіпті адам» деген тұжырымды терістеп, қарсы уәж айтты.
Сапарғали 2010 жылы маусым айы мен 2011 жылдың 17 желтоқсан күні сөйлеген сөздерінің Жаңаөзендегі оқиғаның болуына әсер етпегенін дәлелдеуге тырысты.
- 2011 жылы 16 желтоқсан күні оқиғаның куәгері Шолпан Өтекеевамен ғана сөйлесе алдым. Оның күйеуі жараланған. Өз көзімен 25 мәйітті көргенін айтты. Бірақ кейіннен мұны айтқан кезде стресс жағдайында болғанын жеткізді. Желтоқсанның 16-нан 17-не қараған түні ұйықтай алмадым. Ертесі сол күйімде алаңға бардым. Алаңға барсам, онда шамамен 500 адам жиналып қалған екен. Мен оларға Өтекеевадан естігенімді айттым. Адамдарды Маңғыстауды қорғауға, адамдарды атуға жол бермеуге шақырдым. Сол үшін билікті айыптадым. Бірақ оны қару арқылы құлатуға шақырған жоқпын, - деді Сапарғали жарыссөзде.
Сапарғалидан соң айыпталушылардың адвокаттары кезек-кезек сөйлеп шықты.
"65-БАПТЫ ҚОЛДАНУДЫ СҰРАЙМЫН"
Ақжанат Әминовтің адвокаты Әйкен Досболов өзі қорғап отырған азаматтың өз кінәсін толық мойындағанын айтып, оның отбасылық жағдайын ескеруді, 65-ші бапты қолдану арқылы босатуды сұрады.
Серік Сапарғалидың адвокаты Күлпәш Әйгербаева да қорғауындағы азаматтың ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы жоқ екенін айтып, оған 65-ші бапты қолданып, қамаудан босатуды сұрады.
- Серіктің Әблязовпен, Кетебаевпен мүлде таныс болмағанын, Козлов екеуінің саяси көзқарастары әртүрлі болғанын ескеруіңізді сұраймыз. Сот тергеулері кезінде Козлов та Сапарғалиға ешқандай нұсқау бермегенін растады. Сондықтан Сапарғалидың әрекеттерін 170-баптың 2 емес, 1-бөлімі бойынша қарастырып, шынайы өкінуіне байланысты 65-бап бойынша босату керек деп есептеймін, - деді адвокат.
Бұдан кейін сөйлеген Владимир Козловтың авдокаты Алексей Плугов әуелі «Алға» партиясының заң аясында жұмыс істегеніне тоқталып, оған байланысты күмәндардың тууына мемлекеттік органдардың өзі түрткі болғанын айтып өтті.
Ол егер мемлекеттік органдар оны тіркеп, заңды түрде жұмыс жасауына мүмкіндік бергенде қазіргідей «Басшысы кім?», «Қалай қаржыланады?» деген сияқты күмәнді сұрақтар да тумас еді" деп кінәнің бір ұшы мемлекеттік органдарда жатқанын айтты.
Айыптау тарабының бір-біріне қайшы үйлеспейтін айыптар таққанын айтқан Плугов «соттағы құжаттарды талдау оппозицияның жұмысшыларды емес – жұмыстан қуылған жұмысшылардың оппозицияны қолданғанын көрсетті» деді.
Адвокат Владимир Козловтың әрекетінен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесіне тән қасиеттер, элементтер табылмағанын айтты.
- Тергеу бойынша ұйымдасқан қылмыстық топ (әрі қарай - ҰҚТ) 2010 жылы наурыз айында құрылған. Ал қылмыстық істе тергеудің бұл тұжырымдамасына бірде-бір дәлел жоқ. Қылмыссыз ҰҚТ болмайды. Жоспарланған немесе жасалған қылмыстық жоғы – ҰҚТ болмағанын көрсетеді, - деді Плугов сотта.
Тамыз айында басталған сот процесінде істері қаралып жатқан тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козлов, оппозициялық саясаткер Серік Сапарғали және қоғамдық белсенді Ақжанат Әминовке «конституциялық құрылымды күшпен өзгертпек болды», «әлеуметтік араздық тудырды» және «қылмыстық топ құрды» деген айыптар тағылған.
Бірінші сөйлеген Ақжанат Әминов кінәсін толық мойындайтынын айтып, "жасаған нәрсесіне өкініп" кешірім сұрады.
Сөзін қысқа қайырған Әминов «Өзенмұнайгаз» компаниясының бұрынғы басшысы Киікбай Ешмановпен арада болған тартысты сөз етіп, оның кетуін талап етуге себеп көп болғанын айтты.
