Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілетін ұзарту үшін жиналған қол үш айдан кейін жойылатынын ресми түрде жариялады. Сарапшылар қол жинау рәсіміне қатысты күдіктер ұлғайып отырған тұста Орталық сайлау комиссиясының мұндай шешім қабылдауын «асығыстық» деп бағалайды.
Орталық сайлау комиссиясының қаулысында бұл қолдардың растығын тексеру нәтижесі туралы толтырылған хаттамалар ғана сақталатыны айтылған.
«АСЫҒЫС ШЕШІМ»
Құқыққорғаушы Амангелді Шорманбаевтың айтуынша, ҚР «Республикалық референдум туралы» заңының 16-бап 3-бөлімінде «қол қойған қағаздардың қалай, қашанға дейін сақталатынын» Орталық сайлау комиссиясының өзі шешетіні жазылған. Алайда құқыққорғаушы қол жинау рәсімінің әділ өткен-өтпегеніне қатысты қоғамның күдігі молайып отырған кездегі ресми
Ертең бұл айғақтар жойылып кетсе, онда «қолымызда жоқ» деп тағы да сылтаурататын болады
– Тәжірибеге қарасақ, ондай құжаттар кемінде бір жыл сақталуы керек. Ертеңгі күні бұған қатысты дау туындаса, онда барлық құжатты қайта қарастыруға тура келеді. Себебі бұл – кешегі қол жинау рәсімінің әділ өткен-өтпегенін дәлелдейтін жалғыз айғақ. Ертең бұл айғақтар жойылып кетсе, онда «қолымызда жоқ» деп тағы да сылтаурататын болады, – деді Амангелді Шорманбаев қаңтардың 21-і күні Азаттық радиосына.
Құқыққорғаушы әу баста-ақ қол жинау рәсімінде заңға қайшы жайттар көп болғанын айтады.
– Бұл жою не жоймаудан маңыздырақ нәрсе бар. «Референдум туралы» заңға сәйкес, қол жинауды тек бастамашыл топ өкілдері ғана өткізуі тиіс еді. Ал бізде мұнымен әкімшіліктен бастап, бюджеттік мекеме басшылары айналысып кетті. Бір қызығы, мұны ОСК төрағасының өзі де жоққа шығармай, керісінше «қуаттайтынын» айтып қалды. Осыдан бірнеше апта бұрын ол журналистердің сұрақтарына жауап беріп жатып: «Иә, қол жинауға көп адамдар қатысты. Біз оған ешқандай тыйым салмаймыз» деді. Мұның ар жағын өзіңіз сараптай беріңіз, – дейді Амангелді Шорманбаев.
«МӘСЕЛЕ – ҚОЙЫЛҒАН ҚОЛДЫҢ ЖАЛҒАН НЕ ЖАЛҒАН ЕМЕСТІГІНДЕ»
Қаңтардың 13-і күні Орталық сайлау комиссиясы референдум өткізуді елдегі 5 миллион 16 мың адам (яғни, барлық сайлаушылардың 55,2 пайызы) қолдайтынын ресми түрде мәлімдеген еді. Ал оппозиция өкілдері қол жинау рәсімінің заңға қайшы өткенін айтып, Орталық сайлау комиссиясынан референдумды қолдаған азаматтардың тізімін жасап, ресми сайтта жариялауын талап еткен болатын.
Тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козлов егер Орталық сайлау комиссиясы жиналған қолдардың жалған не жалған еместігін
Тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козлов АҚШ президенттерінің және Қазақстан президенті Назарбаевтың суреттерін ұстап тұр. Алматы, 19 қаңтар 2011 жыл.
тексеретін арнайы комиссия құрудың орнына оны жоюға асықса, «бұл жиналған 5 миллион қолды жарамсыз деп айтуға негіз береді» дейді. – Менің ойымша, нақты жағдайда жиналған қолдар Орталық сайлау комиссиясы айтқандай құпия бола алмайды. Себебі бұл жерде мәселе – оның жалған не жалған еместігінде.
Орталық сайлау комиссиясы мұны істеудің орнына қоғамдық ұйым өкілдерінің араласуымен арнайы комиссия құрып, 5 миллион қолдың жалған еместігіне қоғам өкілдерінің көзін жеткізуі тиіс еді, – деді Владимир Козлов қаңтардың 21-і күні Азаттық радиосына.
«Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының тең төрағасы Жармақан Тұяқбайдың айтуынша, осы сияқты ақылға қонымсыз
«Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының тең төрағасы Жармақан Тұяқбай. Алматы, 18 қазан 2010 жыл.
әрекеттердің салдарынан елдегі сайлаулардың да әділ өткен-өтпегендігі анықталмай жатады. – Жалпы, бұл проблема сайлау қорытындысы бойынша жиналған бюллетеньдерді жою проблемасымен де жалғасып жатыр. Бізде таза сайлау өтті ме, өтпеді ме, бұрмалау болды ма, болмады ма, бюллетеньдер дұрыс саналды ма, саналмады ма – оған қарамастан үш айдан кейін барлық бюллетеньдер жойып жіберіледі. Бұл дұрыс емес, – дейді Жармақан Тұяқбай.
«ХАЛЫҚ ПЕН МЕМЛЕКЕТ МҮДДЕЛЕРІН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ»
Ал президент Нұрсұлтан Назарбаев референдум мәселесі бойынша «шешімді халық пен мемлекет мүдделерін ескере отырып қабылдайтынын» мәлімдеді. Мұны Қазақстан президентінің баспасөз қызметі қаңтардың 20-сы күні хабарлады.
– Бұл бастама бұқара халықтың қолдауына ие болғандықтан және бес миллионнан астам қол жиналғандықтан зор мақтаныш сезімінде отырмын. Бүкілұлттық бастамаға партиялар, қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, барша қазақстандықтар қолдау білдірді. Бірде-бір мемлекет саясаткері халық пікірін елеусіз қалдыра алмайтындығы белгілі. Бірақ мемлекеттік ұстаным тұрғысынан мен үшін бұл мәселе өте маңызды. Сондықтан мен барлық «иә» және «қарсы» деген пікірлерді таразылай отырып, халық пен мемлекет мүддесін ескере отырып, еліміздің халқы үшін қажетті шешім қабылдаймын, – деген еді Нұрсұлтан Назарбаев өзіне қолдау білдірген бір топ адаммен бірге Ақордада өткізген кеңесте.