«Софронийдің паналау үйінен» қашып кетіп, тез табылған екі баланы қайтармай жатыр. Мекеме тәрбиеленушілері «сот шешім шығарса, бәрімізді мемлекеттік балалар үйіне күшпен жібере ме» деп қорқады.
Биліктің «тәрбиеленушілерінің құқықтық мәртебесі анық емес» деген шағым-талабы бойынша «Софронийдің паналау орнына» жабылу қатері төнген сияқты. Қазір Алматы облысы Іле аудандық сотында Сергий Радонежский ғибадатханасы жанындағы паналау мекемесіндегі тәрбиеленушілерді балалар үйлері мен қамқоршыларына тарату үшін Іле аудандық білім беру бөлімінің қарамағына беру ісі қаралып жатыр. Іс бойынша алғашқы сот отырысы қарашаның 21-іне белгіленген. 132 баланың тағдыры сотпен шешілмек.
Осыдан екі күн бұрын Алматы облысы Іле ауданы Түймебаев атындағы кентте орналасқан «Софронийдің паналау орнынан» екі бала – 11 жастағы Виктор Тронев пен 10 жасар Александр Иванов кетіп қалған. Екеуі сол күні кешкісін табылып, полиция бөлімшесіне жеткізілген. Ал паналау мекемесіндегі кейбір балалар «тәртібі қатал мемлекеттік балалар үйіне жібере ме деп қорқамыз» дейді.
ӘКІМШІЛІК ӨКІЛІНІҢ ПІКІРІ
Қарашаның 18-і күні түскі астан кейін паналау мекемесінен кетіп қалған екі бала кешке жақын табылып, полицияға әкелінген. Азаттық тілшісімен телефон арқылы сөйлескен Іле ауданы білім беру бөлімінің өкілі Ғалия Дүйсембаеваның айтуынша, екі баланың қарашаның 18-інде балалар мекемесінен кетіп қалғанын билік орындарына уақытында хабарламаған.
– Іле аудандық іұшкі істер бөліміне «балаларды таба алмадық» деген арыз мекеме директоры Светлана Плаксинадан қарашаның 19-ы күні түсте ғана түскен. Бір тәулік бойы балаларды неге ешкім іздемеген? – дейді Ғалия Дүйсембаева.
Ол бұл жайтқа қатысты балалар «қаңғыбастыққа салынған» деген болжам айтады.
– Мені балалар табылған қарашаның 18-і күні Алматы қаласы Жетісу аудандық ішкі істер бөліміне (ІІБ) шақырды. Балалар паналау орнынан қашып, Алматыға
келген. Үстерінде дұрыс киімі де жоқ, кір-қожалақ, әбден тоңып, қарындары ашқан. Екеуі біреулердің пәтерінің домофонын басып, түнетуді сұраған. Бірақ ешкім үйіне кіргізбеген. Өтіп бара жатқан бір әйел кішкентай балаларды байқап қалып, үйіне апарып, тамақтандырып, полиция шақырған. Сөйтіп, «Боран» жасағы балаларды Алматы қаласы Жетісу аудандық ІІБ-іне алып келген, – дейді Ғалия Дүйсембаева.
Оның айтуынша, кейін балаларды полиция бөлімшесінен Алматы қалалық ІІД жанындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына апарған.
Ғалия Дүйсембаеваның айтуынша, ол табылған балалармен қарашаның 18-і күні түнде жолығып, сөйлескен.
– Балалар мекемесіндегі өмірі туралы сұрағанымда балалар жылап жіберді. «Ол жерге қайта барғыларың келе ме?» деп сұрап едік, үзілді-кесілді «жоқ» деп жауап берді. Онда Софроний әкей мен тәрбиешілерден бөлек, оларды әкейдің нұсқауымен ересек балалар да жәбірлейді екен, – дейді Ғалия Дүйсембаева.
Ғалия Дүйсембаеваның айтуынша, екі баланың бірі – тұлдыр жетім Александр Ивановты балалар үйіне орналастыру қажет. Екінші бала Виктор Треневтің шешесі Алматы облысы Кербұлақ ауданында тұрады. Оның туған әпкесі де паналау мекемесінде тұрып жатыр. Билік өкілінің айтуынша, енді екеуінің шешесін іздеп тауып, балаларын қабылдайтын жағдайы бар-жоғын анықтау қажет.
ПАНАЛАУ ОРНЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ПІКІРІ
Мекеме заңгері Юрий Юриннің Азаттық тілшісіне айтуынша, қарашаның 18-і күні екі баланың жоғалып кеткені анықталғаннан кейін мекеме қызметкерлерінің бәрі екеуін іздеуге кіріскен. Екеуін келесі күннің таңына дейін іздеген. Ол «Қашқын балаларды қарашаның 18-і күні тауып алған полиция мұны паналау мекемесіне неге хабарламаған?» дейді.
– Қарашаның 19-ы күні таңертең Іле аудандық ІІБ-іне балаларға іздеу жариялау туралы ресми арыз бердік. Арызға балалардың құжаттарының көшірмелерін,
фотосуреттерін қосып өткіздік. Ал балалар бұл кезде Алматы қаласы ІІД жанындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында болыпты, – дейді Юрий Юрин.
