Азаттық 2014 жылы ел ішінде және шетелдерде болған маңызды саяси-әлеуметтік оқиғалардың қоғамға, билікке және халықаралық қатынастарға әсеріне шолу жасау үшін онлайн-конференция өткізді.
Онлайн-конференцияға жылдың саяси-әлеуметтік оқиғаларынан хабардар азаматтық белсенді әрі журналист Қасым Аманжолұлы шақырылды.
Журналист Аманжолұлының биыл Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына да ықпал еткен Украина дағдарысы жайлы "Майданнан майданға дейін" деректі фильмі қоғам талқысын туғызған еді. Ол фильмнің "Таң" телеарнасынан көрсетілуі елеулі оқиғаға айналған. Журналистің Украинаға сапарында түсірген "Қырым" деректі фильмі эфирден алынып тасталған.