Бастауыш және жоғары сыныптар үшін қазақ тілі пәнінің сағаттары қысқарып, жаңа пәндер енгізілмек. Мұның себебі туралы Азаттық Ұлттық білім академиясы өкілінен комментарий алды.
Биылғы қыркүйек айында Қазақстандағы орыс тілінде білім беретін орта мектептердің кейбір сынып оқушыларына қазақ тілін оқыту сағаты екі сағатқа қысқарғаны белгілі болды. Ресми мәліметке сәйкес білім министрлігі сағаттарды қысқарта отырып оқып-үйрету кезінде коммуникативтік бағытты күшейтіп, абстрактілік тілдік материалдың көлемін азайтқысы келеді.
Азаттық бұл өзгерістің себебі мен ықтимал салдары туралы оқу бағдарламасын дайындауға қатысатын Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Әділхан Дүйсебектен шағын сұхбат алды.
Азаттық: - Қыркүйектің 11-і күні бір топ мәжіліс депутаты білім және ғылым министрлігінің бастамасын сынап, премьер-министр Серік Ахметовке «бастауыш және жоғары сыныптардағы қазақ тілі пәнінің сағаттары қысқаруына» байланысты наразылықтарын білдіріп, депутаттық сауал жолдады. Қазақ тілі пәнін қысқартуға не себеп болды?
Әділхан Дүйсебек: Қазақ тілі екі сағатқа қысқарды. Бірінші себеп - орысша және басқа тілде оқытатын мектептердегі ана тілінен гөрі мемлекеттік тілдің сағаты көбейіп, баланс бұзылған жайы бар. Екінші себебі - 2007 жылғы бұйрыққа байланысты сағаттар саны көбейтілгендіктен оқушы компонентінде (факультативтік сабақтарға - ред.) сағат саны қалмай қалды. Бұл жағдай мектептердің ренішін туғызды. Оқушылардың оқу жүктемесін азайтып, оқыту әдістемесін жетілдіру арқылы мемлекеттік тілді оқыту сапасын арттыру үшін еуропалық үлгіге сәйкес тілдерді сатылай оқыту әдістемесі енгізіліп жатыр.
Бұл жаңа әдістеменің берер нәтижесі көп, яғни сағат санынан гөрі әдістемелік оқытуды дамыту керек. Оның үстіне қазақ тілі пән болғандықтан грамматика, теорияны оқытатындықтан көп нәтиже бола бермейді. Сондықтан коммуникативтік-функционалдық бағытта, яғни тілді күнделікті өмірде пайдаланатындай әдістемені өзгертіп, «Қазақстан тарихы», «Қазақстан географиясы» пәндерін және биылдан бастап енгізілген «Абайтану» мен «Алаштану» курстарын орыс мектептерінде қазақ тілінде енгізсе, оқушыда тіл үйренуге деген талпыныс болады. Осы жолмен жүргенде оқушы ынтасы артады деп ойлаймын.
Азаттық: - Парламентте орыс мектебін бітіргендер үшін ҰБТ тапсырғанда қазақ тілінен жинаған балдың есептелмейтіндігі туралы да сөз қозғалды. Осының кесірінен орыс мектептеріндегі оқушылардың аз бөлігі ғана қазақша үйреніп шығады деп санайтындар бар. Болашақта бұл мәселеге қатысты өзгеріс бола ма?
Әділхан Дүйсебек: - Өз басым ата-ана, педагог есебінде баллды есепке алу туралы талапты қолдаймын. Ұсыныстар депутаттардан да түсіп жатыр екен. Шын мәнінде бұл ұсыныс бір шешім тапса, қазақ тілінің дамуына септігін тигізер еді.
Азаттық: - Былтыр бұрынғы білім және ғылым министрлігі Бақытжан Жұмағұлов «президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен 2020 жылы әрбір мектеп бітіруші қазақ тілінде сөйлеуі қажет. Барлық мектептерде қазақ тілі сабағын арттырып 20 сағат қостық» деген еді. Бұл бастама әлі өз күшінде ме?
Әділхан Дүйсебек: - Бастама өз күшінде. Мемлекеттік тілді дамыту білім және ғылым министрлігінің әруақытта назарында. Министрлік жанында ауыл мектептеріндегі, яғни қазақ мектептерінің білім сапасын күшейту мақсатында арнайы құрылған топ жұмыс істей бастады. Ал жаңағы қазақ тілінің сағатын азайту деген мәселе әлі де талқыланып жатыр. Депутаттар, ата-аналар тарапынан түсіп жатқан ұсыныстарды білім және ғылым министрлігі сараптамадан өткізіп, оң шешім қабылдайды деген сенімдемін. Бұл жайтқа қатысты Білім академиясы да ұсыныс айтады, бірақ шешімді қабылдайтын – министрлік.
Азаттық: - Пікіріңізге рақмет.

Абайтану» мен «Алаштану» курстарын орыс мектептерінде қазақ тілінде енгізсе, оқушыда тіл үйренуге деген талпыныс болады.