Қазақстан мен Ресейдің Байқоңырға байланысты дауы

"Прогресс М-11М" ғарышқа жүк жеткізу кемесі "Союз-У" зымыранын ұшу алаңына орнатып жатыр. Байқоңыр, 19 маусым 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

«Қазақстан зымыран қалдықтары құлайтын аумаққа қатысты дауға орай үш ресейлік спутниктің Байқоңырдан ұшырылуына кедергі жасап отыр» деп хабарлайды бірқатар ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары. Ал Қазақстан Ресеймен қосымша келісім жасалуын талап етеді.
Ресейлік интернет басылымдардың жазуынша, ол ел жазда ғарышқа аттанады деп жоспарланған үш спутнигін ұшыра алмайды – себебі Қазақстан «Союз» зымыранының бірінші кезеңіндегі қалдықтарының құлауы үшін өз территориясын пайдалануға рұқсат етпеген.

«ҚАЗАҚСТАН ҚАУІПТЕНІП ОТЫР»

«Қазақстан зымыран қалдықтары құлайтын Қостанай және Ақтөбе облыстарына қарасты №120 аумағын пайдалану мәселесін шешуді созып жатыр. Қазақстан осымен Ресейге бірінші рет қасақана бөгет жасап отырған жоқ» деп жазады басылым.

«Коммерсантъ» газеті мен «Интерфакс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан «елдің солтүстігіндегі аумақты зымыран қалдықтарының құлауына пайдалану үшін екі жақ қосымша келісім жасауы тиіс» екенін айтқан.

– Осыған байланысты біз тек өзіміздің ғана емес, халықаралық міндеттемелерімізді де орындай алмай отырмыз, – дейді «Роскосмос» өкілі «Коммерсантқа» берген сұқбатында.

«Союз» зымырандарының алғашқы кезеңі бойынша ұшырылуы кейінге қалды делінген спутниктер – еуропалық MetOр-B, Ресейдің «Канопус-В», «Ресурс-П»

"Союз" зымыраны ұшқалы тұр. Байқоңыр, 29 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

және МКА-ПН1, Беларусьтің БКА, Канаданың ADS-1B, Германияның TET-1 құрылғылары.

Бұлардың алғашқысы мамырдың 23-інде, Беларусь, Канада, Германияның және екі ресейлік спутник маусымның 7-сінде, ал Ресейдің «Ресурс-П» ғарыш аппараты тамызда ұшырылуы тиіс болатын. Бұл спутниктердің енді қалай және қашан ұшырылатыны белгісіз.

«Коммерсантъ» газетінің мәліметінше, Қазақстанмен арадағы дауға Ресейдің Қиыр Шығыста «Восточный» деп аталатын жаңа ғарыш айлағын салу жоспары себеп болған болуы мүмкін.

«Қазақстан жаңа ғарыш айлағы Ресейдің Байқоңырды жалдау туралы келісім-шартты тоқтатуына әсер етуі мүмкін деп қауіптенеді» деп жазады ресейлік басылым.

«ҚОСЫМША КЕЛІСІМ ЖАСАЛУЫ ТИІС»

Қазақстанның ұлттық «Қазғарыш» агенттігі Байқоңырдағы дауға байланысты өз ұстанымын жариялады. Агенттіктің мәліметінше, Астана мен Мәскеу зымыран қалдықтары құлайтын жаңа аумақ туралы әзірше келісім жасамаған.

«Ол ғарыш аппараттарын ұшыру 2011 жылдың соңында Қазақстан тарапымен келісілмеген. Себебі оларды жүзеге асыру 1994 жылғы 10 желтоқсандағы

Бақылау орны мамандары халықаралық ғарыш станциясымен түйіскен "Союз TMA-04M" спутнигінен хабар алып отыр. 17 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

«Байқоңыр» кешенін жалға алу келісім-шартында қарастырылмаған зымыран тасығышының бөлінетін бөлігінің жаңа құлау аймағын пайдалануды қажет етеді. Бұл жөнінде Ресей тарапы дер кезінде хабардар етілген» дейті «Қазғарыш» агенттігі ресми сайтында жарияланған хабарламасында.

«Қазғарыш» агенттігінің мәлімдеуінше, Қазақстанның жер заңнамасына сәйкес, зымыран тасығыш бөлігінің жаңа құлау аймағы ретінде пайдалануға жер учаскесін бөлу үшін Қазақстанмен ратификацияланған халықаралық келісім шарт жасалуы тиіс.

«2008 жылы тараптар тиісті үкіметаралық келісім жобасын дайындау жұмыстарын бастаған болатын, алайда бүгінгі күнге дейін келісім мәтіні бірауыздан келісілген жоқ. 2012 жылдың 25 мамырында дипломатиялық арналар арқылы Ресей тарапынан түскен келісім жобасы 2011 жылдың соңында тараптардың сарапшыларымен келісілген келісім жобасынан мүлдем бөлек. Осыған байланысты келісім жобасы қазақстандық тараптың қосымша пысықтауын, сондай-ақ жобаны Ресей тарапымен қайта келісуді қажет етеді» дейді «Қазғарыш».

Мамырдың 29-ында Ресейдің «Роскосмос» ғарыш агенттігінің басшысы Владимир Поповкиннің жақын арада Қазақстанға келетіні хабарланды. Бұл туралы сейсенбі

"Союз TMA-04M" ғарыш кемесінің ұшу шарасына қатысқан дін қызметкері. Байқоңыр, 14 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

күні Астанада премьер-министр Дмитрий Медведев жетекшілігіндегі ресейлік делегацияның Қазақстан ресми өкілдерімен келіссөздері барысында мәлім болды деп хабарлайды «РИА Новости» ақпарат агенттігі.

Ресей 1955 жылы 2 маусымда салынған Байқоңыр кешенін 1994 жылдан бері жалға алып келеді. Екі ел арасындағы келісімге сәйкес, Ресейдің Байқоңыр кешенін жалдау мерзімі 2050 жылға дейін ұзартылған. Ресей ғарыш айлағын жалға алғаны үшін Қазақстанға жыл сайын шамамен 115 миллион АҚШ долларын төлеп келеді.