Алматы мен Түркістандағы Құрбан айт

Орталық мешіттегі айт намазына қатысқан азаматтар. Алматы, 21 тамыз 2018 жыл

Орталық мешіттегі Құрбан айт мерекесіне арналған шараны төбесінен дрон түсіріп тұрды. Алматы, 21 тамыз 2018 жыл

Орталық мешітте айт намазын оқып жатқан азаматтар. Алматы, 21 тамыз 2018 жыл

Құрбан айт мерекесі басталған күні Алматыда жаңбыр тамшылап тұрды. 21 тамыз 2018 жыл

Орталық мешітте айт намазына қатысқан азаматтар. Алматы, 21 тамыз 2018 жыл

Құрбандыққа шалатын қойларды жетектеп бара жатқан ер адамдар. Алматы, 21 тамыз 2018 жыл

"Отырып-тұру" жарысына қатысушы. Бұл жарыстың шарты - қойды көтеріп тұрып, отырып-тұру қажет. Алматы, 21 тамыз 2018 жыл

Әртістердің жанында қой ұстап тұрған азамат. Алматы, 21 тамыз 2018 жыл 

Бағанаға шығып, сыйлық дорбасын алуға тырысқан жарыс қатысушысы. Алматы, 21 тамыз 2018 жыл

Түркістанда Айт намазынан шығып келе жатқан халық. 21 тамыз 2018 жыл.

Айт намазына келген түркістандық. 21 тамыз 2018 жыл.

Садақа беруші түркістандықтар. 21 тамыз 2018 жыл

"Әзірет Сұлтан" атанып кеткен, Түркістанда жерленген Қожа Ахмет Яссауидің дүрбесі. 21 тамыз 2018 жыл.

Яссауи дүрбесінде тұрған Тайқазан. Аңыз бойынша Тайқазанды Әмір Темір 1399 жылы жасатып, зиярат орнына сыйға тартқан. 1934-1988 жылдары Тайқазан Санкт-Петербургтегі Эрмитаж экспонаты болып, кейін Қазақстанға қайтарылды. Түркістан, 21 тамыз 2018 жыл.

Яссауи дүрбесіне келіп тәу етушілер. 21 тамыз 2018 жыл.

Түркістандағы жаңа Қожа Ахмет Яссауи атындағы мешіт алдында тұрған бота. Бұл мешітті Түркістанның 1500 жылдығын тойлау кезінде Қазақстан мен Түркия үкіметі бірлесе салатын болып келіскен. Ғибадатхана Түркияның қаржысымен салынған. 21 тамыз 2018 жыл