Қаңтардың 19-ы күні, Демократия күніне орай Алматыда «Азаттық» сыйлығын тапсыру салтанаты болып өтті. Қазақстанда демократияны дамытқаны үшін берілетін бұл сыйлық биыл «Аман-Саулық» қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова мен ресми тіркеуде жоқ «Алға» партиясының Қызылорда өңіріндегі өкілі Сағат Жүсіпке табыс етілді.
«Азаттық» сыйлығын тағайындау туралы ұсынысты алғаш рет 2002 жылы «Қазақстанның Демократиялық таңдауы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жиынында Төлен Тоқтасынов жасаған еді. Содан бері дәстүрлі сыйлық жеті жылдың ішінде демократияны жақтаушы 27 азаматқа тапсырылыпты.
Қазақстан Республикасында демократия мен азаматтық қоғамды дамытуға қосқан үлесі үшін «Азаттықтың» 2008 жылғы иегері атанған Бақыт Түменова бұл марапаттау өзі үшін тосын жаңалық болғандығын айтты:
- «Азаттық» сыйлығын маған тапсырғанына әлі таңданып тұрмын. Бұған дейін мен бұл сыйлық әлеуметтік саладағыларға емес, көбіне саясаткерлерге тапсырылады деп ойлайтынмын. Сондықтан Ғ. Жақиянов, М. Әблязов, Н. Масановтарға тапсырылған сыйлықтың бүгін менің қолыма тигеніне өте қуаныштымын.
Ал сөз болып отырған сыйлықтың тағы бір лауреаты Сағат Жүсіп дипломды қолына ұстаған сәтінде өз өмірін тұтастай Қазақстанда демократияны дамытуға арнағандығын былайша жеткізді:
- Осыдан жиырма жыл бұрын мен жазылмас "ауруға" шалдықтым. Ол Қазақстанда әділетті қоғам құру ауруы еді. Осы жолды мен сіздермен бірге жүруге арнадым.
«Азаттық» сыйлығының әр жылдардағы иегерлері мыналар:
2002 – Мұхтар Әблязов, Ғалымжан Жақиянов, Сергей Дуванов;
2003 – Ермұрат Бапи, Игорь Винявский, Геннадий Бендицкий, Балташ Тұрсынбаев;
2004 – Мақпал Жүнісова, Жұмабай Доспанов, Асхат Шәріпжан, Жармахан Тұяқбай;
2005 – Батырхан Дәрімбет, Заманбек Нұрқаділов, Галина Дырдина, Серікболсын Әбділдин, Болат Әбілов;
2006 – Алтынбек Сәрсенбаев, Нұрболат Масанов, Қазис Тоғысбаев, Евгений Жовтис, Ирина Савостина, Әлібек Жұмабаев;
2007 – Арон Атабек, Сергей Уткин, Герольд Бельгер;
2008 – Бақыт Түменова, Сағат Жүсіп.