Футболдан Украина мен Польшада өтіп жатқан Еуропа чемпионатын трансляциялау құқығын «Қазақстан» және «Еуразия» телеарналары иеленген еді. Президент жарлығы бойынша 2011 жылдың қыркүйегінен бастап таза қазақ тіліне көшкен «Қазақстан» арнасының басшылығы қазір бұл жарысты екі тілде көрсетуге мәжбүр екенін айтады.
Бұл жайт әлеуметтік желілер мен түрлі интернет сайттарында қызу талқыланып жатыр. Кейбір жанкүйерлер «Қазақстан» телеарнасының бұл қадамын түсінбей отырмыз» деп жазады.
ҚАЗАҚ ЖАНКҮЙЕРЛЕРІНІҢ НАРАЗЫЛЫҒЫ
«Қазақстан» ұлттық телеарнасында осыған дейінгі спорттық жарыстардың барлығы тек қазақ тілінде өтті. Екі қазақ комментатор жұмыс жасады. Алайда Еуропа чемпионатын қазір қос тілде тамашалап отырмыз. Неге бұлай болғандығын «Қазақстан» басшылығынан ешкім түсіндірген жоқ. Әрине, түсіндіруге де құқығы жоқ шығар. Бірақ президент жарлығын аяққа таптап отыр, - деді футбол жанкүйері Мақсат Айдаболов.
Ал тағы бір футбол фанаты Бабыр Байменов «100 пайыз қазақшаға көшкен «Қазақстан» арнасының бұл қылығын түсіне алмай отырғанын» айтады.
- Арнаның Еуропа чемпионатын екі тілде көрсетіп отырғанынан президент хабардар болмауы мүмкін емес. Биліктің бұл жайтқа көз жұмып қарап отырғанына таң қалдым, - деді фанат.
КЕЛІСІМ-ШАРТ ПЕН МИНИСТРЛІКТІҢ РҰҚСАТЫ
«Қазақстан» ұлттық телеарнасының басшылығы бұл жайтқа байланысты «Азаттықтың» тілшісіне сұхбат берді.
Телеарна директорының орынбасары Мәди Манатбек «Көрсетілім УЕФА-мен жасасқан келісім-шарттың негізінде екі тілде жүргізіліп жатыр» деді.
- Біз УЕФА-дан Еуропа чемпионатын көрсету құқығын алғанда көрсетілім тілі – қазақ және орыс деп белгілегенбіз. Ал екіжақты келісім президент жарлығына дейін жасалып қойған. Яғни, қазір бұл келісімді біз бұза алмай отырмыз. Егер бұзған жағдайда өте үлкен көлемде айыппұл төлеуге тура келеді, - деді Мәди Манатбек.
Бұған қоса, телеарна басшысының орынбасары бізге «Үкімет арнайы рұқсат берді» деген уәж айтады.
- Біз министрліктен арнайы рұқсат алдық. Олар Еуропа чемпионатының екі тілде жүріп жатқанынан хабардар. Бұл қадамға еріксіз барып отырмыз. Келісімнің аты келісім. Бұзған жағдайда жазалануымыз мүмкін.
Телеарна басшылығының мәлімдеуінше, қазір «Қазақстан» телеарнасында әр трансляцияның 70% қазақша, 30 % орысша жүріп жатыр.