«Өзенмұнайгаз» компаниясының әлеуметтік қызмет бойынша жетекшісі ретінде жұмысшылардың жағдайын жақсартуға күш салғанын айтқан Әминов сол үшін қуғын да көргенін жеткізді. Осылайша өзін сотта кінәлаған куәгерлердің жауаптары негізсіз екенін дәлелдеуге тырысты.
- ...Жанымдағы адамдар мені аңдып жүргені туралы бірнеше рет ескертті. Ешмановтың кетуін талап етуіне себептер көп болды. 16 желтоқсан күнгі трагедияның болғанына тағы да өкініш білдірем, тағы да кешірім сұраймын. Қалғанын адвокатым айтады, - деді Әминов.
САПАРҒАЛИДЫҢ СӨЗІ
Екінші болып сөйлеген Серік Сапарғали сөзін «Қазақпаратта» өзі туралы жарияланған жаңалықтан бастады.
- Адамдарға ақпараттар дұрыс жетпей жатыр. Құрметті сот, 14 қыркүйек күні «Қазақпарат» «Сапарғали Козловпен бірге бір ұйымдасқан қылмыстық топта болғанын айтты» деген ақпарат таратты. Мұндай сөзді айтқан жоқпын, - деді Сапарғали.
«Қазақпарат» «Сапарғали Козловпен бірге бір ұйымдасқан қылмыстық топта болғанын айтты» деген ақпарат таратты. Мұндай сөзді айтқан жоқпын.
Ол психолог сараптамасындағы «Сапарғали әлеуметтік қауіпті адам» деген тұжырымды терістеп, қарсы уәж айтты.
Сапарғали 2010 жылы маусым айы мен 2011 жылдың 17 желтоқсан күні сөйлеген сөздерінің Жаңаөзендегі оқиғаның болуына әсер етпегенін дәлелдеуге тырысты.
- 2011 жылы 16 желтоқсан күні оқиғаның куәгері Шолпан Өтекеевамен ғана сөйлесе алдым. Оның күйеуі жараланған. Өз көзімен 25 мәйітті көргенін айтты. Бірақ кейіннен мұны айтқан кезде стресс жағдайында болғанын жеткізді. Желтоқсанның 16-нан 17-не қараған түні ұйықтай алмадым. Ертесі сол күйімде алаңға бардым. Алаңға барсам, онда шамамен 500 адам жиналып қалған екен. Мен оларға Өтекеевадан естігенімді айттым. Адамдарды Маңғыстауды қорғауға, адамдарды атуға жол бермеуге шақырдым. Сол үшін билікті айыптадым. Бірақ оны қару арқылы құлатуға шақырған жоқпын, - деді Сапарғали жарыссөзде.
Сапарғалидан соң айыпталушылардың адвокаттары кезек-кезек сөйлеп шықты.
"65-БАПТЫ ҚОЛДАНУДЫ СҰРАЙМЫН"
Ақжанат Әминовтің адвокаты Әйкен Досболов өзі қорғап отырған азаматтың өз кінәсін толық мойындағанын айтып, оның отбасылық жағдайын ескеруді, 65-ші бапты қолдану арқылы босатуды сұрады.
Серік Сапарғалидың адвокаты Күлпәш Әйгербаева да қорғауындағы азаматтың ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы жоқ екенін айтып, оған 65-ші бапты қолданып, қамаудан босатуды сұрады.
Егер мемлекеттік органдар "Алғаны" тіркеп, заңды түрде жұмыс жасауына мүмкіндік бергенде қазіргідей «Басшысы кім?», «Қалай қаржыланады?» деген сияқты күмәнді сұрақтар да тумас еді.
Бұдан кейін сөйлеген Владимир Козловтың авдокаты Алексей Плугов әуелі «Алға» партиясының заң аясында жұмыс істегеніне тоқталып, оған байланысты күмәндардың тууына мемлекеттік органдардың өзі түрткі болғанын айтып өтті.
Ол егер мемлекеттік органдар оны тіркеп, заңды түрде жұмыс жасауына мүмкіндік бергенде қазіргідей «Басшысы кім?», «Қалай қаржыланады?» деген сияқты күмәнді сұрақтар да тумас еді" деп кінәнің бір ұшы мемлекеттік органдарда жатқанын айтты.
Айыптау тарабының бір-біріне қайшы үйлеспейтін айыптар таққанын айтқан Плугов «соттағы құжаттарды талдау оппозицияның жұмысшыларды емес – жұмыстан қуылған жұмысшылардың оппозицияны қолданғанын көрсетті» деді.
Соттағы құжаттарды талдау оппозицияның жұмысшыларды емес – жұмыстан қуылған жұмысшылардың оппозицияны қолданғанын көрсетті.