Азаттық радиосына мәлім болғандай, шетелде бас сауғалап жүрген Рахат Әлиевтің әкесі, Қазақстаннан кетіп қалғанына біраз уақыт болған дәрігер ғалым Мұхтар Әлиев елге келді. Оның басты мақсаты – үйінде қамауда отыр делінетін зайыбына демеу болу.
Профессор Мұхтар Әлиев сенбі күні Лондон әуежайынан ұшып шықты. Ол жексенбінің таңына қарай Алматы әуежайына келді.
Азаттық тілшілерінің Алматы әуежайынан хабарлауынша, Мұхтар Әлиевті бірнеше адам қарсы алған. Оны VIP-залдан үш адам қарсы алып, алыстан келген жолаушыны үкіметтік нөмірі бар Джип көлігіне отырғызған.
Сапарының дәл қарсаңында Азаттық радиосының лондондық тілшісімен болған телефон әңгімесінде Мұхтар Әлиев эмиграциядан елге келуінің басты мақсаты – зайыбы Минавар Әлиеваның шұғыл емделуі үшін Еуропаға баруына рұқсат алып беру екенін хабарлады.
Минавар Әлиева, туыстарының айтуына қарағанда, жүрек сырқатына шалдыққан. Соңғы бір жарым жылдан бері оның Қазақстаннан аттап шығуына рұқсат берілмей, бір кезде тіпті оның паспортын алып қойыпты.
Ал осыдан бірнеше ай бұрын Венада Мұхтар Әлиевтің өзімен күтпеген оқиға болды. Ол белгісіз себептермен Қазақстанның
Бұл мамыр айының 4-і күні болған-ды. Сол кезде қазақ газеттері «Мұхтар Әлиев ұлы Рахат күштеп қамауда ұстап келген қапастан қашып шығып, елге оралмақ ниетпен елшілікке барып паналапты» деп жазған болатын. Оған қоса Мұхтар Әлиев, неге екені белгісіз, Қазақстан елшілігінде президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ең аяусыз сыншысы, «Өкіл қайыната» кітабының ауторы әрі туған ұлы Рахатты қаралайтын хатқа қол қояды.
Келесі күні қарт профессор өзін елшіліктен босатуын талап етті де, оған ешкім бөгет болмады. Көп ұзамай Азаттық радиосына берген сұхбатында Мұхтар Әлиевтің өзі ұлының үстінен шағымданған хатынан бас тартатынын мәлімдеді.
Сол кезде кейбір баспасөз құралы Қазақстан елшілігінде Мұхтар Әлиевке белгісіз дәрі-дәрмек берілді деген ақпаратты жариялап үлгерді. Өзінің айтуынша, елшілікте өзіне қандай дәрі беріп, нендей қағазға қол қойғаны есінде қалмапты. Елшілік өкілдерінің Азаттық радиосына мәлімдегеніндей, профессор Әлиевке Аустрия дәрігерінен жоғары сапалы медициналық көмек көрсетілген.
Мұхтар Әлиев Венадан Қазақстанға оралысымен, елде оның қатысуымен баспасөз-мәслихатын өткізіп, ұлымен арадағы күрделі қарым-қатынасының жай-жапсарын тәптіштеп айтып береді деген хабарлар да болды. Бірақ ол мәслихат өтпей қалды.
Көп ұзамай Мұхтар Әлиев Венаны тастап, Лондонға қызы Гүлшаттың қолына барып тұрды. Енді міне арада бірнеше ай өтіп, Мұхтар Әлиев елге келіп отыр.
Оның сөзіне қарағанда, зайыбының шетелге шығуына рұқсат алу үшін өзінің бұрынғы құдасы – президент Нұрсұлтан Назарбаевпен жүздесуге де әзір. Егер, әрине, ол қабылдай қойса.
Мұхтар Әлиев, сонымен қатар, Қазақстанда ешқандай баспасөз-мәслихатын өткізбейтінін немесе ешбір мәлімдеме жасамайтынын, тек зайыбына демеу болып, оның шетелге шығуына рұқсат алу үшін ғана елге жол тартқанын айтты.
Азаттық тілшілерінің Алматы әуежайынан хабарлауынша, Мұхтар Әлиевті бірнеше адам қарсы алған. Оны VIP-залдан үш адам қарсы алып, алыстан келген жолаушыны үкіметтік нөмірі бар Джип көлігіне отырғызған.
Сапарының дәл қарсаңында Азаттық радиосының лондондық тілшісімен болған телефон әңгімесінде Мұхтар Әлиев эмиграциядан елге келуінің басты мақсаты – зайыбы Минавар Әлиеваның шұғыл емделуі үшін Еуропаға баруына рұқсат алып беру екенін хабарлады.
Минавар Әлиева, туыстарының айтуына қарағанда, жүрек сырқатына шалдыққан. Соңғы бір жарым жылдан бері оның Қазақстаннан аттап шығуына рұқсат берілмей, бір кезде тіпті оның паспортын алып қойыпты.
Ал осыдан бірнеше ай бұрын Венада Мұхтар Әлиевтің өзімен күтпеген оқиға болды. Ол белгісіз себептермен Қазақстанның
Мұхтар Әлиев (сол жақта) және оны күтіп алушы азамат Алматы әуежайынан шығып келеді. Алматы, 4 қазан 2009 жыл.
Венадағы елшілігінен бір-ақ шықты. Бұл мамыр айының 4-і күні болған-ды. Сол кезде қазақ газеттері «Мұхтар Әлиев ұлы Рахат күштеп қамауда ұстап келген қапастан қашып шығып, елге оралмақ ниетпен елшілікке барып паналапты» деп жазған болатын. Оған қоса Мұхтар Әлиев, неге екені белгісіз, Қазақстан елшілігінде президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ең аяусыз сыншысы, «Өкіл қайыната» кітабының ауторы әрі туған ұлы Рахатты қаралайтын хатқа қол қояды.