Мұнай бағасының құбылуы азық-түлікті қымбаттатып жіберді

«Көк базардағы» жеміс-жидек пен көкөніс саудасы. Алматы, 28 қараша 2010 жыл.

Халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдарының болжамына жүгінсек, 2011 жылы инфляция мен азық-түлік тағамдарына бағаның өсімі жоғары қарқында болады.

Әлем мен Қазақстандағы азық-түлік бағасына қатысты хабарды тыңдаңыз

Your browser doesn’t support HTML5

Әлем мен Қазақстандағы азық-түлік бағасына қатысты хабарды тыңдаңыз



Азық-түліктің қымбаттауы дамып келе жатқан мемлекеттер үшін үлкен проблема болады дейді сарапшылар.

Ал елдегі азық-түлік бағасының өсіміне бірнеше себептер бар. "Ең бастысы - бұған әлемдегі азық-түлік тағамына бағаның өсуі әсер етіп жатыр" дейді мамандар. Мәселен, Дүниежүзілік банктің дерегі бойынша, биыл 1 айда азық-түлік тауарының бағасы 29 пайызға өскен. Оның ішінде мұнайға әлемдік бағаның құбылуы да азық-түлікке әсер етеді.