Күдікті ретінде абақтыға қамалған теміртаулық заңгер Майя Блащенкоға «алаяқтық жасады» деген айып тағылды. Адвокат «азаматтық белсенділігім үшін қудалап жатыр» дейді.
Теміртау қаласындағы «Синергия» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының басшысы Майя Блащенкоға «жылжымайтын мүлікті алаяқтықпен иеленбек болды және полицейдің денсаулығына жеңіл зиян келтірді» деген айып тағылды.
Адвокат Майя Блащенко қалалық әкімдікте жұмыс істеген. Блащенконың адвокаты бұл істі «оның прокуратура мен «Нұр Отан» партиясы филиалына клиенттер құқығының бұзылғаны туралы шағымдануымен» байланыстырады.
Бұл шағымдар тексерілгеннен кейін Майя Блащенконың пәтері мен кеңсесін тінтуге санкция берілді. Ал одан ертерек, қыркүйекте, ол қылмыстық айыптау бойынша күдікті ретінде тергелген.
325-БАП
Қыркүйектің 17-сі күні Блащенко қылмыстық кодекстің «Жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлердi, мөрқағаздарды, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе сату» (325-бап) айыбы бойынша күдікті деп танылды.
Қазан айының басында Блащенко әуелі үш тәулікке, кейін 10 тәулікке қамалды. Айыпты деп танылса, бірнеше жылға сотталуы мүмкін.
Бірақ Майя Блащенконың адвокаты «бір клиенттің ісін сылтау еткен билік оны азаматтық белсенділігі үшін қуғындап отыр» дейді.
Бұл іс пәтерге таластан басталған. 2012 жылы қазан айында Майя Блащенконың клиенті Теміртау қаласындағы бір пәтерге сот арқылы таласқан. Клиент пәтердің бұрынғы қожайынымен сату-сатып алу туралы шартты қолхат негізінде жасасқан. Енді ол клиентке «біреудің пәтерін иемденіп кетуге тырысты», ал Майя Блащенкоға «оған көмектесті» деген айып тағылып отыр.
- Құжаттарды қолдан жасады деген айыппен қылмыстық іс қозғалды, ал заң бойынша ресми құжатты ғана қолдан жасауға болады. Бұл жерде қолхатты қолдан жасадың деп отыр, - дейді Блащенконың адвокаты Елизавета Ахметова.
Адвокат Ахметованың айтуынша, айыптау қаулысында «Блащенко қалалық әкімдіктің тұрғын үй бағдарламаларын бақылау бөлімін басқарған 2009 жылы әлгі пәтерді иемденіп кеткісі келген» деп көрсетілген.
ТІНТУ МЕН «ТІСТЕУ»
Қазанның 4-і күні Теміртау сотынан шығып, көлікке мініп жатқан Майя Блащенконы полицейлер көшеде тінткен. Блащенконың рульде отырған үлкен ұлы мен көліктің артқы орындығында отырған кәмелетке толмаған екі баласы бүкіл жағдайдың куәсі болған. Елизавета Ахметованың айтуынша, жай киім киген полицейлер Майя Блащенконы көліктен сүйреп түсірген, адвокатқа телефон соғуға тыйым салған.
- Полицейлердің бірі қолындағы сөмкесін тарта бастағанда, басқалары «аяқ-қолынан ұстап, көлігінен жұлып алыңдар, аямаңдар» деп нұсқау беріп тұрған. Мұның бәрі Майя Блащенконың үлкен баласы түсіріп алған видеода бар, - дейді Елизавета Ахметова.
Адвокаттың айтуынша, полицейлер «Блащенко біреуімізді тістеп алды» деп шағымданған. Бұл айыпты теріске шығарған адвокат «Полицей Блащенконың денесіне жармасып, бетінен ұстаған. Сол кезде тісі тиіп кеткен шығар» дейді.
- Құқық қорғау органдарына адамдарды көшеде ұстап, тінтуге құқық берілген. Майя Блащенконың пікірінше, оны ұстауға сылтау іздеген полицейлер арандату әрекетін әдейі жоспарлаған. Енді «билік өкілдеріне қарсылық танытты» деп отыр, - дейді Елизавета Ахметова.
Сол күні Майя Блащенконың кеңсесі мен пәтері тінтілген. Пәтерді тінту қазанның 5-іне қараған түні аяқталып, полицейлер азаматтық белсендіні алып кеткен. Қазанның 7-сі күні 10 тәулікке қамау туралы санкция шығып, қазанның 12-сі күні қылмыстық айып тағылған, қамау мерзімі екі айға ұзарған дейді адвокат Елизавета Ахметова.
