Standard & Poor's рейтинг агенттігі Қазақстан экономикасына қатысты рейтинг болжамын «тұрақтыдан» «жағымсызға» өзгертіп, елдің ішкі жалпы өнімінің өсіміне қатысты болжамын да 4,5 пайызға төмендетті.
Батыстың белгілі рейтинг агенттіктерінің бірі Standard & Poor's Қазақстанға қатысты бұрынғы болжамын «тұрақты» деген сатыдан «жағымсызға» төмендетті. Агенттік сарапшылары бұл болжамын ІЖӨ-нің (ішкі жалпы өнімнің) халықтың жан басына шаққандағы өсімінің баяулауына байланысты түсіндіреді. Ал Қазақстандағы сарапшылар болжамның өзгеруін ЕАЭО аясындағы Ресеймен интеграциямен байланыстырады.
ДЕВАЛЬВАЦИЯ, БІРЫҢҒАЙ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ ЖӘНЕ ҚАШАҒАН
Standard & Poors агенттігінің маусымның ортасында таратқан хабарламасында «Бұл болжам егер ел экономикасында өсім байқалмаса немесе ақша саясатының тиімділігі артып, оған деген сенім нығаймаса, алдағы екі жылда Қазақстан рейтингі төмендеуі мүмкін деген көзқарасымызды білдіреді» деп жазылған.
Агенттік сарапшылары экономикалық өсімнің баяулауына әсер еткен бірнеше себепті атайды. Біріншіден, ақпандағы теңгенің күрт құлдырауы нарықта дұрыс түсіндірілмеген. Екіншіден, жеке меншік зейнетақы қорларын таратып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру жергілікті қор нарығына жайсыз тиген. Рейтингтің төмендеуіне Қашаған кенішінде мұнай өндірудің тоқтатылуы және «оның қашан іске қосылатыны белгісіз болуы» да әсерін тигізген.
Standard & Poor's агенттігі елдің 2014 жылғы ІЖӨ өсіміне қатысты болжамын 4,5
пайызға дейін төмендетті. Биыл мамыр айында агенттік «ІЖӨ 5 пайыз шамасында өседі» деген болжам жасаған еді.
Бір қызығы, бірер күн бұрын Қазақстанның ІЖӨ өсіміне қатысты болжамын дүниежүзілік банк те қайта қарап, қаңтарда болжаған 5,8 пайыздан 5,1 пайызға дейін түсірген.
Ал Қазақстан үкіметі 2014 жылы «экономиканың өсімін алты пайызға жеткіземіз» деп мәлімдеген.
ИНТЕГРАЦИЯНЫҢ ӘСЕРІ
Standard & Poor's агенттігінің пікірінше, ақпандағы девальвация мен теңгенің күрт құлдырауынан туындағын жайсыз жағдайларға байланысты (сарапшылар мұны дипломатиялық тілмен «айырбас бағамын айқын коммуникациясыз қатаң басқару» деп атайды) елдің қаржы билігіне деген сенім азайған.
Халықтың екінші деңгейлі банктердегі валюталық салымдарының үлесі жыл басында жалпы депозиттердің 44 пайызы болатын, ал мамырда шетел валютасындағы салымдар 53,8 пайызға жетті. Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов қызметіне келген кезде «экономикадан долларды ығыстыру саясатын жүргіземіз» деп мәлімдеп, азаматтарды ақшаны теңгемен сақтауға шақырғанына және девальвациядан кейін теңге депозиттерінің сыйақы мөлшерлемесі өсіп, шетел валютасындағы депозиттердің сыйақы мөлшерлемесі төмендегеніне қарамастан, жұрт ақшасын шетел валютасында сақтағанды жөн санайды.
Қазақстандағы Visor Capital банкі директорлар кеңесінің төрағасы Айдан Кәрібжанов болжамның өзгеруінен әзірше «қорқынышты ештеңе» байқамайды. Ол «Әрине, Қазақстан банктері мен ұлттық компаниялары үшін шетелден алатын қарыздың құны сәл қымбаттайды. Бірақ Мексика, Тайланд, Перумен деңгейлес Қазақстанның рейтингі ТМД елдері (Ресейден екі сатыға) және Италия, Испания, Грециядан әлі де жоғары» деп ескертеді.
Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында Айдан Кәрібжанов болжамның қайта қаралу себебін «Ресеймен арамыздағы алшақтық - екі саты. Экономикасы қатты ұқсайтын елдер үшін бұл тым үлкен алшақтық болып саналады. Ресей рейтингін өзіндік себептерімен төмендеткен агенттік енді бізді сәйкестендіріп жатыр» деп түсіндіреді.
Ресеймен интеграция аясында Қазақстанның экономикалық даму қарқыны төмендеуі мүмкін екенін бұдан бұрын ресейлік тәуелсіз сарапшылар да болжаған. Еуразия экономикалық одағына қол қойылған күні Ғылыми саяси ой және идеология орталығы (Сулакшин орталығы) сарапшысы Людмила Кравченко Азаттықтың орыс редакциясына берген сұхбатында Қазақстанның экономикасына қосымша «зақымдар» келетінін және олар «жуырда сезілуі мүмкін екенін» айтқан.
- Экономикасының өсімі алты пайыздан шамамен төрт пайызға дейін төмендеуі мүмкін Қазақстанға мұның (ЕАЭО-ны айтады - ред.) қаншалықты әсері ететінін Ресей экономикасының 2014 жылғы нәтижесі көрсетеді, - деген Людмила Кравченко.
Бірақ қазақстандық сарапшылардың пайымдауынша, Қазақстан рейтингіне қатысты болжамның қайта қаралуына әуелі ішкі факторлар себеп болған.
Facebook желісінде Айдан Кәрібжанов «Бұл жақсы тенденция емес. Мұнай бағасы түскен жоқ. Әлемдік дағдарыс артта қалды. Олай болса, ел аман, жұрт тынышта әрі елдің бәрі қызығатындай тамаша дамып келе жатқан біз неліктен төмен түсіп барамыз? Өйткені экономикада дені дұрыс реформа жоқ, бизнес жүргізу ортасы өзгермейді, мемлекет үстемдігі бұрынғы деңгейде. Сот билігі қағаз жүзінде ғана тәуелсіз, ал жекешелендіру 2020 жылға жоспарланған. Бар болғаны қызу жұмыс істеп жатқандай кейіп танытамыз. Ал мұны байқап, көріп отырған рейтинг жасайтындар мен инвесторларды жалаң жарнамамен алдай алмайсың» деп жазады.
Еуразия экономикалық одағын құру туралы келісімге Қазақстан, Ресей және Беларусь президенттері мамыр айының аяғында Астанада қол қойған. Үш ел қазіргі бірыңғай кеден кеңістігін келесі жылдың басында бірыңғай экономикалық кеңістікке айналдыруды жоспарлайды.
ДЕВАЛЬВАЦИЯ, БІРЫҢҒАЙ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ ЖӘНЕ ҚАШАҒАН
Standard & Poors агенттігінің маусымның ортасында таратқан хабарламасында «Бұл болжам егер ел экономикасында өсім байқалмаса немесе ақша саясатының тиімділігі артып, оған деген сенім нығаймаса, алдағы екі жылда Қазақстан рейтингі төмендеуі мүмкін деген көзқарасымызды білдіреді» деп жазылған.
Агенттік сарапшылары экономикалық өсімнің баяулауына әсер еткен бірнеше себепті атайды. Біріншіден, ақпандағы теңгенің күрт құлдырауы нарықта дұрыс түсіндірілмеген. Екіншіден, жеке меншік зейнетақы қорларын таратып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру жергілікті қор нарығына жайсыз тиген. Рейтингтің төмендеуіне Қашаған кенішінде мұнай өндірудің тоқтатылуы және «оның қашан іске қосылатыны белгісіз болуы» да әсерін тигізген.
Оқыңыз: Қашаған мұнайын өндіру қашан басталатыны белгісіз
Standard & Poor's агенттігі елдің 2014 жылғы ІЖӨ өсіміне қатысты болжамын 4,5
Бір қызығы, бірер күн бұрын Қазақстанның ІЖӨ өсіміне қатысты болжамын дүниежүзілік банк те қайта қарап, қаңтарда болжаған 5,8 пайыздан 5,1 пайызға дейін түсірген.
Ал Қазақстан үкіметі 2014 жылы «экономиканың өсімін алты пайызға жеткіземіз» деп мәлімдеген.
ИНТЕГРАЦИЯНЫҢ ӘСЕРІ
Standard & Poor's агенттігінің пікірінше, ақпандағы девальвация мен теңгенің күрт құлдырауынан туындағын жайсыз жағдайларға байланысты (сарапшылар мұны дипломатиялық тілмен «айырбас бағамын айқын коммуникациясыз қатаң басқару» деп атайды) елдің қаржы билігіне деген сенім азайған.
Халықтың екінші деңгейлі банктердегі валюталық салымдарының үлесі жыл басында жалпы депозиттердің 44 пайызы болатын, ал мамырда шетел валютасындағы салымдар 53,8 пайызға жетті. Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов қызметіне келген кезде «экономикадан долларды ығыстыру саясатын жүргіземіз» деп мәлімдеп, азаматтарды ақшаны теңгемен сақтауға шақырғанына және девальвациядан кейін теңге депозиттерінің сыйақы мөлшерлемесі өсіп, шетел валютасындағы депозиттердің сыйақы мөлшерлемесі төмендегеніне қарамастан, жұрт ақшасын шетел валютасында сақтағанды жөн санайды.
Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында Айдан Кәрібжанов болжамның қайта қаралу себебін «Ресеймен арамыздағы алшақтық - екі саты. Экономикасы қатты ұқсайтын елдер үшін бұл тым үлкен алшақтық болып саналады. Ресей рейтингін өзіндік себептерімен төмендеткен агенттік енді бізді сәйкестендіріп жатыр» деп түсіндіреді.
Оқыңыз: ЕАЭО: экономикасы осал елдер одағы
Ресеймен интеграция аясында Қазақстанның экономикалық даму қарқыны төмендеуі мүмкін екенін бұдан бұрын ресейлік тәуелсіз сарапшылар да болжаған. Еуразия экономикалық одағына қол қойылған күні Ғылыми саяси ой және идеология орталығы (Сулакшин орталығы) сарапшысы Людмила Кравченко Азаттықтың орыс редакциясына берген сұхбатында Қазақстанның экономикасына қосымша «зақымдар» келетінін және олар «жуырда сезілуі мүмкін екенін» айтқан.
Экономикасының өсімі алты пайыздан шамамен төрт пайызға дейін төмендеуі мүмкін Қазақстанға мұның қаншалықты әсері ететінін Ресей экономикасының 2014 жылғы нәтижесі көрсетеді.