Темір жолдағы сауда

«Қызылорда-Көкшетау» бағытындағы поезға Түлкібас станциясынан отырып жатқан жолаушылар. Оңтүстік Қазақстан облысы. 19 шілде 2016 жыл.

Түлкібас темір жол бекетіне тоқтаған поез жолаушыларына алма сатып алуды ұсынып тұрған саудагерлер.

Түлкібас темір жол бекетінде тағам сатып тұрған әйел.

Түлкібас темір жол бекетіндегі тамақ, сусын мен газет-журнал сатушылар.

Темір жол бекетіндегі саудагерлер қысқа уақытқа тоқтаған поез жолаушыларына ас, сусын сатып қалуға тырысады.

Шу темір жол станциясында.

Шу темір жол станциясына тоқтаған поез жолаушылары осындағы саудагерлерден тағам сатып алып тұр.

Шу темір жол станциясында қоларбамен қауын-қарбыз сатып жүрген жігіт.

Жолаушылар саудагерден әңгелек сатып алып жатыр.

Шу темір жол станциясында домбыра сатып тұрған әйел.

Сарышаған темір жол станциясындағы жолаушылар мен саудагерлер. Қарағанды облысы, 19 шілде 2016 жыл.