Серікболсын Әбділдин 1991-1993 жылдар аралығында Қазақ ССР-інің атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерткен, Қазақстанның тәуелсіздігін жариялаған, 1993 жылы тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясын қабылдаған бірінші парламенті - Жоғарғы Кеңестің төрағасы қызметін атқарды.
1994 жылы, 12-шақырылымдағы Жоғарғы Кеңес өзін-өзі таратқан соң оппозицияға өтті. Қатарынан екі кезеңге мәжіліс депутаты болып сайланды.
Серікболсын Әбділдин 1999 жылғы кезектен тыс президент сайлауына оппозицияның ортақ үміткері ретінде қатысып, Нұрсұлтан Назарбаевтан кейін екінші орын алды.
1996-2010 жылдары Қазақстан компартиясы бірінші хатшысы болған Серікболсын Әбділдин елдегі демократиялық қозғалыстарға белсене ат салысты.
Серікболсын Әбділдинмен онлайн-конференция оппозицияның бүгінгі белсенділігі жайлы өтті.
Онлайн-конференцияның видеосын көріңіз: