Шымкенттегі еңбек жәрмеңкесі

Еңбек жәрмеңкесінде жұмысқа жолдама алу үшін кезекте тұрған адамдар. 

Еңбек жәрмеңкесінде құжат толтырып отырған ер адам.

Еңбек жәрмеңкесінде отырған жастар.

Еңбек жәрмеңкесіне жұмыс іздеп келгендердің арасында мүмкіндігі шектеулі адамдар, балалы әйелдер және сот үкімімен түзеу орындарында жазасын өтеп шыққандар да болды. 

Еңбек жәрмеңкесіне жұмыс іздеп келген екі қыз аналарымен бірге жұмыс жайлы ақпаратпен танысып жатыр.

Еңбек жәрмеңкесіне жұмыс іздеп келген мүмкіндігі шектеулі 26 жастағы Оксананың бүгін жолы болып, ол қаладағы мектептердің біріне вахтер болып орналасты. Шымкент, 18 сәуір 2015 жыл.

Еңбек жәрмеңкесіне жұмыс іздеп келгендер жұмыс берушілердің өкілдерімен сұхбаттасып жатыр. 

Жергілікті билік өкілдерінің дерегі бойынша, Шымкентте тұрғындардың 6,1 пайызы жұмыссыз.