Юрий Юринмен бірге қарашаның 20-сы күні түске дейін бейімдеу орталығына барған мекеме директоры Светлана Плаксинаға балаларды бермей қойған.
– Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының аты-жөнін атамаған бір қызметкері «Орталық директоры мәжілісте. Мәжіліске кетерде сіздерге балаларды бермеңдер» деп тапсырып кетті деп, бізге балаларды беуден бас тартты, – дейді Юрий Юрин.
Сол күні түстен кейін паналау мекемесі директоры балаларды алуға тағы бір тырысып көргенімен, нәтиже шықпаған. Светлана Плаксинаның айтуынша, бұл жолы бейімдеу орталығының директоры орнында болған.
– Ол «Балаларды дәл қазір қайтарып беруге әзірмін. Бірақ балалардың туу туралы куәлігі мен паналау мекемесі жарғысының түпнұсқасын қөрсетіңдер» деді. Енді паналау орнына қайтып барамын. Әлгі құжаттарды бүгін апарып үлгермеймін. Ертең таңертең үлгеруге тиіспін, түстен кейін Іле аудандық сотында біздің мекемеге қарсы талап-арыз қаралады. Білім беру бөлімі балаларды тартып алмақ, – дейді Светлана Плаксина.
Балалардың паналау орнынан қашу оқиғасы бұрын да болған. 15 жастағы Анатолий Натаров жазғы каникулдан кейін келмеген. Ол маусым айының
басында, туған күні қарсаңында «50 жастағы өгей әпкемнің үйінде тұратын болдым» деп, паналау орнынан кетіп қалған. Мекеме заңгері Юрий Юрин «Жазда Анатолийдің әпкесімен телефон арқылы сөйлесіп тұрдым. Ол Анатолийдің үйінде тұрып жатқанын және оны кейін паналау мекемесінен алып кететінін айтты. Бірақ қыркүйек айынан бастап ол кісімен хабарласа алмай қойдым» дейді.
Светлана Плаксина балалардың паналау орнынан қашу оқиғалары жиілеп кету себебін тәрбиеленушілердің мекемеге жасалып жатқан өрескел қысымнан қорқуымен байланстырады.
– Балалар «түнде автомат асынған адамдар келіп, бәрімізді балалар үйіне алып кетеді» деп қорқады. Теледидардан бәрін көріп, естиді ғой, – дейді Светлана Плаксина.
ТІРІ ЖЕТІМДЕР
Билік Софронийді (азаматтық аты-жөні Петр Евтихеев, Ресей азаматы) «әкімшілік және көші-қон заң талаптарын бұзды» деген желеумен биыл Қазақстаннан депортациялауға тырысқан. Сот шешімінің күші жойылып, Софроний депортациядан құтылған. Бірақ Іле ауданы билігінің оған тағар кінәсі азаяр емес.
Қарашаның 20-сы күні «балаларға арналған мекемесінде кәмелетке толмаған қызға қол жұмсады» деген айыппен Софронийге 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (86 мың теңге, шамамен 570 доллар) айыппұл салған. Софронийдің
Азаттық тілшісіне «мені қуғындауды тоқтатпайды, олардың көздегені – менен құтылып, паналау мекемесін тартып алу» дейді.
Азаттық тілшісіне мекеменің басқа қызметкерлерінің хабарлауынша, қарашаның 19-ы күні паналау орнына бір топ полицей келіп, Софронийдің қолын қайырып, әкімшілік сотқа күшпен әкетпек болған. Мұны Софронийдің өзі де растайды. Мекеме заңгерінің айтуынша, Совронийдің адвокаты Владислав Мадзигон келген соң күш көрсету әрекеті тоқтап, екеуі сотқа бірге кеткен.
Юрий Юриннің айтуынша, учаскелік инспектордың қолында Софронийді сотқа еркінен тыс күшпен әкелу туралы заңды сот қаулысы болған. Бірақ, «олар бұл қаулыны заңсыз жолмен алған» дейді мекеме заңгері.
Мекемеде тәрбиеленіп жатқан 132 баланың көбі – тірі жетімдер. Мекеме заңгерінің айтуынша, мұнда 14 тұлдыр жетім бала, 4 тастанды бала бар. Өзге балалардың әке-шешесінің біреуі немесе екеуі де тірі. Тастанды балалардың бәріне «Сергей» деген есім берілген. Ғибадатхана Сергий Радонежский атымен аталады.
– Тастанды балалардың бірін аяқ киім қорапшасына салып, ғибадатхананың табалдырығына қойып кетіпті. Медициналық комиссия оны төрт айлық нәресте деп анықтады. Қазір ол үшінші сыныпта оқиды, – дейді Юрий Юрин.
Ресей азаматы Софроний Қазақстанда 1991 жылдың соңынан бері тұрады. Сергий Радонежский ғибадатханасының басқаратын ол балалар мен қарттардың паналау орнын ашып, қазір мұнда 120 қария мен мүгедек жан тұрады. «Софроний әкейдің паналау орны» аталып кеткен мекеме – инфрақұрылымы бар жеке қалашық. Ол Алматы маңында орналасқан.