Қазақстанда «күдікті терроршыларды» тірідей қолға түсірмей жою соңғы уақытта тұрақты үрдіске айналғандай. Сарапшылар бұл тенденцияны әр түрлі бағалайды
Ең соңғы оқиға - тамыздың 17-сінде Алматы маңында өткізілген антитеррорлық операция. Алматы облысы Қарасай ауданының Үлкен Алматы ауылдық округіне қарасты «Таң» саяжай алабында арнайы қызметтің операциясы нәтижесінде «терроршы деген күдікті тоғыз адамның көзі жойылғаны» хабарланды.
«БІРДЕН КӨЗІН ЖОЮ» ТЕНДЕНЦИЯСЫ
Осы оқиғаға қатысты Қазақстан бас прокуратурасы «Қарулы топ берілу туралы бірнеше ескертуді орындаудан бас тартып, арнайы жасаққа оқ жаудыра бастады» деп мәлімдеді.
Қазір қазақстандық ақпарат агенттіктерінде жойылған «террористік топтың» арасында кәмелетке толмаған жасөсіпірім баланың болғаны туралы расталмаған ақпараттар тарап жатыр. Әзірге ішкі істер органдары жойылған адамдардың кімдер екені туралы ақпарат бермей отыр.
Жойылған топ 2012 жылы шілденің 11-і күні Алматы облысының «Тау самалы» кентінде орналасқан жеке меншік үйлердің бірінде «қолдан жасалған құрылғымен өздерін жарып жіберген топпен байланысы болған» деген хабар таратылды. Осы оқиғаға қатысты «террор жасауға дайындалу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қауіпсіздік қызметінің биыл және былтыр өткізген арнайы операциялар кезінде де күдіктілердің көзі жойылып отырды. Оларды «террористер мен бандиттер», «берілуден бас тартты», «қарсылық көрсетті» деп жариялап келеді.
«Таң» саяжайында полициямен белгісіз топтың арасында болған атыстың Youtube сайтынан алынған видеосының бірінші бөлімін мына жерден көре аласыз:
http://www.youtube.com/embed/ZDrydsQ07Yg
Шілденің 30-ында Алматы қаласының «Ақкент» шағын ауданында алты адамның көзі жойылды. Көпқабатты үйдегі пәтерге бекініп алғандар полицияның екі сақшысына оқ атып, бірі - сол арада, екіншісі ауруханада көз жұмды.
Төмендегі видеоны атыс кезінде жергілікті тұрғындардың бірі түсірген.
2011 жылы желтоқсанның 29-ында Қызылордада Ағжан Хасеннің террористік тобының жетекшілерінің бірі Ерік Аязбаев та, ресми ақпарат бойынша, қарсылық көрсетіп оққа ұшқан.
2011 жылдың 3-желтоқсанында Алматы маңындағы Боралдай кентіндегі жеке меншік үйді қоршау кезінде де бес адам қаза тапты.
Былтыр жазда Ақтөбе облысында кең ауқымды арнайы операция жүргізу нәтижесінде терроризмге қатысы бар деген 13 адамның көзі жойылды.
БАҚЫЛАУШЫЛАР ПІКІРІ
Қауіпсіздік мәселелері жөніндегі сарапшылар «қарулы топтарды жою» оқиғалары мен олардың мүшелерін қаза тапқан соң «бандиттер мен терроршылар» деп жариялау үрдісіне әр түрлі баға берді.
Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері Санат Көшкімбаев терроризмнің алдын алу шараларының кемшіліктеріне назар аударды:
— Көретініміз - тек осы төтенше шаралар. Ал басқа тиімді жұмыс қайда? Мысалы профилактикалық шаралар бірен-саран ғана. Ондай шаралар бар ма өзі? Баспасөзде де жазылмайды. Әйтеуір еститініміз – «жарып жіберді, көзін жойды» деген сөздер ғана.
Саяси шешімдер институтының сараптама және консалтинг жөніндегі директоры Рүстем Бурнашев мұндай оқиғалардың екі қырын ажыратып тану қажеттігін айтты.
— Тергеу ісін жүргізу тұрғысынан алғанда, күдіктіні тірідей қолға түсірген - тиімді. Өйткені террорлық ұйымның желісін анықтап, жұмыс істеу қажет. Алайда арнайы қызметтегілерге өз адамдарының аз шығынымен бандиттерді жойып жіберген оңай болып тұр, - деді ол.