ПОЛИЦИЯ УӘЖІ
Қарағанды облысы ішкі істер департаменті (ІІД) адвокат Блащенко қамауға алынғаннан кейін «Адвокат болып істейтін 40 жастағы әйел жеке басын тінту кезінде қатты қарсылық көрсетіп, ІІБ тергеушісін тістеп, тепкен. Полицейлер оны пәтерді иеленіп алуға тырысу ісі бойынша айғақ құжаттар мен заттарды іздеу мақсатында тінтіп, ұстады» деген хабар таратты.
Азаттық тілшісі полициядан адвокат Майя Блащенконың ісі бойынша қандай да бір түсініктеме ала алмады. Бұл іске қатысты Теміртау полициясының тергеушісі «сұрақтарға жауап беретін уақыт жоқ» деді.
Блащенконың ісі бойынша Теміртау қаласы ІІБ баспасөз қызметі де ештеңе айта алмады.
Республикалық адвокаттар алқасы Теміртау қаласындағы жергілікті билік әрекеттеріне наразылық білдіріп, ол әрекеттерді «адвокаттық құпияны бұзу, азаматтық істер бойынша заңды түрде жұмыс істейтін адвокат Майя Блащенконың жеке басына, баспанасына, кеңсесіне және көлігіне қол сұғу» ретінде бағалады.
Адвокат Майя Блащенко қалалық әкімдікте жұмыс істеген. Блащенконың адвокаты бұл істі «оның прокуратура мен «Нұр Отан» партиясы филиалына клиенттер құқығының бұзылғаны туралы шағымдануымен» байланыстырады.
Бұл шағымдар тексерілгеннен кейін Майя Блащенконың пәтері мен кеңсесін тінтуге санкция берілді. Ал одан ертерек, қыркүйекте, ол қылмыстық айыптау бойынша күдікті ретінде тергелген.
325-БАП
Қыркүйектің 17-сі күні Блащенко қылмыстық кодекстің «Жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлердi, мөрқағаздарды, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе сату» (325-бап) айыбы бойынша күдікті деп танылды.
Қазан айының басында Блащенко әуелі үш тәулікке, кейін 10 тәулікке қамалды. Айыпты деп танылса, бірнеше жылға сотталуы мүмкін.
Бірақ Майя Блащенконың адвокаты «бір клиенттің ісін сылтау еткен билік оны азаматтық белсенділігі үшін қуғындап отыр» дейді.
Бұл іс пәтерге таластан басталған. 2012 жылы қазан айында Майя Блащенконың клиенті Теміртау қаласындағы бір пәтерге сот арқылы таласқан. Клиент пәтердің бұрынғы қожайынымен сату-сатып алу туралы шартты қолхат негізінде жасасқан. Енді ол клиентке «біреудің пәтерін иемденіп кетуге тырысты», ал Майя Блащенкоға «оған көмектесті» деген айып тағылып отыр.
Адвокат Ахметованың айтуынша, айыптау қаулысында «Блащенко қалалық әкімдіктің тұрғын үй бағдарламаларын бақылау бөлімін басқарған 2009 жылы әлгі пәтерді иемденіп кеткісі келген» деп көрсетілген.
ТІНТУ МЕН «ТІСТЕУ»
Қазанның 4-і күні Теміртау сотынан шығып, көлікке мініп жатқан Майя Блащенконы полицейлер көшеде тінткен. Блащенконың рульде отырған үлкен ұлы мен көліктің артқы орындығында отырған кәмелетке толмаған екі баласы бүкіл жағдайдың куәсі болған. Елизавета Ахметованың айтуынша, жай киім киген полицейлер Майя Блащенконы көліктен сүйреп түсірген, адвокатқа телефон соғуға тыйым салған.
- Полицейлердің бірі қолындағы сөмкесін тарта бастағанда, басқалары «аяқ-қолынан ұстап, көлігінен жұлып алыңдар, аямаңдар» деп нұсқау беріп тұрған. Мұның бәрі Майя Блащенконың үлкен баласы түсіріп алған видеода бар, - дейді Елизавета Ахметова.
Полицейлердің бірі қолындағы сөмкесін тарта бастағанда, басқалары «аяқ-қолынан ұстап, көлігінен жұлып алыңдар, аямаңдар» деп нұсқау беріп тұрған.