Алматыда Назарбаевқа ескерткіш қойылды

Қазақстанның тұңғыш президенті атындағы саябақта ашылған Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішінің ашылуы. Алматы, 11 қараша 2011 жыл.

Туынды авторлары Алматыда «таудың шыңында отырған президенттің еліне нұр шашып тұрған сәті» бейнеленгенін айтып жатқан кезде Астанаға жиналған ғалымдар қартаймаудың амалын іздеп отырды.

2011 жылы 11-айдың 11-і күні сағат 11-де Алматыда, Қазақстанның тұңғыш президенті атындағы паркте президент Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған ескерткіш ашылды. Президент мүсіні «Қазақстан» деп аталатын мемориалдық кешенінің ортасында тұр.

«ЕЛІНЕ НҰР ШАШҚАН»

Композиция қола, гранит, мәрмәрден бүркіттің қанаты сұлбасында жасалған.

– Мүсіннің артқы бетінде орналасқан қыранның екі қанатында Қазақстан тарихында елеулі орын алатын екі қала – Астана мен Алматы

Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаева ескерткіштің ашылу салтанатында тұр. Алматы, 11 қараша 2011 жыл.

бейнеленген. Ал 4 метрлік мүсінді сомдауыма 9 ай кетті. Құдды балам сияқты, – дейді монументтің авторы, мүсінші Шоқан Төлеш.

Ескерткіште президент оң қолын сәл көтеріп отыр.

– Сол қолы орнында мықты – елі бай-қуатты, жалпы тұрақтылықты, мықтылықты білдіреді. Ал мына оң қолын енді «таудың жоғарғы шыңына отырған пезидент қолынан нұр шашып тұр еліне» деп бейнеледім, – дейді мүсінші.

«Мүсін демеушілер қаржысына жасалғанын» айтқан Шоқан Төлеш демеушілердің кім екенін, қанша қаржы жұмсалғанын «айта алмаймын» деді.

«ЖАҚСЫЛЫҚТЫ ТІРІ КЕЗІНДЕ ЖАСАУ КЕРЕК»

Ескерткіштің ашылу салтанатына билік, өнер және мәдениет өкілдері қатысты. Олардың арасында Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, сенат депутаты Қуаныш Сұлтанов бар.

Ескерткішке келгендер Қазақстан президентінің «мұндай құрметке лайық адам екенін» айтысты.
Жолдастар, мен Нұрсұлтан Әбішұлын... ұлы Бірінші Петрмен салыстырамын

- Жолдастар, мен Нұрсұлтан Әбішұлын батпаққа Петроградты салған ұлы Бірінші Петрмен салыстырамын. Нұрсұлтан Әбішұлы шөл далада әдемі астана орнатты, - деді Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, Алматы қаласының құрметті азаматы Сұлтан Жиенбаев.

Сенат депутаты Қуаныш Сұлтановтың айтуынша, жиырма жыл бұрын әлемдік державалар басшылары «Қазақстанның қандай ел екенін, қазақтың кім екенін білмейтін». Қазір олар Қазақстанның беделін әлемдік деңгейге шығарған президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне құлақ асады деді депутат.

Ахметжан Есімовтің айтуынша, ескерткішті Қазақстанның суретшілер, сәулетшілер, дизайнерлер мен қала құрылысшылары одақтары тұңғыш президент туралы Конституциялық заңның 9-бабына сәйкес өз қаржыларына орнатқан.

Ал мүсінші Шоқан Төлеш бұл ескерткіш «зиялы қауым өкілдерінің ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына жасаған тартуы» деді.

– Жақсылықты тірі кезінде жасау керек қой. Мысалы, шынымен жасалған болса, ондай адамдардың мүсінін адам бар кезінде жасау керек, қастерлеу керек. Өйткені ол кісінің еңбегі зор, – дейді мүсінші.

Оның пікірінше, мүсіннің «ғұмыры ұзақ болмақ».

ҚАРТАЙМАУҒА ҚАРСЫ АМАЛ

Алматыда президент Назарбаевқа ескерткіш орнатып, «ғұмыры ұзақ болсын» деп жатқан кезде Астанада адам жасын ұзартуға байланысты жиын өтті.

Назарбаев университеті ұйымдастырып отырған халықаралық конференцияда ғалымдар адам жасын ұзарту мен ағзаның қартаюына

Қазақстанның тұңғыш президенті атындағы саябақта ашылған Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші. Алматы, 11 қараша 2011 жыл.

қарсы жаңа жобаларды сөз етті.

Екі күнге созылатын шараға қазақ ғалымдарына қоса АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Ресей, Ұлыбританиядан 40-тан астам маман келді.

ҚазТАГ агенттігінің хабарлауынша, мамандар регенеративті медицина, геномика, жасушалы биология, нанотехнологиялар мен ұзақ өмір сүру саласындағы жаңа стратегияларды ақылдасады.

– Адамның қалыпты, әдеттегі қартаюы шамамен 100-120 жылға созылады. Алайда патологиялық қартаю деген түсінік бар. Осыған байланысты қазіргі уақытта оған қарсы геронто технологиялар мен геронто инжиниринг салалары дамытылып жатыр. Сондықтан біздің алдымызда болашақта гендік және жасуша деңгейінде патологиялық қартаюды анықтайтын биомаркерлерді дайындау мақсаты тұр, – дейді Назарбаев университетінің Өмір туралы ғылым орталығының бас директоры, профессор Жақсыбай Жұмаділов.

Адам жасын ұзарту, қартаюға қарсы дәрі ойлап табу – Қазақстан президенті Назарбаевтың да бірнеше рет айтқан мәселесі. Президент соңғы рет 2010 жылы желтоқсанның 7-сінде Назарбаев университеті студенттеріне дәріс оқығанда болашақта Қазақстаннан Нобель сыйлығын алатын адамның шығатынына сенімді екенін айтып, өзі құралпыластардың кәрілікке қарсы дәріні тағатсыздана күтіп отырғанын жеткізген.

– Менімен жасты адамдар ұзақ өмір сүруге мүмкіндік беретін, өмірді ұзартатын жаңалықтарды қатты тосып жүр, мұның тезірек болғанын қалайды, – деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.

Your browser doesn’t support HTML5

Назарбаевқа ескерткіш қойылды