Азаттықтың осы аптада жарияланған «Студенттер «массовка болудан шаршағандарын» айтады» мақаласында Алматы мен Астана қалаларында орналасқан бірнеше ЖОО студенттері билік органдарының оларды түрлі мерекелік, спорттық, саяси шараларға мәжбүрлі түрде «массовка» ретінде (қошеметші бұқара - ред.) қатыстыратынын айтып шағымданған еді.
Азаттық мақаласында жарияланған, қазанның 4-і күні өткен «Алматы-2015» велотурына көрермен ретінде қатыспағаны үшін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерін жатақханадан шығару туралы «өкім» әлеуметтік желілерде қызу талқыланды.
Биліктің, жоғары оқу орындары әкімшіліктерінің студенттерді әкімдіктер ұйымдастыратын қоғамдық шаралардағы жұмыстарға мәжбүрлеп жұмсауға құқығы бар ма? Ондай жұмыстарға студенттерді еркінен тыс салу олардың оқу үлгеріміне әсер етпей ме? Мұндай жағдайда студенттер құқықтарын қалай қорғай алады?
Осы сауалдарға AzattyqLIVE хабарының қонақтары - «Болашақ» жастар қозғалысы жетекшісі Дәурен Бабамұрат пен университетті жақында бітірген Есдәулет Қожекенов жауап берді.
Хабарды журналист Қасым Аманжолұлы жүргізді.
Your browser doesn’t support HTML5
Your browser doesn’t support HTML5