Баянауылдағы Жасыбай көлі

Таңғы Жасыбай. Баянауыл ұлттық табиғи паркі аумағындағы Жасыбай көлі демалушылар көп келетін жерлердің бірі. Жасыбай - ешқандай өзен суы қосылмайтын тұйық көл.

Таң алдында Жасыбай көліне қармақ салып тұрған адамдар.

Жасыбай көліне шомылып жүрген бала.

Жасыбай көліне демалуға келген жұртқа бәліш сатып жүрген жігіт.

Жасыбай көлі жағасындағы арнайы тұғырдан суға секірген қыз.

Баянауыл ұлттық паркінде туристерді экскурсияға тасып жүрген автобус.

Баянауыл ұлттық паркіндегі тау шатқалдарын жаяу аралап жүрген демалушылар.

Баянауыл ұлттық паркі. Жергілікті тұрғындар бұл жердің «тасы да құнарлы» екенін айтады. Мұнда гранит тасты жарып өсіп тұрған ағаш көп.

Қоңыр әулие үңгірі ішінде тілек жазып отырған екі жас. Баянауыл ұлттық қорығындағы Қоңыр әулие үңгірі - демалушылар көп келетін орындардың бірі.

Кемпіртас. Баянауыл ұлттық паркінде жауын-шашын жуып, күнге тотығып, жел қажап, түрлі жануардың немесе адамның бейнесіне ұқсап қалған тастар көп.

Қыран шатқалы. Баянауыл ұлттық паркінде туристік альпинизмді дамытуға қажетті шатқалдар аз емес.

Жасыбай көлінде кешкілік қайықпен серуендеп жүргендер.

Көл жағасындағы екеу.

Күннің ұясына қонар сәтін тамашалап отырған жігіт.

Түнгі Жасыбай. Мұндағы демалыс үйлерінің бағасы әркелкі. Ескі үйлерде бір адам үшін жатын орын бағасы тәулігіне 1500-3000 теңге (шамамен 8-16 доллар) арасында болса, жаңадан салынған, ішінде әжетханасы мен жуынатын бөлмесі бар қонақ үйдегі баға 20 мың теңгеден (шамамен 110 доллар) басталады.