Жаңаталап елді мекеніндегі жеке тұрғын үйлердің көбі шағын күрке тамдар.
"Жаңаталап ауылындағы негізгі проблема электр қуатының үздіксіз берілуі" деген Назымбек Бекжанов "Электр желісінің бағаналары ескі. Газ, ауызсу деген мәселені айтудан қалдық. Жолымыздың жайы мынау. Асфальт төселмеген. Суды құдықтан ішіп отырмыз" деген шағым айтты.
Жаңаталап елді мекенінде орталықтандырылған ауызсу құбыры жоқ. Тұрғындар құдықтан су тартып ішеді.
Ауласында кір жуып отырған әйел. Шымкент, Жаңаталап, 8 наурыз 2017 жыл.
Жаңаталап елді мекенінің орталық көшесімен жүріп бара жатқан қоғамдық көлік.
Жаңаталап тұрғын аумағына газ тартылмаған. Ондағы ауыл тұрғындары газ балонын салып алады. Балон сатып алуға шамасы келмегендер отын кесіп, дайындайды. Шымкент, 8 наурыз 2017 жыл.
Жаңаталап ауылының тұрғыны Күлайша Батырқұлова жарықтың жел соққан, жаңбыр жауған күндері өшіп қалатынын айтады. "Əкімдікке барсақ, жөндейміз деп уəде етеді. Бірақ орындамайды. Трансформаторымыз күйіп кете береді" дейді ол.
Жаңаталаптағы №95 жалпы орта мектеп. Шымкент, 8 наурыз 2017 жыл.
Жаңаталап елді мекеніндегі ескі трансформаторлар.
Электр желісінің тозығы жеткен бағаналары.
Электр желісінің темірден жасалған бағанасы.
Жаңаталаптағы асфальтталмаған көшелердің бірі. Шымкент, 8 наурыз 2017 жыл.