«Комсомольская правда-Казахстан» газетінің бас редакторы, Alatau интеллектуалды клубының сарапшысы Асылбек Бисенбаев басқашалау пікір білдірді:
— Осы арада әскери жарғы есіме түсіп отыр. Мен Совет армиясы қатарында қызмет еткенмін. Әскери жарғы бойынша әрдайым қолға «тіл» түсіру дұрыс деп есептеледі. Мына сұрақтың арнайы операцияны жүргізген адамдарға емес, бұйрық берген жандарға қойылғаны жөн болар еді. Меніңше егер «күдіктілерді тірідей қолға түсіріңдер!» деген пәрмен болса, олар осы бұйрықты орындар еді. «Көзін жойыңдар!» деген бұйрық түсті - көзін жойды. Терроризмге қарсы құрылымдар бұйрыққа бағынады. Егер олар бұйрықты бұлжытпай орындаса, қандай кінә артамыз? – деді Бисенбаев.
«Таң» саяжайында полициямен белгісіз топтың арасында болған атыстың Youtube сайтынан алынған видеосының екінші бөлімін мына жерден көре аласыз:
http://www.youtube.com/embed/pRz0RO-_1s8
БҰРЫНҒЫ КГБ-ҰҚК БАСШЫЛАРЫНЫҢ ТҮСІНІКТЕМЕСІ
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаев «жедел әрекет тұрғысынан алғанда, «терроршы» деген күдікке ұшырағандарды тірідей қолға түсірген жөн» екенін айтты.
— Алайда менің білуімше, соңғы жағдайда мұндай мүмкіндік болмаған, - деді Нартай Дүтбаев.
Қазақ ССР-і мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (КГБ – ред.) бұрынғы төрағасы Зақаш Камалиденов бұл сұрақтарға жауапты ресми органдар беруі тиіс деп есептейді.
— Біз қайткенмен де бұл істің анық-қанығын жетік білмейміз ғой, - деді бұрынғы чекист.
Қазақ ССР-і КГБ-сінің соңғы төрағасы және Қазақстан ҰҚК-нің бірінші төрағасы Болат Баекенов құқық қорғау қызметкерлерінің қимылын «дұрыс» деп санайды.
— Оларға «қарсылықсыз беріліңдер! деген ескерту жасалады. Жанкештілер оқ жаудырады. Енді оларға не істеуге болады? Біздің адамдарымыздың басын катерге тігу керек пе? Мына сендерді, журналистерді түсінбейсің. Біздің арнайы жасақ сарбаздары қаза тапса, «Әне, қолдарынан түк келмейді. Адамдарды аямай өлімге айдап жатыр» дейсіңдер. Террористердің көзін жойса, «оларды неге өлтіреді? Тұтқынға алу керек еді, оның үстіне бізде өлім жазасы жоқ» деп шығасыңдар. Өз басым әлгі жанкештілер осыған лайық деп есептеймін. Ең бастысы - біздің адамдарымыздың амандығы, - деді Баекенов.
«Терроршыларды неліктен тірідей қолға түсірмейді?» деген сұраққа жауап ретінде Болат Баекенов Ресей президенті Владимир Путиннің ұстанымына сілтеме жасады.
— Путин баяғыда айтты емес пе: «Сортирде ұстасақ, сортирде көзін жоямыз». Шынымен де, айталық, олар ғимараттың ішінде бекініп алды делік, берілгісі келмейді, атыса бастайды - не істеу керек? Жалынуымыз керек пе? Әлде газ қолданамыз ба? Газ қолдану үшін де есік-терезесі жабық ғимарат керек. Оларға «Беріліңдер!» деген ескерту жасалды. Гранатометпен оқ атылды. Осыдан кейін-ақ қолдарын көтеріп шығуы тиіс қой. Ал олар берілгісі келмейді. Жанкештілер ғой. Өздерін өзі жарып жібереді, - деді ол.
Орталық Азия аймағындағы жағдайды меңзеген Болат Баекенов «Қазақстан енді бейбітшілік пен келісім аймағы болып қала алмайтынын, төңірегіміз толы от пен жалын» екені ескертті.
— Бізге ешкім тиіспейді дейсіңдер ме? Оның үстіне террористердің міндеттерінің бірі - бүкіл Орталық Азияны бір халифат жасау. Олардың көксегені - жетекші партияның басында діннің болуы. Сондықтан, ерте ме, кеш пе - мұндай жағдайлар болуы тиіс еді, - дейді бұрынғы сақшы.
Болат Баекенов терроризммен байланысты, діни астары бар қылмыстардың өршіп кетуінің бір себебін КГБ-нің бұрынғы мамандарының қызметіне сұраныстың жоқтығымен, советтік республикаларда олардың қудалануымен, тіпті бұрынғы чекистерді өлтіру оқиғалары болғандығымен байланыстырды.
Қызметін ҰҚК-нің Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша департамент бастығы болып аяқтаған генерал Еркін Мұсабаев терроршылардың көзі жойылған сайын сансыз сұрақтың туындайтынын айтты.

Your browser doesn’t support HTML5