Бүгін бір топ оппозиция өкілдерінің Алматы қалалық әкімдігінің үстінен түсірген шағымының негізінде сот басталды. Осы күнге дейін наразылық митингтеріне рұқсат ала алмай келген оппозиционерлер, енді сот арқылы өздерінің конституциялық құқығын талап етпекші.
Алғашы сот отырысы сәрсенбі, қыркүйектің 5-і күні Алматының Бостандық аудандық сотында өтті. Шағым берушілер алты адам: Болат Әбілов, Ермұрат Бәпи, Әміржан Қосанов, Гүлжан Ерғалиева, Маржан Аспандиярова және Якобжан Жүнісбеков.
ӘКІМ ДЕ, ОРЫНБАСАРЫ ДА КЕЛГЕН ЖОҚ
Алғашқы процеске қала әкімшілігінің өкілі Ербол Күмісходжаев пен қалалық мәслихат өкілі Рашид Ысымбаевтар қатысты.
Істі қарап жатқан судья Ералы Бекбаев екі жаққа құқықтары мен міндеттерін түсіндірген соң, сөз алған шағым беруші жақ әкім мен оның орынбасарының келуін талап етті.
- Митинг өткізуге қатысты жүзге тарта өтінішті Сейдумановтың атына жаздық, алайда оның барлығына негізсіз рұқсат берілмей келді. Оның нақты себебін білу үшін Сейдумановтың өзінің келуін талап етемін, - деді Гүлжан Ерғалиева.
Дәл осындай талап қойған Болат Әбілов:
- Қала әкімі Ахметжан Есімов пен оның орынбасары Серік Сейдуманов екеуінің атынан бір ғана өкіл келгені заңға қайшы, - деп ескертті.
Осылайша бірнеше талап қойып, оны орындата алмаған оппозиционерлер судьяны ауыстыруды да сұрады. Алайда бұл талапты қараған ендігі судья Сара Қаракөзиева оны да қанағаттандырмады. Осылайша алғашқы отырыс аяқталды. Ендігі сот тыңдауы келесі аптада, қыркүйектің 13-і күні өтеді деп жоспарланып отыр.
"ТІПТІ ЖИНАЛЫП, НАРАЗЫЛЫҚ ТАНЫТУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН"
Сотқа шағымданып отырған оппозиция өкілдері «наразылықтарын кез-келген жерде бейбіт түрде білдіруге құқықтары бар» екендігін дәлелдегілері келгенін айтады.
- Тек қана оппозицияның емес, қарапайым халықтың наразылығы бар болса, оны кез-келген жерде білдіруге құқығы бар. Мәселен, президентке айтар сынымыз болса, Ақорданың алдына жиналып айтуға құқығымыз бар. Дәл сол секілді үкімет пен парламент, әкімшілік алдына жиналуға да құқылымыз. Дегенмен қазір қалаларда, аймақтарда айлап, жылдап митингіге рұқсат бермей келеді. Алыс аймақтарда тіпті жиналып, наразылық танытуға тыйым салынған, - деді Болат Әбілов.
Саясаткер "құқықтарын аяқ-асты еткен" Алматы қаласының әкімшілігін сот арқылы тәртіпке шақырмақшы.
- Біз әкімшілікке қала ортасында бейбіт митинг өткізуге рұқсат сұрап, әсіресе, Жаңаөзен оқиғасынан кейін жүздеген арыз жазған едік. Бір де біріне рұқсат ала алмадық. Дегенмен біз митингтер өткізіп жүрдік, оның соңы қамауға және күш қолдануға соқтырып жатқанын білесіздер. Біз мұны биліктің заңсыз шешімі деп бағалаймыз. Себебі біздің конституцияда көрсетілген бейбіт жиын мен митинг өткізу құқығымыз сақталмай отыр, - деді Әбілов.
Алғашы сот отырысы сәрсенбі, қыркүйектің 5-і күні Алматының Бостандық аудандық сотында өтті. Шағым берушілер алты адам: Болат Әбілов, Ермұрат Бәпи, Әміржан Қосанов, Гүлжан Ерғалиева, Маржан Аспандиярова және Якобжан Жүнісбеков.
ӘКІМ ДЕ, ОРЫНБАСАРЫ ДА КЕЛГЕН ЖОҚ
Алғашқы процеске қала әкімшілігінің өкілі Ербол Күмісходжаев пен қалалық мәслихат өкілі Рашид Ысымбаевтар қатысты.
Істі қарап жатқан судья Ералы Бекбаев екі жаққа құқықтары мен міндеттерін түсіндірген соң, сөз алған шағым беруші жақ әкім мен оның орынбасарының келуін талап етті.
Жүзге тарта өтінішті Сейдумановтың атына жаздық, алайда оның барлығына негізсіз рұқсат берілмей келді.