Азаматтардың депозит салымындағы теңгесінің құны девальвациядан соң 19 пайызға кеміді. Астаналық тұрғын «үш бөлмелі пәтер сатып алуға енді шамасы келмейтінін» айтады.
Үш баласы бар Алмас Тоқабаев пен әйелі Астана қаласында пәтер жалдап тұрады. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы арқылы пәтер сатып алуды ұйғарған ол екі жыл бұрын банктен депозит ашып, ипотекалық несиенің бастапқы жарнасын жинай бастаған. Бірақ биылғы девальвациядан кейін Алмастың депозитте теңгемен жинаған ақшасы құнсызданып қалған. «Астанадан жөні түзу баспана сатып алуға енді шамам келмейтін сияқты» деп қынжылады ол.
– Нарықта пәтер долларға сатылады. «Енді бір жыл жинасам, үш бөлмелі пәтер сатып аламын ғой» деп жүруші едім. Жиған-тергенім енді екі бөлмелі пәтерге ғана жететін сияқты. Немесе тағы үш жыл жинауға тура келеді. Долларға сатылатын үйдің құны сол қалпында тұр, ал теңгемен сатылатын пәтер 20 пайызға қымбаттап кетті, - дейді Астанаға Семей қаласынан көшіп келген Алмас Тоқабаев.
Бір демде болған девальвация оның отбасының жоспарын күрт өзгертіп жіберген. Енді отағасына «ақша жинағанды тоқтатып, пәтерді шетелден сатып алсам ба» деген ой келіпті.
– Біздің елдің қаржы жүйесінен халықтың мүлде көңілі қалған сияқты. Жуырда ғана жаңалықтарда «ұлттық банк ешқандай девальвация болмайды деп уәде берді» деп хабарлап еді. Олар бір түнде менің сенімімнен айырылды, - дейді Алмас Тоқабаев.
Келешекте пәтер, көлік, тұрмыстық техника, басқа да дүние-мүлік сатып алу үшін тапқан табысын теңгемен депозитке салған Алмас Тоқабаев сияқты жандар елде көп. Теңгенің америкалық долларға шаққандағы құны 19 пайызға түскен ақпанның 11-і күні олар жинаған ақшасының бір бөлігінен айырылып қалды.
Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов те осындай жандардың арасында болған сияқты. Ақпанның 11-і күні Алматыда шұғыл баспасөз жиынын өткізген ол журналистердің «девальвация өзіңіздің жеке ақшаңызға қалай әсер етті?» деген сұрағына «бүкіл жан-тәніммен ақшамды теңгеде сақтаймын» және барлық
мемлекеттік органдар «теңге курсының тепе-теңдігін ұстауға тырысады» деп жауап берді.
Қаржылық қадағалау комитеті деректеріне сәйкес, 2013 жылдың аяғында Қазақстан азаматтары 3 триллион 800 миллиард теңге ақшасын банктерде сақтаған. Оның 56 пайызы, яғни 2 триллион 100 миллиарды теңгелік депозиттерінде жатқан. Сарапшы Арман Бейсембаевтың Азаттық тілшісіне айтуынша, теңге девальвациясынан кейін азаматтардың депозитте жатқан ақшасының құны 19 пайызға кеміген.
– Депозиттер бастапқы құнының 19 пайызын жоғалтты. Егер қаржы қадағалау комитеті көрсеткен 2 триллион 100 миллиард теңгеден мына 19 пайызды алып тастасақ, халық 400 миллиард теңгесінен айырылды, - дейді сарапшы Арман Бейсембаев.
Билік девальвацияның себебін әлемдегі валюта нарықтарындағы жағдайдың өзгеруіне байланысты деп түсіндіреді. Сарапшылардың есебінше, «теңгенің құлдырауына Ресей рублінің девальвацияға ұшырауы себеп болған. Қазақстан мен Ресейдің валюта қоры негізінен мұнай мен газ сатудан түсетін ақшаға тәуелді. Әлем нарығында мұнай бағасы тұрақты болғандықтан, теңге мен рубльдің енді құлдырауына себеп болмауы тиіс».