Ақпараттық соғыстағы ресейлік технология

«Халық-азаттық қозғалысы» өкілдері «Аңыз адам» журналының сәуірде шыққан санын мылтықтың сүңгісіне түйреп, өртеп жатыр. Алматы, 21 сәуір 2014 жыл.

Қазақстанда «Халық-азаттық қозғалысы» деп аталатын ұйымның белсенділігі артқаны байқалады. Ұйымның ақпараттық соғысқа қатысатынын қозғалыс жетекшісі де жасырмайды.
Алматыда өткен антифашистік акцияға белсенділері қатысқан «Халық-азаттық қозғалысы» деп аталатын ұйым жұртқа сәуірдің аяғында мәлім болды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі әскери форма киген ер кісілер жергілікті журналдың Гитлерге арналған санының бір данасын ескі винтовканың найзасымен шаншып, отқа өртеген.

Қозғалыстың қысқаша атауы – ХАҚ. Қозғалыс 2013 жылдың аяғында ауған ардагерлері одағы, яғни ауған-совет соғысы ардагерлерінің бастамасымен құрылған.

ХАҚ ПЕН ОНЫҢ ЖАРҒЫСЫ

Кейбір жергілікті сарапшылар қазақстандық ХАҚ - астыртын ұлттық ұйымдардың бірі саналатын әрі СССР-ды қайта құру идеясын насихаттайтын ресейлік ұлт-азаттық қозғалысының филиалы деп есептейді.

ВИДЕО: ХАҚ белсенділері «Аңыз адам» журналының Гитлерге арнаған нөмірін өртеп жатыр

Your browser doesn’t support HTML5

Гитлер жайлы журналды өртеу


Ұйым жетекшілері қазақстандық ХАҚ-тың ресейлік ұйымға қатысы жоқ дейді. Бірақ қозғалыс сайты Ресей мен Украинадағы осы аттас ұйымдардың қызметімен танысуды ұсынып, олардың сайттарына сілтеме берген.

– Ресейлік ұлт-азаттық қозғалысына қатысымыз жоқ. Қазақстан территориясындағы ақпараттық соғыста олардың технологияларын ғана қолдандық. Өйткені Ресей мене Қазақстандағы оппозициялық ҮЕҰ-ның жұмыс

ХАҚ үйлестірушісі Бақытжан Пірімбетов.

істеу схемасы бірдей екенін ұқтық, - дейді халық-азаттық қозғалысының үйлестірушісі Бақытжан Пірімбетов Азаттық тілшісіне.

ХАҚ ұйымы Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге бас тартуды және бірыңғай экономикалық кеңістік пен Кремльдің бастамасымен құрылып жатқан Еуразия одағы аясындағы интеграцияны қолдайды.

Ұйым сайтының «Еуразия» деген бөлімінде Қазақстан президенті туралы «Н.Назарбаев. Елбасы» деген атаумен мақала жарияланған. Батыс елдері автократ ретінде танитын әрі Қазақстанның көп жылдан бергі басшысын бұл мақалада «СССР дәуірін бастан өткеріп, қиын-қыстау дағдарыс заманында Отан тұтқасын ұстаған» философ, модернист» деп атайды. Мақаланың астында «Путин – жаңа әлем мессиясы» деген тағы бір мақала бар.

ЫҚПАЛ МЕН ДЕМЕУШІЛІК

Жаңа ұйымның үйлестірушісі Бақытжан Пірімбетов «1 мың 800-ден аса мүшеміз бар. Ұйым жұмысына жеке меншік туристік компаниямның кірісі есебінен өзім демеушілік жасаймын» дейді.

Тәуелсіз журналист Сергей Дуванов қазақстандық ХАҚ-тың пайда болуын Қазақстанда ресейшіл ҮЕҰ-ның белсенділігі артуының белгісі деп есептемейді.

– Ресей қаржыландыратын ешқандай ҮЕҰ-ды білмеймін. Бұл – фейк ұйым. Онда

Қазақстандық журналист Сергей Дуванов. Алматы, 27 ақпан 2014 жыл.

жұртты шулатып жүрген бірер адам ғана бар, - дейді ол Азаттық тілшісіне.

Бірақ Дувановтың пікірінше, Қазақстанда Украинадағы дағдарысқа байланысты Ресейді ашық қолдауға ешкімнің батылы жетпейді.

– БАҚ пен орыс факторының ықпалынан ҮЕҰ-дың көбі Украинадағы жағдайды бағалаудан өздері шеттеп отыр. Қоғам жақтырмайтын болғандықтан, олар ресейшіл позициясын білдіруге қорқады.

Бірақ журналист Сергей Дуванов «Украинадағы дағдарысқа байланысты қазақстандықтардың көпшілігі Украинаның жаңа билігін емес, Ресей президенті Владимир Путинді қолдайды» деп есептейді. Ол мұның себебін Қазақстанның ақпараттық кеңістігіндегі Ресей телевизиясының күшті ықпалымен байланыстырады.

Қазақстандық ХАҚ соңғы екі жылда Қазақстанның тәуелсіз және оппозициялық баспасөзі жаппай жабылған соң азайып кеткен БАҚ қызметін бақылауды күшейтуді құптайды.